орнамент

Халық қалаулысы түсінік берді

Қазақстанның бірнеше аймағына үкіметтің ауыл шаруашылығы жерлерін аукцион арқылы сату және шетел-діктерге жалға беру мерзімін ұзарту мәселесін түсіндіру үшін жұмыс тобы шықты. Осы мақсатта Достық үйінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Айқын Қоңыров үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен жүздесіп, Жер кодексіне енгізілген өзгерістерге түсінік берді. Сонымен бірге, «Мәңгілік ел» жобасы туралы әңгімелеп берді.

Толығырақ

Жастар майдангерлерге қолғабыс жасады

Жастар бастамаларын дамыту орталығының волонтерлері  9 мамыр қарсаңында ардагерлерге көмек көрсету жұмысын қолға алды. Волонтерлер Ұлы Отан соғы-сының ардагері Александр Щетчиковтың үйіне жәрдем беруге  келді. «Жас келсе – іске» деген. Қыздар қарияның үйін жинастырып, есік-терезелерін жуды. Ал ұлдар бақшаны ретке келтіріп, картоп екті. Қарияның сексеннен асқан жұбайы жастарға алғысын айтты. Күн жылынған соң волонтерлер қарияның…

Толығырақ
IMG_8044.jpgветеран

«Соғыстан қайтқан солдаттар»

Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында қала әкімі Қайрат Нүкенов Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйіне барып, мейраммен құттықтады. Ең алдымен 92 жастағы Октябрина Илларионовнаның табалдырығын аттаған Қайрат Нүкенов кейуананың 100-ге келуін тіледі.

Толығырақ
P1250982.jpgкайнар

Қарулы Күштерге құрмет

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері 1992 жылы 7 мамырда құрылды. Содан бері бұл дата жыл сайын аталып өтеді. Осы орайда Отан қорғаушылар көшебағында  7 мамырға арналған салтанатты шара ұйымдастырылды. Алаңға Мемлекеттік Ту енгізіліп, Әнұран шырқалды.

Толығырақ
орнамент

Еліміз тыныш болсын деп…

«Атамұра» ұлттық орталығында №14 өртке қарсы бөлім қызметінің Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 71 жыл толуына арналған салтанатты жиыны өтті. Жиынға тыл және еңбек ардагерлері, таулы Карабахта бітімгерлік миссиясын орындаған азаматтық қорғаныс органдарының зейнеткерлері, дін өкілдері мен этномәдени орталық өкілдері қатысты.

Толығырақ
орнамент

«Біз сіздерге қарыздармыз!»

«Қайнар» балалардың бос уақытын қамту кешенінің концерт залында №26 гимназия-мектебінің мұғалімі, мәдениет саласының үздігі Ләззат Шушаеваның ұйымдастыруымен шығармашылық кеш өткізілді. Өнерде жүргеніне 30 жыл болған әнші есеп беру концертін «Біз сіздерге қарыздармыз» деп атап, 9 мамыр мерекесіне арнады.

Толығырақ
DSC_1921.jpg9мая2

Отан қорғағандар – «Мәңгілік полк» сапында

9 мамыр – еліміз үшін айрықша мереке. 1945 жылғы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс жыл өткен сайын жаңғырып, ерлік дастаны келер ұрпақтың бойына үлгі-өнегесін сіңіре бермек. Биыл Жеңіске 71 жыл толды. Мерекеге арналған шара даңқ обелискінің қасында өткізілді.

Толығырақ
DSC_1570.jpgаким1

«Жалғыздың» ұпайы – құдайдан!

Екібастұз қаласының жаңадан тағайындалған әкімі Қайрат Нүкенов ауылдық округтермен танысуды Құдайкөлден бастады. Ең алдымен Құдайкөл жалпы орта білім беретін мектебіне ат басын бұрған әкім шағын орталықтың жағдайымен таныст. Шағын орталықта бүгінгі күні 20 бала тәрбиеленіп жүрген көрінеді. 1-сыныптағы бүлдіршіндер — 12, барлық оқушы саны — 76.

Толығырақ
IMG_3261.jpgм

Командиріне сый жасады

Спорттың бұқаралық сипат алуына еске алу турнирлерінің де қосар үлесі бар. Өйткені мұндай жарыстар әуесқой спортшылардың басын біріктіріп, өзара шеберлік таластыруына мүмкіндік береді. Полиция подполковнигі Бейбіт Мұсабековті еске алу турниріне 8 команда қатысты. «Зерде» мектебі жанындағы жасанды жасыл алаңда Мұсабековтер әулеті. 

Толығырақ
DSC_2233

Аятулла – Азия чемпионы

Бокс сүйер қауымның назары бір апта бойы Павлодар қаласындағы «Астана» мұз сарайына ауды. Өткен аптада мұнда бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты өтті. Әдетте мұндай дүбірлі додаға әр ел келешегінен мол үміт күтетін жас сайыпқырандарын қосады. Қазақстан жастар құрама командасының бас жаттықтырушысы чемпионатқа іріктеп алған былғары қолғап шеберлері арасында екібастұздық боксшылар да болды және олар өздеріне артылған сенімді толық ақтады.

Толығырақ