сайт сайт

Бүлдіршіндер жүлделі оралды

«Жас таланттарды қолдау» қоғамдық қоры жыл сайын республикалық «Әнші балапан» балалар шығармашылығы байқауын ұйымдастырады. Байқауға жер-жерден өнерлі балақайлар қатысып, бақтарын сынайды. Бүлдіршіндердің ақыл-ойы мен эстетикалық талғамын шыңдайтын бұл байқау биыл да өз мәресіне жетті. Алматы қаласында өткен сайыста қаламыздағы №15 «Бөбек» балабақшасының бүлдіршіндері жүлделі II орынды жеңіп алды.

Толығырақ
сайт

Жеңімпаздарға құрмет көрсетілді

Қытайдың Путянь қаласында спорттық акробатикадан өткен әлем чемпионатында екібастұздық акробаттар екінші орынды жеңіп алды. Қаламыздың ғана емес, еліміздің намысын әлемдік аренада қорғап жүрген ерлер төрттігін құрайтын Әкежан Әнуаров, Дмитрий Безрук, Павел Варламов, Бауыржан Дүйсенов бұл жолы да көк туды көкке әуелетті.

Толығырақ
сайт

Сәлемдемені постамат арқылы алыңыз!

Өткен аптада «Қазпошта» АҚ Екібастұз қаласындағы бөлімшесі «Макси-мол» сауда орталығының 1-қабатында постамат желісін іске қосты.

Постамат – сәлемдемелерді қабылдауға арналған, автоматтандырылған пошта станциясы. Интернет-дүкендерден келетін тауарларды қабылдаудың ыңғайлы тәсілі ретінде іске қосылып, бір жүйеге келтірілген, жасақталған, әр түрлі көлемді 54 ұяшықтан тұрады.

Толығырақ
на сайт

Жәнібек жарады!

«Тазша бала» барша балаға ұнайды. Өйткені оның елден асқан тапқырлығы, қулығы оларға өзгеше әсер етеді. «Тазша балаға» ұқсаймын деп жүріп ішінде бұғып жатқан таланттары ашылып кететіндері де жоқ емес. Ол үшін олар өлең жазып, ән де айта алуы керек. Шынында ертегі, өтірік өлең әр баланың қиялын ұштап, жаттампаздығын дамытуға оң ықпал етеді.

Толығырақ
сайт

«Тақиялы періште» сахналанды

Әйгілі режиссер Шәкен Аймановтың «Тақиялы періште» фильмі сюжетінің тартымдылығымен ел есінде мықтап орын алғаны шындық. Киноның негізгі мазмұны – ақ жаулықты ананың ауылдан қалаға келіп, Айша есімді қызды ұнататын баласына қалыңдық іздеу жорығына арналады.

Толығырақ
сайтка

Азия чемпионатынан – жүлдемен!

№1 БЖСМ спортшылары мен ITF таэквондодан Павлодар облысының құрамасы Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы құрамында Азияның ҮІІІ чемпионатында сәтті өнер көрсетті. 25-30 наурыз күндері Алматы қаласында жасөспірімдер мен кадеттер арасында өткен Азия чемпионатына 17 мемлекеттен 350-ден аса спортшы қатысты.

Толығырақ
орнамент

Құжатты бұрмалағандар жауап бере ме?

«Нұр Отан» партиясының филиалында қала прокуроры Ерлан Сәдуов азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады. Шағымданушылар бұған дейін де бірнеше табалдырықты тоздырған екен.

Қонаев көшесінде тұратын зейнеткердің айтуынша, көрші жер телімін жүк көліктерінің тұрағына айналдырғандармен «айқасқанына» көп болыпты. Қоғамдық жорынды жекеге аударып, айналасындағылардың мазаларын алған «қауіпті қоңсының» үстінен ТЖ басқармасына, жер бөліміне, қала әкімдігіне, т.б. жауапты орындарға шағым түсіргенімен, әзірге нақты жауап ала алмай отырғанға ұқсайды.

Толығырақ
орнамент

Сенбілікке дайындық

Қалалық әкімдікте болған отырыста тазалық айында өткізілетін іс-шаралар пысықталды. Сенбілікте қала кәсіпорындары, ПИК-тер өздеріне бекітілген аумақтарда тазалық жұмыстарын жүргізетін болады. Қала әкімі А.Вербняк аймақты тәртіпке келтіру үшін барлық күшті жұмылдыруға тапсырма берді.

- 23 сәуір күні жаппай қалалық сенбілікке шығамыз. Әдеттегідей мемлекеттік қызметшілер, ПИК және ҮИК жұмыскерлері, кәсіпкерлер, медицина мамандары, мұғалімдер, оқушылар мен студенттер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, — бәріміз бір кісідей атсалысайық,-деді қала басшысы.

Толығырақ
орнамент

Өз құқыңызды білесіз бе?

Бүгінде тұтынушылардың көбі өздеріне қажетті затты супермаркеттен алғанды ыңғайлы көреді. Себебі онда сатушыдан әр заттың салмағын, қайда өндірілгенін, сұрыбын, тағы сол сияқтыларды сұрап тұрудың қажеті жоқ. Әр адам өзі таңдаған затты қолымен ұстап, көзімен көріп алады. Бірақ ондағы заттардың сапасы қаншалықты көңіліңізден шығады? Ол жерде қалай қызмет көрсетеді? Осы және басқа да мәселелер төңірегіндегі сұрақтарға жауап іздегендер тұтынушылар құқықтарын қорғау басқармасына жиналды.

Толығырақ
орнамент

ЭКСТРЕМИЗМ тақырыбына арналды

Қалалық тарихи-өлкетану мұражайында «Біз экстремизм мен терроризмге қарсымыз» атты көрме ұйымдастырылды. Тақырыбы айтып тұрғандай, көрмеде әлемнің әр еліндегі террорлық әрекеттерден хабар беретін суреттер қойылыпты. Ирандағы ескі базардағы апат, Мәскеу метросындағы теракт, Волгоградтағы қайғылы жағдай, Сириядағы қанды қырғын, Бостондағы жантүршігерлік оқиғалар суретті түсіндірмей-ақ сөйлетіп тұр. Мына бір тұста ілінген сурет Пәкістанның Пешавар қаласындағы қайғылы оқиғадан хабар…

Толығырақ