али

Ұры ит

31-ші шағынауданнан берірек «Күзет» ғимаратына жақын тұстағы кортқа судың құйылғанын бала біткен асыға күтті. Су қату үшін ауаның температурасы кемінде 15 градус болуы керек. Қырсық шалғанда, желтоқсан айында күн күрт жылынып, корттағы мұз еріп кетті. «Зерде» мектебінде 4-сыныпта оқитын ұлым Әлихан сабақтан оралғанда міндетті түрде корттың қасынан өтеді. Күн жылы ма, суық па – онда шаруасы жоқ. Бастысы, су құйылып, мұз қатса болғаны.

Толығырақ
DSC_1422

Алғашқы фотосуреттер авторы

Таяуда «Замандас» ардагерлер клубында фотограф Леонид Кудринді еске алу шарасы өтті. Марқұм Л.Кудрин көп жылдар бойы «Екібастұзэнергоқұрылыс» тресінің «Ленинская искра» газетінде фототілші болып еңбек еткен. Екібастұздың 1,2-ші МАЭС-терінің алғашқы кірпіштерінің қалану сәттері, энергетика алыптарының қызу құрылысының естелік суреттері бүгінгі күнге осы фотосуретшінің арқасында жеткен.

Толығырақ
кар

Ақкөлден ұшқан Қарлығаш

Иығында жұлдыздары жарқыраған Қарлығаш ару кейде құқық қорғау саласында емес, тек қана сахнада жүруі тиіс сияқты көрінеді. Десе де, оған полиция киімі аса жарасатынын мойындау керек.

Полиция қызметі – шектен тыс қатал тәртіптен қалыптасқан сала. Әйел заты үшін онда қызмет ету оңайға соқпайды. Әйтсе де, Қарлығаш Тәшімова бұл саладан өз биігін тапты.

Толығырақ
по

«Мәңгілік ел» пойызы — Екібастұзда

Астанадан шыққан «Мәңгілік ел» пойызы өткен аптада Екібастұзда аялдады. Теміржол вокзалында қонақтарды жергілікті атқарушы билік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қарсы алды. Айта кетерлігі, бұл сапар ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған.

Толығырақ
т

Тазы ұстап, ат баптаған

Ақкөл ауылының тұрғыны Оразәлі Шөпшинде қазақтың ақ бас сиыры да, тазы ит те, асыл тұқымды жылқы да бар. Төрт айғырды далаға жібермей, үйде ұстап отырған себебі, олар аламан бәйге мен көкпарға дайындаған жылқылар екен. Беті ашық қорада қаңтарулы тұрған айғырдың бірі – ағылшын, енді бірі – араб, үшіншісі – орыс жылқысының тұқымынан.

Толығырақ
елдос

Ақкөлде құсбегі бар Елдос деген

Ақкөл ауылына барған бір сапарымызда өңірге белгілі саятшы Елдос Асылғазымен кездесудің сәті түсті.

Үлкен қақпадан ішке енгенімізде, бірнеше тазы ит алдымыздан шықты. Текті иттер біздің бөгде жүрісті адам емес екенімізді бірден аңғарды ма, басын көтеріп бір қарап қойды да, жөніне кетті.

Толығырақ
орнамент

Қыдыр, «албасты» және «рух»

Өмірде кездесетін тылсым құбылыстардың қыр-сырын ашуға адам баласының санасы жеткен емес. Сөйте тұра, тылсым дүниені танып-біліп, көргенін талдап, болжам жасауға әркім құмар. Бір атап өтерлігі, он екі мың ғаламда кездесіп жататын жұмбақтарды талай жылдан бері газетіміздің «Тылсым» айдары арқау етіп келеді. Бұл айдармен жарияланып тұратын материалдардың қызыға оқитын өз оқырмандары бар. Сондай оқырмандардың бірі — жергілікті өлкетанушы Серік Имантайұлы бүгін бізбен өз басынан кешкен біраз оқиғаны бөліскен еді…  

Толығырақ
Бозымбаев

Қаламыз гүлге оранады

Облыс әкімі Қанат Бозымбаев пен қала әкімі Александр Вербняк 16 ақпан күні «Green House KZ» ЖШС-і раушан гүлдерін өсіретін жылыжайының тұсаукесеріне қатысты.

Аумағы 5 гектарды құрайтын жылыжай кешенінің «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» станциясы жанында орналасқанынан оқырман қауым хабардар. Жылыжайдың бұл жерден орын тебуі кездейсоқ емес:

Толығырақ
IMG_4780

Мұса – кәсіпқой боксшы

Жиырма бір жасар Мұса Тұрсынғалиевтың маңдайына Екібастұз қаласының тұңғыш кәсіпқой боксшысы болу бақыты бұйырды. Жас былғары қолғап шебері жапондық промоутер Anoy Kimмен келісімшарт жасасып, былтырғы жылдың күзінен бері Токио қаласында жаттығып жүр екен. Таяуда ол өзі бокс әліппесін ашқан №3 балалар мен жасөспірімдер спорты мектебіне келіп, алғашқы жаттықтырушылары Андрей Генш және Асхат Әділхановпен жүздесіп, жас бокшылармен кездесу өткізді.

Толығырақ