Көзбояушылық көсеге көгертпейді

Сонау бір жылы редакцияға бейтаныс қария бас сұқты. Бұйымтайын баяндау үстінде  қарт кенші кеңес дәуірінде  көп-көрім қызмет істегенін айтып, біраз әңгіменің тиегін ағытты.

- Кейде тоқсан, кейде жыл аяғында көмір жөнелту  жоспары орындалмай, жоғары жақ жан алқымнан алады. Тиейтін көмір жоқ. Әбден қысылған бастықтар ашық вагондардың түбіне кен жынысын толтырып, үстіне көмір салып жөнелтуге пәрмен береді. Жоспар да, социалистік міндеттемелер де аракідік осылайша орындалып жүрді,- деп еді сол жолы әлгі ардагер кенші.

Толығырақ

Есірткі таратушылар ұсталды

Полиция қызметкерлерінің шұғыл іздестіруі арқасында қаламызда орын алған есірткілік заттарды таратуға қатысты бірнеше қылмыстық оқиға ізі суымай ашылды. Қала дүкендерінің бірінің қасында 1974 жылы туған жергілікті тұрғын М. 1975 жылғы Г.-ге есірткі сатқан. Қолға түсіргенде М.-нің қолынан алынған заттың кептірілген марихуана екені сараптама нәтижесінде дәлелденді. Күдікті қамауға алынды. Ол енді ҚР ҚК-нің 259-бабының 2-1-тармағы бойынша…

Толығырақ

Өзгенің қамын ойлау — адамдықтың белгісі

Республикалық акциялар  аясында қайырымдылық көрсетуге мемлекеттік құрылымдар тарапынан демеушілерді тарту жұмысы жалғасын табуда. Аталмыш іс-шараларға біздің  №25 қазақ  қыздар  гимназиясының ата-аналары мен ұстаздары, оқушылары үнемі белсене қатысады. «Мектепке жол» акциясы аясында 13 балаға көмек көрсетілді. Оның 1-еуі жетім, 3-еуі  ата-анасының  қамқорлығынсыз қалған, 9-ы аз қамтылған отбасынан шыққан балалар. Осы уақытқа дейін демеушілер тарапынан 18985 теңге көлемінде көмек көрсетілді. Бұл қаражатқа киім-кешек, кеңсе тауарлары алынып, көмекке мұқтаж оқушыларға  ұсынылды.

Толығырақ

Ән байқауының жүлдегері

Өткен аптада Павлодар қаласындағы «Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығында Халық ақыны  Мұзафар Әлімбаевтың сөзіне жазылған әндер байқауы өтті. Облыстың түкпір-түкпірінен жиналған жас әншілердің орындау шеберлігі бір-бірінен асты. Үстіндегі ұлттық нақыштағы киім үлгілері көздің жауын алады. 15 сайыскердің ішінен Солнечный кенті «Мақпал» мәдениет үйінің атынан түскен жас талант  Алтынгүл Бақытқан 2-ші орынды еншіледі. Алтынгүл бала кезінен әншілігімен…

Толығырақ

ҰСТАЗДАРДЫҢ ҚАУЫШУ КЕШІ

Жуырда Екібастұз орта мектебінің тарихында ерекше оқиға болды. Қасиетті жұма  күні осы мектепте  әр жылдары еңбек еткен  ұстаздардың «Қауышу күні» болды. Бұл шара Екібастұз орта мектебіне 45 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Толығырақ

Жан жылуын сезінді

Халықаралық мүгедектер күніне орай зағип жандар кітапханасында ұйымдастырылған «Сіздерге жан жылуын сыйлаймыз» қайырымдылық сағатында қамкөңіл жандар бас қосты.  Халықаралық күнтізбеде қолдауға мұқтаж жандарды ұмытпауға үндейтін күндер де бар. 1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 47- сессиясы арнайы қарарында Халықаралық мүгедектер күнін жария етіп, барлық мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарды осы күнді атап өтуде ынтымақтасуға үндеді. Халықтың, соның ішінде мүгедектердің әл-ауқатын арттыруға жағдай жасау еліміздің әлеуметтік-экономикалық саясатының басыңқы бағыттарының бірінен саналады. Жиын барысында кітапханашы С.М.Лисишина мемлекеттің мүгедектерге жасап отырған қамқорлығы, олардың еңбекпен қамтылуы туралы әңгімеледі. Облыста мүгедектердің өмір сүру деңгейін жақсарту бағдарламасы қолға алынды. Онда мүмкіндігі шектеулі жандарды скаломобильмен қамтамасыз ету, зағиптардың қауіпсіздігі үшін жолдарға дыбыстық құрылғылар орнату, құлағының мүкісі бар адамдарға облыстық жаңалықтарды сурдоаудармашы арқылы жеткізу сияқты мүмкіндіктер қарастырылған. 

Толығырақ

Жас таланттың тұсауын кесті

Павлодар облысы Ақсу қаласында екі күн бойы «Ертіс шапағы» республикалық жас таланттар фестивалі өткізілді. Балалар бірнеше жанрларда: вокал, хореография, фольклор және аспаптық орындауда өнер көрсетті. ENRC тобына енетін «Еуроазиаттық энергетикалық корпорация» АҚ (ЕЭК) балалар фестивалін өткізуге 3 млн. теңге жұмсады.

Толығырақ
DSC_0029

Отандық өнімнің орны бөлек

Вагон жасау кәсіпорындарын құру – заман талабы. Мұндай қажеттіліктің басты себебі – еліміздегі жүк вагондарының тозуы. Соңғы жылдары Қазақстандағы мұндай тасымал құралдарының 70 пайыздан астамы ескірген. Ішкі нарықтың сұранысын өтеу талабы туындағанда жаңа кәсіпорындар ашу міндеті қойылды. Осындай кезеңде Өскемендегі «Востокмашзавод», Орал, Екібастұз қалаларындағы вагон жасау зауыттары салынып, іске қосылды.

Толығырақ

АУЫЛ ӘКІМІ ЕСЕП БЕРДІ

Тұрғындар мен  билік арасындағы байланыстың бір көрінісі – есептік кездесу.  Өйткені мұнда халық өңірдің дамуы, экономикалық жетістіктері мен алдағы жоспарлары туралы мәліметтерден биліктің өз аузынан хабардар болады. Сондай-ақ өздерінің ұсыныс-талаптарын ортаға салуға мүмкіндік алады.

Толығырақ