Бөлімдер
Күнтізбе
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Аруларға ода
- Категория: Әдебиет әлемінде
Ашылғанда арай шашып бар ғалам,
Шашылғанда шуақ болып таңдағы ән.
Ғасырларға аңыз болып самғаған,
Әйелдерге көктемде,
Жарасады қандай тілек арнаған?!
Дүние деп аталатын нұр-шеңбер,
Нұр-шеңберде Әйел - Тәңір, білсеңдер!
Әлем мынау әдемі боп кетеді,
Сендер бір сәт әдемілеп күлсеңдер.
Шырайынан айрылады тіршілік,
Мұңаюмен сендер кейде жүрсеңдер.
Байлық, бақыт, махаббат пен қасірет,
Нәзіктік те, қайсарлық та бір сендер!
Бір сендердің табаныңда - бар ғалам,
Бір сендердің жамалыңда арман-ән.
Адам-арың биік болсын, Арулар,
Замананың қанатында самғаған!
Сайлау Байбосын, ақынБиліктің назарына! Мәшһүр Жүсіпті Ленинмен шатастырмайық
- Категория: Әлеумет
Бұдан екі жыл бұрын тұрғындардың өтінішімен Екібастұздың орталық көшесі ұлы ойшыл, фольклортанушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы, араб және парсы тілдерін жетік меңгерген ғұлама ғалым Мәшһүр Жүсіп есімімен аталғанда, бөркімізді аспанға атып қуанған едік.
Бастапқыда Мәшһүр Жүсіп есімін қабылдағысы келмей, үрке қарағандар болды. Уақыт өте келе көшенің жаңа атауы да құлаққа сіңісті естіліп, елдің еті үйренді.
Жақында қаладағы №22 бағытты автобустың алдыңғы жағына барып отырған біз еріксіз кабинаның сыртқы тұсында жазылған сызбанұсқаға көз жібердік. Сызбадағы Ленин көшесі деген жазуға көзіміз түскенде, сенер-сенбесімізді білмей, қайта-қайта оқыдық.
Әттеген-ай! Мемлекеттік тілде бір ауыз сөз айтуға жарамады
- Категория: Тіл тұғыры
«Тәуелсіздіктің 20 жылы!» деп ұрандаймыз-ай келіп! Әй, сонда кейбіреулеріміз ең болмаса қазақша 20 сөз үйреніп, осы датаны асын жеп, суын ішіп жүрген еліміздің тілінде айтсақшы!
20 жыл демекші, биыл Қазақстанның прокуратурасына да 20 жыл толып отыр. 6 желтоқсан күні Екібастұз қалалық прокуратурасында осы айшықты дата аталып өтті.
Сайлау қарсаңындағы сөз. Таңдауға байыппен қарайық
- Категория: Саясат
Өзімнің жеке пікірімді газет оқырмандарымен бөліскім келеді.
Менің ұғымымда мерзімінен бұрын өтетін сайлау деген - депутаттық корпустың жаңаруы. Сол себепті мен де, қаланың басқа тұрғындары да қандай саяси партияға, қай кандидатураға дауыс беру керек деген мәселеге байыппен қарамасақ, болмайды. Біз қай депутатты таңдаймыз? Иә, бұл оңай сұрақ сияқты болғанымен, адам тағдырына қатысты. Менің пайымымша, депутат бірінші кезекте елінің, өз өңірінің және өзіне сенім артып, сайлаған округтің патриоты болуы тиіс.
Жемқорлық - індет, жою – міндет. Арам ақша арандатады
- Категория: Әртүрлі
Сыбайлас жемқорлықпен күрес өрістей түскенімен, аракідік елдің құлағын елең еткізген жағымсыз жайлар естіліп қалып жатады. 14 қараша күні «Нұр Отан» ХДП Екібастұз бөлімшесі жанындағы Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңес пен партиялық бақылау комиссиясының бірлескен отырысы өткізіліп, онда «Мемлекеттік органдар басшыларының бағыныштылары жасаған сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарға жауапкершілігі туралы» мәселе қаралды.

