орнамент

Штаб құрылды

«Павлодар облысы мектептерінен биыл 3604 бала түлеп ұшпақ. Соның 2680-і ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады», — делінген Павлодар облысының білім сапасын бақылау жөніндегі департамент таратқан хабарламада. Ресми хабарға сүйенсек, тестілеуді өткізу форматы өзгермеген. Облыс көлемінде ҰБТ өтетін 10 орын белгіленген.

Толығырақ
орнамент

«Жұлдыздар тоғысқанда» — Екібастұзда

Кеше екібастұздықтар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірдерегін баян еткен «Көшбасшы жолы» атты киноэпопеясының бесінші бөлімін тамашалады. «Жұлдыздар тоғысқанда» деп аталатын фильмнің премьерасына қала әкімі Қайрат Нүкенов, қалалық мәслихат хатшысы Болат Құспеков, қаланың құр-метті азаматтары, т.б. қатысты.

Толығырақ
орнамент

Өзгерістер енгізілді

Қалалық мәслихаттың V сессиясында Екібастұз қаласы әкімдігінің дербес құрамына өзгерістер енгізу мәселесі қаралды. Қала әкімінің аппарат басшысы Феризат Нұрсұлтанқызы депутаттарға қалалық ведомоствоаралық комиссияның құрамынан Александр Вербнякті алып, оның орнына жаңа басшы Қайрат Нүкеновті енгізу туралы ұсынысын жеткізді.  

Толығырақ
DSC_2397

Ұқсата білген — ұтады

Қазақтың атакәсібі мал өсіру екені ежелден белгілі. Ауылдағы ел-жұртты асырап отырған төрт түлік тұяғы да жылдан-жылға көбейіп келеді. Малдың еті мен сүтін өткізу, ұқсату жағы айтарлықтай жол-ға қойылғанымен, тері-терсек, жүн-жұрқаны өткізу мен ұқсату жағы ақсап тұрғалы қаншама жыл болды. Әрине, аталмыш проблеманы биілік тізгінін ұс-таған әкім-қаралар біледі, тіп-тен сөз болып отырған мол шикізатты кәдеге жарату жайы үлкен-кіші жиындарда сан мәр-те әңгіме өзегіне айналып, ұқ-сату кәсіпорындарын мейлін-ше көбейту міндеті қойылып жүр.

Толығырақ
IMG_3329

Беті жылтыр, «арқасы қотыр»

«Өнер» қалалық мәдениет орталығы – қаламыздың бетке ұстар ошағы. Небір атақты әртістер, өнер майталмандары аты әлемге танымал кенді шаһар тұрғындарымен қауышатын орда.  «Өнерде» күрделі жөндеу   өтіп, қасбеті жарқырап шыға келгені күні кеше ғана. Іші де жаңарып, көрерменнің көз қуанышына айналды. Ризамыз. Бірақ «Өнердің» артында да өмір барын ұмыт-пайық. Кешкі серуенге шыққан қала тұрғындары мә-дениет ордасының артындағы алаң мен жұрт «Бәйтерек» атап кеткен Екібастұздың  50 жылдығы атындағы кө-шебақпен екі ортада жүреді. 

Толығырақ
орнамент

Клуб төбесі бүтінделер-ау…

Өткен жұмада Екібастұз қаласының әкімі Қайрат Нүкенов Байет, Комсомол ауылдық округтерінің тұрмыс-тіршілігімен танысып қайтты. Әуелі Байет ауылының мешітіне кіріп, дұға оқытқан қала басшысы ондағы «Әлемнұр» дүкені, медициналық пункт, мектептің шағын орталығына бас сұқты. Бұдан кейін Шиқылдақ ауылындағы әлеуметтік нысандарды аралап, қала басшысы Әлкей Марғұлан ауылына          ат басын тіреді. Әлкей Марғұлан ауылы — Қ.Сәтбаев атындағы канал бойында орналасқан,       табиғаты келісті ауылдардың бірі.

Толығырақ
DSC_2515

Жаңа жұмыс орындарын ашуымыз қажет

Екібастұз қаласының әкімі Қайрат Нүкенов өткен бейсенбіде кезекті сапарын ірі кәсіпорындарда – «Б.Нұржанов атындағы МАЭС-1 станциясы» ЖШС-і мен «МАЭС-2 станциясы» АҚ-да және Солнечный кенті мен Сарықамыс ауылында жалғастырды. Рысқан Свамбаев басқаратын МАЭС-1 станциясын аралаған қала әкімі кәсіпорын жанынан раушан гүлдерді өсіретін жылыжай ашылғаны құптарлық іс екенін айта келе, арзан электр қуатын пайдалана     отырып, шағын зауыттарды құру заман талабы екенін алға тартты.

Толығырақ
орнамент

«Шығысқа» саяхат

Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ «Шығыс» кенішінің ардагерлері өздері еңбек еткен кәсіпорынға барып қайтты.  Зейнеткерлікке шыққандарына біраз жыл болса да, олар кеніш өміріне қызығушылық білдіріп отырады. Экскурсия кезінде зейнеткерлер өндірістегі жаңғырту нәтижелерімен танысып, соңғы жылдары орын алған өзгерістерді көрді.Шараны кәсіпорынның кә-сіподақ комитетінің әкімшілігі ұйымдастырды.

Толығырақ
DSC_2880

Өндіріс тығырыққа тірелді

«Ә.Марғұлан атындағы ауылдан 30 шақырым жерде орналасқан «Аяқ-Қоджан» кен орнында мыс металының қоры мол. Бұл — кезінде осы жерде тынбай еңбек еткен ұлы академик-ғалымдар Қаныш Сәтбаев пен Әлкей Марғұлан еңбектерінің арқасында табылған кен ошақтарының бірі». Осыдан екі жыл бұрын, Әлкей Марғұлан ауылымен іргелес жатқан кен ошағы ашылғанда, республикалық және жергілікті БАҚ өкілдерінің бәрі осылай деп жар салған еді. 

Толығырақ
орнамент

Жылу есептеуіштер орнатылуда

Екібастұзда 659 көпқабатты тұрғын үй бар. Бүгінде соның 99-ы ғана жылу есептеу құралдарымен жабдықталған екен. Қаламызды қыста жылумен қамтамасыз етуші кәсіпорын жылу беру маусымы аяқталысымен-ақ көпқабатты үйлерде есептеу құралдарын орнату жұмыстарын бастады. Қыркүйек айына дейін 443 есептеу құралы жертөлелерден өз орнын таппақ. 

Толығырақ