IMG_6296

«Су перісі» — сахнада

Атақты дат ертекшісі Ханс Кристиан Андерсеннің «Су перісі» ертегісін оқымаған адам кемде-кем. Ертегі жас жігіт пен қыздың арасындағы шынайы махаббатқа құрылған. Суасты патшалығының кенже қызы әпкелерімен бірге серуендеп жүріп, тұңғиыққа батып бара жатқан жер патшасының жалғыз ұлы, ханзаданы құтқарып қалады. Жас жігіт өте сымбатты еді. Сұлулығынан көз айыра алмаған су перісі оған ғашық болып қалады.

Толығырақ
_DSC00745

Кішкентай өнерпаздар

«Қайнар» балалардың бос уақытын қамту орталығында «Балапан – 2016» қалалық балалар шығармашылық сайысы өтті. Қорытынды концертке қатысқан бүлдіршіндердің жақсы дайындықпен келгендері көрінді. Мың бұралған биші де, күміс көмей әнші де осында. Бұл күні 250 балғын өнерпаз көркемсөз оқу, хореографиялық және вокалдық шеберліктерін паш етті. Ең алдымен бақ сынауға көркемсөз оқушылар кірісті. Балалар Мұхтар Шахановтың, Жұбан…

Толығырақ
Miss-virtualnyj-KazahstanA 11

Виртуалдық әлем аруы — жерлесіміз

Биыл елімізде тұңғыш рет «Miss Virtual Kazakhstan» сұлулық байқауы өткізілді. Қазақстанның виртуалдық әлемдегі аруын анықтауды көздеген байқау жеңімпазы 27 жасар Айнұр Әйтімова болып танылды. Айнұрға Nissan Juke автокөлігі және қымбат тастармен безендірілген тәж табыс етілді.

Бұл хабарға екібастұздықтар ерекше қуанды. Жерлестері жеңімпаз атанып жатса, неге қуанбасқа.

Толығырақ
1

Бір үйдің баласындай

Біздің еліміз – ұлттар мен ұлыстардың құтты мекені.

25 наурызда Достық үйінде қаламыздағы 12 этномәдени бірлестігі Жастар қанатының қатысуымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Бір үйдің баласындай» атты фестиваль өтті. Фестивальдің бағдарламасына сәйкес қатысушылар 4 аталымда сынға түсті.

Толығырақ
Ескелди3-1

Ескелдіде қонақ үй салынуда

Мәшһүр Жүсіп кесенесі орналасқан Ескелді шатқалындағы қос қабатты қонақ үйдің құрылысы 60 пайызға аяқталып қалды.

Баянауыл ауданы Жаңажол ауылдық округінің әкімі Төлеген Тілеубаевтың айтуынша, құрылыс басында 14 адам еңбектенуде.

Толығырақ
орнамент

Иесіз пәтерлер – мұқтаж жандарға

Қала әкімдігінің кезекті мәжілісінде қала басшысының 2016 жылғы есеп беру кездесулерінде тұрғындар тарапынан айтылған ескертулер мен ұсыныстарды іске асыру шаралары сөз болды. Бұл туралы әкімнің аппарат басшысы Ф.Сапариева баяндады.

Толығырақ
орнамент

Бюджет көлемі ұлғаяды

330 миллионнан аса теңгеге. Бұл туралы қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясы отырысында экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Қанат Қапуов мәлімдеді. Оның айтуынша, республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінбек осынау қаржы қалалық бюджетке жеке табыс салығы мен әлеуметтік табыс салығы бойынша аударымдар нормативінің 33,4 пайыздан 41 пайызға ұлғаюы салдарынан шыққан.

Толығырақ
орнамент

Керек қылмай жүр…

Қала әкімдігінде Екібастұз қаласында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтіп, бұл жолғы басқосуда «Екібастұз жылу желілері» өнеркәсіптік кешені» ЖШС-нің директоры Денис Андрианов есеп берді.

Отырысқа дейін жұмыс тобының мүшелері «Екібастұз жылу желілері» кәсіпорнындағы мемлекеттік тілдің тыныс-тіршілігімен танысып қайтқан болатын.

Толығырақ
орнамент

Нұрқанат — чемпион

Қазақ күресінен Екібастұздың туын жоғары көтеріп жүрген бауырымыз Нұрқанат Сатыбалды тағы жүлделі болды. №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі (бапкері – Айтнияз Қоржынбаев) Нұрқанат Көкшетау қаласында дүрілдеп өткен Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысқан болатын.

Толығырақ
орнамент

Құрметке лайық жандар

- Өмір – өзен, бірқалыпта тұруы мүмкін емес. Сол сияқты, қаламыздың өкілетті билігінде де өзгерістер болып жатыр. Өткен шақырылымдарда ел игілігі үшін тер төгіп, талай шарапатты істерге мұрындық болған азаматтарымыз баршылық.

Толығырақ