Бата берер ата жоқ, әжелерде жазық жоқ…

«Отарқа» газетінің 20 қаңтардағы санында Дария Ерғазинаның «Кемпірдің бата беруі келіспейді» атты мақаласы жарық көрді.

Мақала авторының ойынша, кемпірдің берген батасы қабыл болмайтын көрінеді әрі ерсі екен. Меніңше, қате пікір. Мақаладағы «кемпір» деп қораш атау да маған ұнамады.

Толығырақ

Әкім жанымыздан табылды

Биыл қыс қатты болып, малдың да, жанның да мазасын алып тұр. Байет ауылына да бұрын-соңды болмаған қалың қар түсті. Үйлерді қар басып, малымыз да далаға шыға алмай қалды. Кейде қарды күреуге шамамыз келмей қалатын кездер болды.

Толығырақ

Ауыл кеші көңілді

Биылғы қыстың қытымырлығына қарамастан, Шиқылдақ ауылының клубында демалыс кештері жиі ұйымдастырылды. Көпшілік көңілінен шыққан бұл кештерге ауылымыздан демеушілер де табыла кетті. Мәселен, 26 қаңтарда өткен кеш шығынын ауыл тұрғындары Қанат Смақов пен Қазбек Мұрзабаев көтерді. Күндізгі шаруаларынан кейін ауыл жұрты викториналық ойындарға қатысып, ойын ойнап, би билеп, серпіліп қалды. Жалпы, Шиқылдақта мұндай көңілді кештер екі…

Толығырақ

Өлеңмен өрілген кеш

Қоянды ауылдық клубында мектеп оқушылары арасында «Өзге емес, өзім айтам өз жайымды» атты іс-шара өтті. Шара мақсаты — балалардың көркем сөз, мәнерлеп оқуға қабілетін арттырып, оқушылардың тіл байлығын арттыру.

Толығырақ

Жаңа техникамен толықты

«Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ паркі жаңа техникамен толықты.

ЕNRС құрамындағы «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ «Шығыс» кенішінің техникалық паркіне соңғы екі айда төрт бірлік техника қосылды.

Толығырақ

Арманы асқақ Еркеғали

«Өнер» мәдениет үйінде — мерекелік концертке жиналған ығы-жығы халық. Сахнаға баян асынып шыққан жасы жиырма шамасындағы балаң жігіт микрофонға сенімсіздеу жақындады. Содан баянның алғашқы түймелерін басқаннан-ақ әлгіндегі сенімсіздік жоғалып, саусақтары бес қатпар түймені бойлай жүгіре жөнелді. Өзі де қолындағы аспабымен біте қайнасып кеткендей. Нағыз виртуоз! Баянын құшақтай күй орындап тұрған жігіт әуен үнінен ләззат ала көзін жұмып алған. Татардың ойнақы көңілді сазын ойнаған ол залды әп-сәтте қуанышқа толтырып жіберді. Бұл — жас баяншы Еркеғалиды алғаш көруім.

Толығырақ

Алаштың ардақтысы

Қазақ халқының біртуар ұлы, ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың еліне сіңірген еңбегі ұшан-теңіз.

Толығырақ