3бет (1)

Дін мен дәстүр – ажырамас ұғым

Газетіміздің өткен санында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы әрі Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының қолдауымен жарық көрген «Дін мен Дәстүр» атты І кітаптың екібастұздықтарға таратыла бастағанынан құлағдар еткен болатынбыз.

Толығырақ
1бет

Көптен күткен қоныс той

Наурыз мерекесі қарсаңында қаламызда жағымды оқиға орын алды. Бірнеше жыл пәтер кезегінде тұрған 36 екібастұздық, соның ішінде 23 жетім бала, 8 бюджет ұйымының қызметкері, халықтың әлеуметтік осал тобынан 5 адам Энергетиктер көшесіндегі 60-үйден баспаналы болды.

Толығырақ
1бетт

«Қайнар» ЮНЕСКО клубына енді

Биыл ЮНЕСКО клубтары Қазақстан ұлттық федерациясының құрылғанына 5 жыл толды.15 наурызда «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешеніне ЮНЕСКО клубтарын дамыту жөніндегі ұлттық үйлестіруші А.А. Пименова арнайы іс сапармен келді.

Толығырақ
2бет

Инвестиция тарта білген ел ұтады

Биылғы жылы Елбасының халыққа Жолдауы «Қазақстан-2050″стратегиясын жүзеге асырудың негізгі бағыттарына арналды. Ал ондай іс-қимылдарды сапалы атқару үшін Президент Үкіметке ағымдағы жылы жүзеге асыруы тиіс жеті міндетті жүктеген болатын.

Толығырақ
орнамент

Қызығушылық танытты

Екібастұз қаласы Әділет басқармасының ұйытқы болуымен №26 қазақ мектебінде «Ел Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауының негізгі бағыттары» тақырыбында дәріс оқылды.

Толығырақ
орнамент

Жусан иісті дара талант

Биылғы жылғы  «Бір ел-бір кітап» акциясына  таңдалған  қоғам  қайреткері, жазушы Са-йын Мұратбековтың «Жусан иісі»,  «Басында  Үшқараның»… повестерін  оқу  ұсынылады. №26 гимназия-мектебінде жазушының шығармаларын  оқырмандарға  таныстыруға арналған әдебиет сағаты  өткізілді

Толығырақ

Бала тілі-бал

«Атам таудан түскен бе?» Аружанның атасы мен әжесі Астанаға қыдырып келген. Ымырт үйірілгенде атасы дүкенге шықты. Биік үйге қайтып кірерде далан есігіндегі домофон құ-пиясын түсіне алмай, зайыбына ұялы телефон шалып, сұрады. Осылайша әуре болып үйге кіргенінде бәрі күліп қарсы алды. Сөйтсе,  «Әже, телефон соққан кім?» деп сұрағанында, «Атаң ғой, домофонды қалай басу керегін білмей тұрған»…

Толығырақ