DSC_4222

Соғылды соңғы қоңырау

Түлектердің жүрегін лүпілдеткен соңғы қоңырау мерекесі де келіп жетті. Білім ордалары он бір жыл түлеткен оқушыла-рын үлкен өмірге шығарып салуда. Биыл Екібастұз өңірі мектептерін 730 түлек бітіргелі отыр. Олардың 542-сі Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады.  7 оқушы «Алтын белгіден»  үміткер, 6 түлек ерекше аттес-тат иесі атанбақ (№1 лицей-мектебі мен «Зерде» мектебін есепке алмағанда). Биыл №18 жалпы білім бере-тін орта мектебін 45 оқушы бітіргелі отыр.

Толығырақ
DSC_3693

Диқандар септі алтын дән

20 мамыр – жұма күні жерге дән себуді жоспарлаған Бесқауға ауылының диқандарына табиғат жайдары мінез танытты. Ылғал жабу, жер танаптарын жырту жұмыстары тыңғылықты аяқталған егістік басында қызу тірлік. «К-700» тракторларына дән сепкіш құрылғыны тіркеп, механизаторлар «бісмілла» деп іске кірісті. Егіннің шығымы табиғаттың мінезіне тәуелді екені аян. Десе де, сонау 1994 жылдан бері осы кәсіптен нәпақа тауып келе жатқан бесқауғалық диқандар тәуекел етуден тайынған емес.

Толығырақ
DSC_3829

Солтан қожа кесенесі салынады

Игілікті істің басы-қасынан табылу — әр азаматтың парызы.  «Солтан қожа кесенесінің іргетасы құйылады екен» деген хабардан құлақтанған жұрт 21 мамыр күні Қылдыкөл етегіндегі «Атам зираты» басына ағылды. Енді әңгімені әрі өрбітпестен бұрын оқырманға Солтан қожа атамыз жайлы біраз мағлұмат бере кетейік. Әйгілі Исабек ишанның немересі Мұхамедсолтан Нұрмұханбетұлы 1896 жылы өмірге келген. Ел іші оны Солтан…

Толығырақ
DSC_4335

Құныққан — құрықтан құтылмас

«Сыбайлас жемқорлықпен күрес» деген тіркесті кейінгі жылдары жиі естіп, жиі айтатын болдық. Рас, қоғамда, қарапайым адамдар арасында жемқорлықпен күрестің шынайылығы мен белсенділігіне деген күмән қылаң беріп  қалады. «Нағыз жемқорларды ұстамай, ұсақ-түйек қылмыс жасағандар ғана тұтылады» деген пікір аракідік болса да айтылатыны жасырын емес.  Шынын айту керек, соңғы жылдар дересінде Екібастұз өңірінде бірнеше жемқорлық қылмыстың әшкереленіп, қалың бұқараға жария етілуі жаңағыдай алып-қашпа пікірлердің терістігін дәлелдеді.

Толығырақ
IMG_5219

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтерді

Тәуелсіз елдің білім деңгейін көтерудің бірден-бір жолы – тілді оқыту. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру ерекше  бір төзімділікті қажет етеді. Ата-бабамыздан асыл мұра ретінде қалған ана тіліміздің мерейін өсіру, басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету – қиын әрі қасиетті еңбек. Біздің қаламыздағы ірі кәсіпорындардың арасында өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретіп қана қоймай, тілдің сөйлеу мәдениеті мен дүниетанымын қалыптастыруды басты назарға алып жүрген мамандардың бірі – «Богатырь Көмір» ЖШС-ндегі Мемлекеттік тілді дамыту тобының жетекшісі Манар Ерботина.

Толығырақ
IMG_6986

Сүйікті ісіне адалдық

Спорт — өзгеше бір әлем. Көк байрағымызды көкке желбірететін, рухымызды көтеріп, жеңіс жолында жұдырықтай жұмылатын спортшылар да ерекше қауым. Сол сайыпқырандардың дулы додаларда бағы мен бабы келісуі, жігері жалындап, қайраты тау суындай тасуы осы сиқырлы саланың басықасында жүрген адамдардың қабілет-қарымынан көрінеді. Соңғы бес-алты жыл дересінде Екібастұз спорты бірталай биіктерді бағындырып, ең бастысы, ол бұқаралық сипат алды десек, аталмыш табыстар қала әкімінің дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы Зейнеп Нұркенованың есімімен тығыз байланысты. 

Толығырақ
IMG_3379

Құлакөлде кездескенше!

Жыл сайын Екібастұз қаласының ауылдары футболдан өзара жарыс өткізіп келеді. Ала доп аламанынан өңіріміздің ғана емес, Ақтоғай ауданының ауылдары да қалыс қалмайды. Ауыспалы кубок тартысқа түсетін додада былтыр Зеленая роща ауылының командасы жеңіске жетіп, биыл жарысты ұйымдастыру мен өткізу кезегі осы ауылдың жігіттеріне жүктелген екен. Ар-Рахман мешітінің имамы Дүйсенбек Оразалинов, клуб меңгерушісі Сұңғат Көпежанов, мектеп мұғалімі Қайырболат Бейсембеков бастаған ауыл жігіттері бұл жауапты міндетті абыроймен атқарды.

Толығырақ
IMG_4594

Қос жүлде — біздің қоржында

Көшпелілердің ежелгі ойыны — көкпарды сүйетін қауымның жолы  19 мамыр күні Май ауданының Көктөбе ауылында түйісті. Мұнда көкпаршылар үш күн бойы Ұлы Отан соғысының ардагері Хасен Сейітқазинді еске алуға арналған облыс чемпионатында шеберлік таластыруға тиіс еді. Биылғы жылдың ірі додасына 6 команда келді. Аймақ чемпионатының ашылу салтанатында Май ауданының әкімі Ардақ Қаңтарбаев, Павлодар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Бейсембаев құттықтау сөз сөйлеп, жігіттерге сәттілік тіледі.

Толығырақ
орнамент

«Алла» сөзін арзандатпайық

Сайлау қарсаңы.  Жол үстінде павлодарлық кәсіпкер  Александр Алексеевич Терентьевпен жолығып таныстық. Облыстық мәслихатқа депутаттықтан үміткер ол ауыл аралай шығыпты. Төртүй мен Тай ауылдарында халықпен жүздескен соң, түстік жедік. Дастархан басында ел ішіндегі хал-ахуал жайлы әңгіме қозғалып, сөз ауыл шаруашылығының қазіргі жағдайына қарай ойысты. Сөйтсек, Ақтоғай ауданының тумасы Терентьев сол жақта егін салумен де шұғылданады екен. Жерді күтіп ұстау, топырақ құнарлылығын арттыру, егіншілік мәдениетін көтеру жайлы пікір алмасып отырған тұста  ұлты татар бизнесмен жігіттің мына бір сөзі елең еткізді. 

Толығырақ
орнамент

Көшеттер көбейсін!

Жақында қалалық мәслихатының және Екібастұздан сайланған облыстық мәслихат депутаттары жиналып, теміржол вокзалының қарсы бағытындағы алаңға 23 қылқанжапырақты ағаш отырғызды.- Бұйыртса, бұл маңды да жасыл желекке толтырсақ деген ойымыз бар. Қалада өткізілген тазалық айлығын осылай қорытындыласақ деп шештік, — дейді қалалық мәслихат депутаты, «Анар» шаруа қожалығының басшысы әрі аталмыш бастаманы көтерген Серік Сәдуақасов.

Толығырақ