Салық сергелдеңінен саумысыз?!

Бірде телебағдарламалардың біріндегі сұхбатта сенімхат жайы сөз болды. Түсінгенім: көлік сатсаңыз, оны алушыға сенімхат арқылы рәсімдеу өзіңізге пәле болып жабысатынға ұқсайды. Мәселен, алда-жалда сатып жіберген көлігіңіз алған адамның атына біржола рәсімделмей жатып жол апатына немесе басқадай жағдайға ұшыраса, заң алдында оны сенімхатпен алушы емес, сіз жауап беретін көрінесіз.

Толығырақ

Алимент әке бола алмаса да…

«Біздің топырағымызда туған кез келген сәби — қазақстандық. Және мемлекет оны қамқорлығына алуға тиіс.

Мен ажырасуға қарсымын, жастарды отбасы құндылығы, ажырасудың қасірет екендігі рухында тәрбиелеу керек, өйткені оның салдарынан, ең алдымен, балалар зардап шегеді. «Әкесі қой баға білмегеннің баласы қозы баға білмейді». Бала тәрбиесі — тек ананың емес, ата-ананың екеуінің де міндеті. Ал болған іс болған екен, онда әке алимент төлеуге тиіс. Мемлекет жалғызбасты аналарды қолдауы және алимент төлемегені үшін жазаны күшейтуі керек».

Толығырақ

Қартаярын білмеген жандар бар

Сәлімжан

Аялдамада автобус күткен адамдардың ішіндегі алпысты алқымдаған мына бір ер адамды шырамытқандаймын. Иә, иә, бұл біздің ауылда тұрған Сәлім-жан ғой! Сақал-мұрты өсіп, азып-тозып кетіпті, кезінде қандай азамат еді! Қандай деймін-ау, оның ішіне кім кіріп-шығыпты? Әйтеуір ауылда тұрғанда киімі дұрыс, өңі жарқын болатын. Балалары да тәрбиелі, әйелі де көпке сыйлы. Қай түлен түрткенін кім білсін, Сәлімжан мен әйелі балалары аяқтанып, немере сүйген салиқалы шақтарында ажырасты да кетті.

Толығырақ

Салтанат сәні бұзылса…

Заңды некеге тұру — жас жұбайлар өміріндегі аса әдемі кезеңнің бірі. Ақ көйлек киіп, той гүлдестесін ұстап, неке сақинасын тағатын тамаша сәтті әрбір бойжеткен армандайтын болар.

Толығырақ

Еңбек майданы салғырттықты кешірмейді

Соңғы жылдары мемлекет тарапынан жастар тәжірибесіне көп көңіл бөлінуде. Жас буынның тәжірибе жинақтауға мүмкіндік алып, кейіннен еңбекке етене араласып кетуі үшін жайлы жағдайлар туғызылуда. Тәжірибенің тура жолға бастап апаратын баспалдақ екенін жете түсінгендер осыны пайдаланып, білмегенін үйренуге, білгенін көрсетуге тырысып, оңтайлы сәтті дұрыс пайдалана біледі. Сөйтіп, тәжірибе кезінен-ақ ұжымнан ойып тұрып орын табады.

Толығырақ

Энергияны үнемдеу жолында

Ел экономикасын дамытудың басты бағыттарының бірі — энергоресурстар шығынын азайту. Ол көбінесе энергоресурстарды пайдалану салдарының қоршаған ортаға әсерін төмендету қажеттілігімен, пайда болған қалдықтарды өңдеп қолдану, сонымен қатар бүкіл әлемдегі энергия тиімділігі талаптарының күннен-күнге ұлғаюымен байланысты.

Толығырақ

Үздік мұғалім

Қарасу орта мектебінде «Жыл мұғалімі — 2013» сайысы өткізілді. Педагогтар арасынан талантты, алғыр, шығармашыл мұғалімдерді анықтау мақсатымен ұйымдастырылған сайыс екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде мұғалімдер өздерінің шеберліктерін ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларда көрсете білді. Соңғы қорытынды бөлімде мұғалімдердің өзін-өзі таныстыруын, ұстаздық жолын презентация арқылы тамашаладық. «Өнерлі — өрге жүзер» бөлімінде өнерлерімен көрерменді тәнті етті.…

Толығырақ

Екібастұздағы алғашқы Наурыз

Ұлыстың ұлы күні — Наурыз қазақтың ежелгі төл мерекесінің бірі десек те, кеңес заманында игі дәстүрдің жібі үзіліп, халық берекелі мейрамды ұмытуға айналғандай еді. Сексенінші жылдары ақ түйенің қарны жарылып, Наурыз мерекесі халқымызға қайта оралды.

Толығырақ

Сұранысқа ие мамандар даярлауда

Еліміз тәуелсіздік алғалы  Елбасы Н.Ә.Назарбаев ел  мұратына сапалы білім, орнықты  ғылым арқылы  жетуді  мақсат етіп қойды. Заман талабына сай қабылданған заңнамаға, қажет құжаттарға жете мән беріп, оның  жүзеге асырылуын Президент бір сәт назардан тыс қалдырған емес.

Толығырақ

Жақсы ұстаз шәкірттің бағын ашады

Мамандандырылған «Зерде» дарынды балалар мектебіндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Гүлсара Исабаева, Назымгүл Нұртаева, Ақлес Дүсіпова, Сандуғаш Сыздықова, Қымбат Қапашева, Анар Ерботина, Толқын Жетпісбаева — мектеп мақтаныштары. Бәрі де — жоғары санатты ұстаздар. Олар сөзге шешен, білімді де білікті, белсенді, елжанды азаматтар даярлауда шығармашылық ізденіспен жұмыс жасап жүр.

Толығырақ