субботник

Қала тазарып, ажары кірді

Әркімнің туған жері өзіне ыстық. Әр адам өзі тұрған қаласының таза болғанын қалайды. «Тазалық — денсаулық кепілі» деген ұстанымды да бәрі біледі. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, 16 сәуірде екібастұздықтар ұйымшылдық танытып, сенбілікке қатысты.

Толығырақ
роботехjpg

«Роботикс» студиясы ашылды

Оқырман қауымның есінде болса, газетіміздің өткен сандарының бірінде қаламызда еліміздің түкпір-түкпірінен келген робот техникасы білгірлерінің қатысуымен республикалық семинар өткенін жазған едік.

Толығырақ
DSC_6914

Қазақ тіліне қарсы күрес 30-шы жылдардан басталды

Қаламыздағы тарихи-өлкетану мұражайының ғылыми қызметкері Марат Өтеубаевтың есімі Кереку өңіріне ғана емес, елімізге жақсы мәлім. Ол Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетінің тарих факультетін бітірген. Тарих ғылымдарының кандидаты. Ресей Жаратылыстану академиясының профессоры. 200-ден аса ғылыми мақаланың авторы.

Толығырақ
орнамент

Ұлт жоспарынан ұтарымыз көп

Өткен сейсенбіде аймағымыздың басшысы Болат Бақауов «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ғимаратында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына қатысты баспасөз мәслихатын өткізіп, Елбасы белгілеген бес институттық реформа аясында атқарылған және атқарылар міндеттер жайын тарқатты.

Толығырақ
орнамент

Жұқпалы дерттен САҚТАН!

24 сәуірден бастап елімізде Иммунизация апталығы өткізіледі. Ата-аналар әлдебір себептермен дер кезінде жоспарлы түрде жасалатын екпелерді алмаған балаларын емханаларға әкеп, олқылықтың орнын толтыра алады. Бұл туралы бізге №1 емхананың терапевтік бөлім меңгерушісі Марал Егінбаева хабарлады.

Толығырақ
орнамент

Зағип жан көмекке шақырды

Өткен аптада 112 нөміріне әйел адамның «5-қабат балконынан секірем» деп жұртты дүрліктіргені туралы хабар түсті. Абырой болғанда, құтқарушылар аталған мекенжайға келгенде есікті пәтер иесінің әкесі ашып, әйел сабасына түскен көрінеді. Құтқарушыларға соғылған келесі қоңырау да жоғарыдағыға сәл ұқсас: балконда тұрған ер адам айналадағы жұртты көмекке шақырса керек. Сөйтсе, көзі көрмейтін мүгедекті баласы үйде жалғыз қалдырып,…

Толығырақ
орнамент

Велосипедіңізге ие болыңыз!

2015 жылы Екібастұз өңірінде 35 велосипед ұрлығы тіркелсе, жыл басынан бері мұндай 5 факті орын алды.

Велосипед ұрлығының өршитін кезі – көктем-жаз кезеңі. Ұрылар негізінен тұрғын үйлердің, дүкендердің, базарлардың кіреберістері мен аулаларды ториды. Және ұрлық көбінесе түсте немесе кешкісін жасалып, келтірілген шығын көлемі 10-70 мың теңге аралығында болады.

Толығырақ
орнамент

Лицей мәртебесіне ие

Қаламызда жаңа мектеп ашылғалы жатқанынан көпшілік хабардар. Білім бөлімінің мәлімдемесіне сүйенсек, №36 мектепке лицей мәртебесі берілді. 1200 оқушыға арналған лицей-мектебінде сабақ мемлекеттік тілде оқытылады.

Толығырақ
орнамент

«Асылдандырудан алда тұрмыз»

Биылғы жылдың да І тоқсаны өте шықты. Үш айдың ішінде өңіріміздің мал шаруашылығы саласында 843,6 млн. теңгенің өнімі өндіріліпті. Ал былтырғы жылдың осы мерзімінде 686,9 млн. теңгенің өнімі өндірілген екен. Яғни, өнім өндіру көлемі 22,8 пайызға артқан. Жіліктеп айтсақ, ет өндіру — 105,8, сүт өндіру — 100,5, жұмыртқа өндіру 100,4 пайызды құрап отыр. Шаруа қожалықтары мен жеке шаруа қолындағы төрт түлік саны да біршама өскен.

Толығырақ