гордеева

Кеншілерден тарту

«Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін жаңа жыл тосын сыйлармен басталды.

Қаңтар айының алғашқы күндерінде №2 өндіру жұмыстары учаскесінің қамқоршылары балалармен бірге боулингке саяхаттады.

Толығырақ
Елтану-1

«PEUGEUT, RENAULT не болмаса CITROEN көліктерін ғана мінеді»

Атың барда – ел таны, асың барда — жер таны!

АЙДАНА ТӨЛЕПБЕРГЕНҚЫЗЫ 2012 жылы №25 қазақ қыздар гимназиясын бітірген. Сондай-ақ, ол жергілікті балалар музыка музыка мектебінің домбыра класын да оқып тауысқан. Астанадағы Еуразия Ұлттық университеті физика-техникалық факультетінің түлегі. Биыл магистратураны грантқа аяқтайтын Айдана — радиотехника, электроника және телекоммуникация маманы.

Өткен күзде Айдана магистрант ретінде Германия Федеративтік Республикасы Дюссельдорф қаласының Генрих Гейне университетінен он күндік курсқа шақырту  алып, ондағы жоғары оқу орындары мен ғылыми зерттеу орталықтарында тәжірибеден өтті. Соңынан курстастарымен бірге Еуропаның өзге де елдерінің көрнекті жерлеріне саяхат жасады. Айдананың әлемдік деңгейдегі сол қалалардан алған әсерлерін газет оқырмандарымен бөлісуін өтінген едік.

–Еуропаға барам деген ой үш ұйықтасам түсіме кірмеген. Шақырту келгенде қобалжыдым да. Олардың салт-дәстүр, тіптен ішетін тағамдарын да білмеймін. Қанша жерден телевизор мен интернеттен қарағаныңмен, өз көзіңмен көргендей болмайды ғой. Біздер Астана әуежайынан Германияның Люфтганза халықаралық әуе кемесі арқылы көтерілдік. Батысты, дәлірек айтқанда, Франкфурт-Дюссельдорфты бетке алып келеміз. Ұшақ заңғар көкке самғады. Бірде ақ бауыр бұлттар қалықтаса, бірде қою бұлтты қақ жара заулап келеміз. Бес сағаттан кейін біз отырған жайлы ұшақ Майн өзенінің жағасындағы Франкфурт қаласына келіп қонды. Бізде қыс түссе, мұнда күн жылы. Ауадан ылғал сезіледі. Аты әлемге мәшһүр Франкфурт халықаралық әуежайының өзі кішігірім қалашық дерлік. Шартарапқа ұшып, қонып жатқан әуе кемелерінің санында есеп жоқ. Бұл әуежай Лондондағы Хитроу және Париждегі Шарль-де Гольдтан кейінгі орында тұр. Осында екі сағаттай аялдадық та, сол ұшағымызға қайтадан жайғастық. Бір сағаттан кейін Дюссельдорф қаласына келіп қондық. Әуежайда бізге шақырту жіберген университеттің қызметкері тосып тұр екен. Сол кісі бізді қонақ үйге бастап алып жүрді. Жол-жөнекей  Германия, Дюссельдорф жайлы кеңінен әңгімеледі. Екі көзіміз терезеде. Қала Рейн өзенінің солтүстік сағасында Вестфалия федеративтік жерінде орналасқан. Немістің жарнама өнеркәсібінің орталығы. Сонымен қатар әлемдегі тұрмыс деңгейі ең жоғарғы он қаланың санатына кіреді. Тоқшылық пен мамыражай тірлік бірден сезіледі. Табиғаты көркем, ауасы таза. Суы мөп-мөлдір. Мұнтаздай тазалығына қарап қайран қалдым. Әуеде бес сағат ұшқандықтан ба, әлде, уақыттағы бес сағат айырмашылық па, әйтеуір, аз-маз шаршағанымды сездім. Әйтсе де, көңіл көтеріңкі. Күдік те біршама сейілгендей. Қонақ үйге жайғасқан соң тамақтандық та, қаланы аралауға тысқа шықтық.

Дюссельдорф — немістің әйгілі лирик ақыны Генрих Гейне қаласы. Қаладан ұлы ақынның рухы сезіледі. Келесі күні Г.Гейне атындағы университетке бардық. Онда әр магистрант алған тақырыбына байланысты профессормен пікірлесті. Дәріс тыңдап, берген кеңестерін дәптерімізге жазып отырдық. Ессен және Кельн қалаларындағы университеттерінен де  тәжірибе жинақтадық. Одан кейінгі күндер де дәріс алу, тағылымдамадан өтуге кетті. Аудармашы бізге орысша аударып тұрды. Оқу да аяқталды. Енді санаулы күндерді әлемдік деңгейдегі Еуропа қалаларын көрмекке арнадық.

Уақыт ұттырмай, Францияның астанасы, арман қала – Парижге бардық. Қала елдің маңызды экономикалық әрі мәдени орталығы саналады. Париждегі әйгілі сәулет туындысы Эйфель мұнарасын өз көзімен көру бақытына ие болу әркімнің арманы шығар. Мен де бір көрсем дейтінмін. Мұнараны 1889 жылы Революция күніне орай тұрғызыпты. Эйфельдің мұнар басына шығатын туристер саны жылына 6 миллионға дейін жетеді деседі. Алып мұнараға лифтімен немесе 1792 баспалдақпен көтерілуге болады. Кіру билетінің ең арзан бағасы 4 евро. Ең қымбаты 12 евро. Мұнараға көтерілу үшін тұрған ұзын сонар кезектің соңын күтуге уақыт тығыз. Амалсыздан Эйфельді сыртынан тамашалап, суретке түсумен шектелдік. Есесіне, биіктігі 210 метрге жететін Монпарнас мұнарасына лифтімен көтерілдік. Аспанмен таласқан мұнара 59 қабаттан тұрады. Оның төбесінен бүкіл Париж алақаныңдағыдай көрінеді.

Одан кейін Лувр мұражайына беттедік. Луврды жылына 8,5 миллион адам тамашалайтын көрінеді. Атшаптырым мұражайды аралап шығу әсте мүмкін емес. Жиырмасыншы ғасырға дейін сомдалған қайталанбас көркем мүсіндердің неше атасы, суреттер және небір ғажап жәдігердің бәрі осында. Суретші Леонардо да Винчидің әйгілі «Мона Лиза» картинасының түпнұсқасын көрдім. Парижге барып тұрып, оның географиялық және рухани «жүрегі» — Нотр-Дам-де-Пари соборын көрмей кетуге және болмас. Жер бетінде мұндай ғажайып сәулет өнері жоқ шығар, сірә. Собор құрылысы роман және готика стильдерін қоса қамтыған. Көркінің кереметтігінен шығар, ол Францияның ғана емес, сондай-ақ, барша Еуропаның мақтанышы. Собор құрылысы орта ғасырларда басталса керек. Содан аттай жүз жыл бойына салына берген. Біз собордың Солтүстік мұнарасына көтерілдік. Айналаға көз салдық. Неткен ғажап! Өзіңді әлемнің төрінде тұрғандай сезінеді екенсің. Мұнарадан түсіп Парижден жиырма шақырым қашықтықтағы Версаль сарайына жол тарттық. Версальда әр дәуірде Францияның ел билеушілері тұрып келген. Сарай 1300 бөлмеден тұрады. Он саусағынан өнер тамған шеберлердің қолымен жасалған, бірінен бірі өтетін бөлмелерге көз тоймайды. Таң-тамаша болып аралап жүргенімізде сыртта күтіп тұрған автобустан қалып қоя жаздадық.

Бір байқағаным, француздардың бойында әлдебір паңдық, бекзаттық бар. Радио және телебағдарламалары тек француз тілінде беріледі. Ағылшын тіліндегісі бірен-саран ғана.  Американдық клиптер мен фильмдерге шектеу қойылған. Олар француз тілінің сақталуына жете мән береді. Тұрғылықты халықтың басым бөлігі өздерінде шығатын Peugeut, Renault не болмаса Citroen автокөліктерін ғана мінеді. Тағы бір таңғалдырғаны, француздар жұмыста белгіленген уақыттан бір минут артық отырмайды. Аптасына 35 сағат қана жұмыс істейді. Франция Еуропадағы ең аз жұмыс уақыты тіркелген ел. Француздар: «Біз жұмыс істеу үшін өмір сүріп жатқан жоқпыз, керісінше, …» принципімен өмір сүреді. Әйелдері классикалық стильде киінгенді хош көреді. Париж дәмханаларында шараптың бір бөтелкесінің құны 3-4 евро шамасында болса, шай одан да қымбат 4-6 евро. Француздардың ұлттық рататуй көкөністер гуляшын таттық. Жеңіл қорытылатын дәмді тағам екен. Франция аспаздық өнердің бесігі және аспазшылар үшін жұмақ болып есептеледі. Тамақтың саналуан түрі әзірленеді мұнда.

Біздер Франциямен қимай қоштасып, Испанияға жол тарттық. Испания – туристер арасында ең танымал әрі көп сұранысқа ие елдердің бірі. Әлем халықтарын өзіне несімен еліктіретінін білгенше асықпын. Испания Еуропаның таулы аймақтарында орын тепкен. Ел астанасы Мадрид Еуропаның ең биік нүктесінде орналасыпты. Айтқандайын, Канар аралдары мен Африкадағы Сеут және Мелилья қалалары да Испанияның иелігінде. Біздер Мадридті жарты күн ғана аралап, Барселонаға беттедік. Бірақ әуежайда онда ұшатын ұшақты бір сағатқа кешіктірді. Оны білгенде ғой, Мадридке біраз көз қанықтырушы едік. Әрине өкінішті. Сонымен көзді ашып-жұмғанша Барселона әуежайына да келіп қондық. Қаланың әсем көркі әуежайынан-ақ байқалады. Мұнда да мұнтаздай тазалық. Ең алдымен Барселонаның мақтанышы, әлемдегі ең танымал футбол клубтарының бірі, сүйікті командам «Барселона» жаттығатын «Камп Ноу» стадионын көруге асықтым. 99 мың көрерменге лайықталған стадион соңғы үлгіде салынған. Стадиондағы екі бөліктен тұратын музейге бас сұқтық. Бірінші бөлігінде осы футбол командасы құрылғаннан бергі кезеңдегі жүлделер мен сыйлықтары орын алған болса, үстіңгі мұражай интерактивті тақталармен жабдықталыпты. Ал бейнефильмдер мен суреттерден клубтың жүріп өткен жолына қанығуға болады. Оны тамашалаумен жүргенде бір күннің қалай өткенін де білмей қалдық. Барселона Испанияның ең ғажайып қаласы екені анық. Испандықтар өте мейірімді. Жылы жүзді. Қонақ үйге әйгілі Рамбла, яғни, Желек жолы арқылы жеттік. Қалада метро мен қала сыртынан қатынайтын электричкалар бір-бірімен байланысып жатыр. Электричкадан түсіп, іле метроға отырып кете беруге болады. Метродағы билет құны 2,45 евро. Мен Барселонаның орталық аялдамасы Каталуниядан түстім. Испандықтар өмір ұзақ сүреді. Ерлер үшін орташа өмір сүру ұзақтығы -79 жас болса, әйелдер 87-ге дейін өмір сүреді дейді. Бұл Еуропа елдеріндегі ең жоғары көрсеткіш.

Келесі күні сәулетші Антонио Гауди тұрғызған «Гуэль» ғажайып саябағына бардық. Гауди Эусебио Каталонияның ең бай магнаты Гуэльмен екеуі араларынан қыл өтпес достар болған екен. Гауди жан досына арнап 127 бағаннан тұратын саябақ салып беріпті. Ол бүгінде әлемге танымал «Гуэль саябағы». «Каса Батло» мен ең әйгілі «Sagrada Familia» ғимараттары да Гауди сәулетшінің туындылары. Ұлы сәулетші Гауди қайталанбас туындыларымен Барселона қаласын ертегі әлеміне айналдырған.

Бір қызығы, испандықтар кешкі асты сағат 9 бен 10-ның арасында ішеді. Таңғы сағат бесте ұйқыдан оянады. Осы кезде қаладағы кафе атаулы жұмысын бастайды. Олар таңертең міндетті түрде кофе ішеді. Барселонаға барған сапарымды «Ғажайып Барселона» деп түйіндедім.

Іле Еуропаның ірі туристік орталығы Голландияның астанасы Амстердамға жол тарттық. Қала Амстел өзенінің жағасында жатқандықтан, солай аталыпты. Амстердам мадам Тюссо мұражайымен аты шыққан. Мұражай экспозициялары әлемге әйгілі саясаткерлер, спортшылар мен шоу бизнес өкілдерінің мүсіндерінен тұрады. Мадам Тюссоның әлемнің түкпір-түкпірінде, атап айтқанда, Лас-Вегас, Копенгаген, Нью-Йорк, Лос Анджелес, Гонконг, Шанхай, Вашингтон, Вена және Берлин қалаларында филиалы бар көрінеді. Нидерландықтар ақ сары, сұңғақ, ірі келеді екен. Тілдері неміс тіліне келіңкірегенімен, жұмсағырақ естіледі. Біздер Амстердамның тарихи мұражайын аралап қана үлгердік. Бәрінен де аралдардың үстіне салынған Венеция ерекше әсер етті. Италия мемлекетіндегі Венецияда бірнеше ғасырдан бері ешбір ғимарат салынбайды. Өйткені ұлтарақтай жер жоқ. Сондықтан оған рұқсат етілмейді. Су үстінде тұрғызылған қала тұрғындары қайықпен қатынайды екен. Міне, қызық!  

Толығырақ
бур

Ардагерлер ардақталды

6 қаңтар күні, Рождество мерекесі қарсаңында  Екібастұз қаласының әкімі Александр Вербняк Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер Татьяна Бурматованы 95 жылдық мерейтойымен құттықтап, әдемі оюлы шапан, құттықтау хат, ақшалай сыйлық және гүл шоғын табыс етті.

Толығырақ
орнамент

Автоорындық іздеп әлек

Қазақстан Республикасы Үкіметі 2014 жылдың 13 қарашасында бекіткен Жол қозғалысының жаңа ережелері осы жылдың басында күшіне енді. Десе де жаңа ережелер әлі де жетілдіре түсуді қажет ететін сыңайлы. Өйткені ондағы талаптарды орындау белгілі бір қиындықтарға соқтыратын түрі бар. Ендігі сөз сол жайында болмақ.

Толығырақ
орнамент

Келіп-кетеді, кетік етеді. Ол кім?

Кез келген қала тұрғынының сантехник, электрик сияқты маманға күні түспей тұрмайды. Өкініштісі, жеке меншік пәтерде орын алған ақауды пәтер иелері кооперативтерінде жұмыс істейтін сантехник келіп жойып бере алмайды.

Толығырақ
орнамент

Нотариуста тегін қызметтер бар ма?

Мен зейнеткер қариямын. «Алтын алқа» иегері және еңбек ардагерімін.Бірде «Достық» дүкенінің жанындағы нотариусқа сенімхат рәсімдеуге барған едім. Нотариус қыз қажетті құжаттарды талап етті. Рәсімдейтін сенімхат күрделі құжат болғандықтан, ол біраз уақытын жұмсады.

Толығырақ
орнамент

«Айлакер» дүкен

Құрылыс заттарын сататын ірі дүкендерден әдетте жұртшылықтың алатын тауары да көлемді болады. Кафель, ванна, су ысытқыш, тағысын тағылар. Кез келген дүкенде жеткізіп беру қызметі бар. Ондайда ақысын төлесеңіз, тауарыңызды пәтеріңізге кіргізіп береді. Бірақ кейде ақшаң аз болып тұрғанда жеткізу қызметін төлегеннен гөрі таксимен апара салу тиімдірек. Немесе өз көлігіңді сайлап, затты көтерісетін адамдарды дайындап қоясың.

Тауарды жеткізу мәселесінде қаламыздағы кей құрылыс дүкендері тұтынушыға онша қолайлы емес тәсілдерге көшіпті. Мұны, енді, «айла» демеске лаж жоқ.

Дүкенге барғанда, сіз сапалы затты таңдап алғанша ұзақ жүресіз, ойланасыз, салыстырасыз. Қазіргі дүкендердің бәрінің ғимараттарының іші ыстық, ауа тар. Киімілгіші бар дүкен мүлдем жоқ. Ұнатқан тауарыңды жылдам әкеткің келіп тұрады. Алайда сіз «Бұл тауар дүкеннің өзінде жоқ. Қоймадан әкелу керек. Ал қойма пәленбай көшеде орналасқан. Өзіңіз барып аласыз ба? Әлде жеткізуші апарып берсін бе?» — дегенді естисіз. Қойма алыста орналасқандықтан, онда такси жалдап бару тиімсіз болып шығады да, амалсыздан: «Жеткізушіге ақы төлейін», — деген шешім жасайсыз. Бұл қызмет – 800 теңге.

Толығырақ
орнамент

Тың деректерімен таңғалдырды

Журналист Рауза Мұсабайдың «Отарқа» газетінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы №50 санында жарияланған «Көмбелі көкірек немесе абайтану турасындағы толғаныс» деген мақаласын оқыдым. Менің одан алған әсерім керемет. Өзімді қазақ тарихының беймәлім тұңғиығына сүңгіп кеткендей сезіндім. Әрине, Кеңес өкіметі тұсында өз тарихымызды оқытпады және онымен қоймай «Қазақтың тарихы бұрын болмаған, тек қана Октябрь революциясынан кейін ғана басталды»,– деп ұғындырды. Соның салдарынан тарихымызды жетік білмей, шала түсінік қалыптасты. Енді тәуелсіздікке қол жеткізген соң қалам ұстай білетін, көкірегі ояу жас буын өз тарихымызға қайта үңіліп, қазақтың кім болғанын жазып, бұқара халыққа таныту үстінде. Рауза Молдайыпқызының көлемді әрі маңызды мақаласы қалың оқырман көңілінен шыққаны анық.  Әрине, әңгімені айтқан қаламгер Бекен Исабаев болғанымен, оны жүйелі түрде бізге жеткізу — журналист шеберлігі.

«Абай інісі Оспан өлген соң әмеңгерлік жолмен оның әйелі Еркежанды алған. Сонда екі жыл Әйгерімнің отауын ашпапты. Оны елдің бәрі біледі. Сол кезде Әйгерім бір қыз туыпты»,–деп келтіреді. Міне, қызық. Бір кезде Абай бір көргенде құлап түсіп, өлердей ғашық болған Шүкімәннің осындай болғанына таң қалдым. Мұхтар Әуезов өзінің романында Абай досы Ербол екеуі ауылға қайтып келе жатқанда сол Шүкіман туралы «бұл не деген көрікті сұлу қыз, нағыз керім екен, енді оның атын Әйгерім қояйық» деп жазғанын білуші едік. Өнегелі атанған сол Әйгерімнің опасыздығын, Абайды жерге қаратқанын бірінші рет оқып білдік.

Тың деректің тағы бірі — Біржан мен Сараның айтысына қатысты болып отыр. Бұл айтысты оқымаған және олардың сөздерін мадақтап, көкірегіне құймаған адам қазақ елінде жоқтың қасы. Ал Біржан мен Сараның айтыспағаны және екеуінің атынан Әріп деген ақынның сол айтыс өлеңді жазғаны өте таңқаларлық іс емес пе?

«Абайды орыс өлтірді. Сабады. Оразбай секілді есігінен қарай алмайтындар үйін тінтті. Біржанды жындандырып, Ақанды мәңгіртіп жіберді. Соның бәрі орыстың қолымен жасалды», – делінген. Бұл да бұрын-соңды естімеген тың дерек. Мұхтар Әуезовтің  сол заманның ағысына байланысты нағыз шындықты жазып көрсете алмағаны бәрімізге аян.

Толығырақ