Тіліміз таза болсын деп…
Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастамасымен «Тіл тазалығы» акциясы жүргізілуде. Сейсенбі күні акция қаламыздағы халық ең көп жүретін орын — «Жібек жолы» базарының шыға берісіндегі «Уақ» сауда үйінің алдында өтті. Акцияға қатысқан студенттер жаяу жүргіншілерге орысша-қазақша тілашар кітапшасын таратты. Кітапшада күнделікті қарым-қатынаста жиі қолданылатын ауызекі сөйлеу үлгілері, тұрмысқа қажетті сөздер мен сөз тіркестері қамтылған.
Толығырақ