DSC_9224

Жеңіс туын жеткізді

Ұлы Отан соғысы жылдарында Мәскеуді ерлікпен қорғаған жиырма сегіз гвардияшы панфиловшылар туралы бәріміз білеміз. Қазақстандық жауынгерлердің бұл батырлығы Одақ көлемінде үлкен ерлік дастанына айналған еді. 1941 жылы 15 қарашада Германия әскері 51 дивизиямен Мәскеуге екінші негізгі шешуші шабуылды бастаған еді. Батыс майданда ауыр ұрыс басталды.

Толығырақ
28.04.2016-1

Ерлігі – ұрпаққа үлгі

Қызыләскер Шәймерден Шүкібаев туралы деректерді редакциямызға баласы Төлеген Смағұлов пен немересі Серік әкеп тапсырды. 1920 жылы Новосібір жерінде дүниеге келген Шәймерден Смағұлұлы әскерге Баянауылдан аттаныпты.

Толығырақ
Изображение 030-2

«Киров» крейсерінен жәдігер

Екібастұз қалалық тарихи-өлкетану музейінің Ұлы Отан соғысы тарихына арналған бөлімінде шағын ғана «Киров» крейсерінің макеті бар. Атақты крейсердің 35 жылдық мерейтойына орай Ленинградта өткен шарадан естелік. Кәдесыйды музейге Ұлы Отан соғысының ардагері Ақшиман Кенсариннің жұбайы Күлкен Қалымқызы тапсырған.

Толығырақ
Сейфолла Мұқажанов-1

Сөзі семсер Сепең еді

Көзі тірісінде аты мен заты ар тазалығының, табанды көзқарастың туына айналған, иландыра сөйлеген сөзі, нық сеніммен атқарған ісі көпке үлгі болған мұндай адамдар сирек. Олар өз заманының тәрбиесін, идеясын бойына қалтқысыз сіңіріп, қоғамның көш басында, жасампаздықтың алғы шебінде жүрген. Сөз Ақкөл ауылының тарихына есімі ойып жазуға лайық ағартушы, майдангер, кеңес-партия қызметкері, коммунист Сейфолла Мұқажанов жайлы болмақ.

Толығырақ
DSC00770-1

«Қызыл телпекті» үш тілде сөйлетті

28 сәуірде №24 балабақша бүлдіршіндері музыка жетекшісі Ирина Усоктың ұйымдастыруымен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімінде есепте тұрған 16 мүгедек бала мен олардың күтушілеріне ерекше тосынсый жасады.

Толығырақ
Қайырбек Арынов-1

Теңізші

Ақкөл ауылының дүркіреп тұрған кезі — кемелденген социализм тұсы. Өткен ғасырдың сексенінші жылдары ауылда мал да, жан да өсіп, шалқып тұрды. Бір жазда қаншама отау тігіліп, шаңырақ көтеріледі. Жас отбасы үшін жаңа үй алудан асқан қуаныш жоқ. 1985 жыл. Бізге де қоспақ үйдің оң жақ пәтері тиіп, мәз болдық. Сол жағындағы пәтер Серік Арыновқа бұйырыпты.

Толығырақ