DSC_0450

Той ғалым ауылынан басталды

11 мамырда қазақ ұлттық археология мектебінің негізін қалаушы, шығыстанушы, әдебиеттанушы, өнертанушы, филология ғылымының докторы, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Бүкілодақтық география қоғамының толық мүшесі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әлкей Хақанұлы Марғұланның туғанына 110 жыл толды.

Толығырақ
6

«Мерейлі отбасы» анықталды

Елдің қуаттылығы мен ауызбірлігі — ең әуелі отбасының ынтымақтығында. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен қыркүйек айының екінші жексенбісі – Отбасы күні болып белгіленді. Ондағы мақсат – отбасы институтын, имандылық пен рухани құндылықты нығайту, бір шаңырақ астында берекелі өмір сүрудің маңыздылығын таныту.

Толығырақ
DSC_0836

«Ордалы үй болу-бір бақыт»

Ана мен баланың денсаулығын қорғау, әлеуметтік жағдайын жақсарту үнемі мемлекет назарында.

Құрмет көрсету жағы да кемшін емес. 2010 жылдан бері алты және одан көп бала өсіріп тәрбиелеген аналарға «Алтын алқа», «Күміс алқа» тапсырылып, ай сайынғы жәрдемақы төленіп келеді.

Толығырақ
5

Жеңіске — тағзым

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 69 жылдығына арналған мерекелік бағдарлама салтанатты митингпен ашылды.

Сұрапыл соғыс жылдарында қаза болған жауынгерлерге тағзым етіп, бүгінгі күні көзі тірі ардагерлерге құрмет көрсету үшін жүздеген екібастұздық таңертеңнен мемориалға жиналды.

Толығырақ
3

Қызмет пысықталды

12 мамыр күні М.Жүсіп көшесіндегі     58-үйде Төтенше жағдай басқармасының оқу-жаттығуы өткізілді. Шараның мақсаты – арнайы практикалық жаттығу барысында қаланың шұғыл қызметтерінің жұмыстарын тәжірибе барысында тексеру, басқарманың құрылымдық бөлімдерінің төтенше жағдай кезіндегі қызмет сапасын арттыру.

Толығырақ
IMG_8263

Тиімді әрекеттестік

Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдауын жүзеге асыру және сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуде тізе қосып жұмыс атқару мақсатында Төтенше жағдайлар басқармасының құрылымдық бөлімшелері қызметкерлері мен қаржы полициясы өкілдері кездесу өткізді.

Толығырақ
2

Өтірікті судай сапырып…

«Өнер» мәдениет үйінде «Тазша бала» сайысы өткізілді. Қазақ ауыз әдебиетін кеңінен насихаттау мақсатында өткізілген сайыста тапқырлықтың эталонына айналған Тазша баланы сомдауға 12-15 жас аралығындағы он жеткіншек қатысты.

Толығырақ

Бюджет нақтыланды

11 мамырда қалалық мәслихаттың V шақырылған кезектен тыс XXVІІІ сессиясы болды. Онда төрт мәселе қаралды. 2014-2016 жылдарға арналған Екібастұз қаласының бюджетін нақтылау туралы қала әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі басшысы Қанат Бейсембайұлының баяндамасын депутаттар мақұлдады. Бұдан соң олар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Құсниден Қасеновтың Екібастұз қаласында коммуналдық қалдықтардың…

Толығырақ

Солнечныйдан

9 мамыр күні Солнечный кентінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 69 жылдық мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиында соғыс құрбандары еске түсіріліп, Солнечный кентінің әкімі М.Алшымбаева сөз сөйлеп, ардагерлерді мерекемен құттықтады. Жиналған қауым алдында еңбек ардагерлері Зекен Хамитов ата мен Леонид Пригорнев сөз сөйлеп, елімізде әрқашан бейбітшілік болсын деп тіледі. Соңынан мерекелік концерт болып, халық…

Толығырақ

Ақкөлден

Ақкөл ауылында Ұлы Жеңістің 69 жылдығына арналған «Жеңіс туы желбіре» атты мерекелік шара өтті. Бұл шараға мектеп оқушылары да бір кісідей атсалысып, шеруге патриоттық әндерді орындап келді. Шарада мәңгі алау басына гүл шоқтары қойылып, соғыстан оралмаған аталарымызға қажы Уәжит атамыз құран бағыштады. Мерекелік шара барысында ауыл әкімі Б.Ақтаев, ақсақалдар алқасының төрағасы М.Естаев, мемлекеттік зейнеткер Қ.Райымқұлов…

Толығырақ