ornamentkz

Жас мамандарға ұлағат

Білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті ардагерлер кеңесімен бірлесе отыра жас мамандардың педагогикалық еңбек ардагері, Екібастұз қаласының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері Жеңіс Мейірманмен  кездесу ұйымдастырды.  Шараның мақсаты мұғалімнің өзі таңдаған кәсібіне құрметпен қарауын қалыптастыру, мұғалімдер арасында буын сабақтастығын нығайту еді. «Қайнар» ББК мәжіліс залында өткен кездесуге қала мектептері мен балабақшаларынан жиналған 44 жас маман…

Толығырақ
ornamentkz

Несиені қайтармай отыр

Қалалық әкімдіктің кіші залында өткен басқосуда төрт мәселе қаралды. Құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Асланбек Садықов өңірді дамытудың 2020 жылдарға арналған бағ-дарламасына енген тұрғын үйлер құрылысының барысы туралы айтты. Сонымен бірге, қаладағы атқарылып жатқан құрылыс жұмыстары мен жобалық-сметалық құжаттары іске асырылмаған нысандар, Солнечный кентіндегі «Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ салдырып жатқан тұрғын үйлер жайын баяндады. Аталған…

Толығырақ
ornamentkz

Жеке меншікке беріледі

Қала әкімдігінің кезекті отырысында бюджет қазынасына салмақ салатын нысандарды жеке меншікке тапсыру мәселесі қаралды. Экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Қаламбаеваның мәліметіне сүйенсек, таяу арада сатып алу құқығынсыз №1 емхана мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бағдарламасы аясында жекенің қолына өтпек.  Сонымен бірге, мемлекет алаңы 2 гектарды құрайтын Екібастұздың 50 жылдығы атындағы саябақты, қатты тұрмыстық…

Толығырақ
IMG_2580

Өркендей бер, Екібастұз!

Биыл Қала күні мерекесі жылдағы дәстүрден бөлек бір апта кейін, яғни 17 маусымда аталып өтті. Қала күні аясында да айшықты  шаралар аз болған жоқ. Ертеңгілік «Қазақстан» кинотеатры алдында орнатылған далалық сахнада салтанатты жиын басталды. Қала әкімі Қайрат Нүкенов жұртшылықты мерекелерімен құттықтай келе: — 59 жас – кемелденген шақ. Бізді алда еліміздің гүлденуі жолында талай асулар…

Толығырақ
IMG_3464

Аттандық сапарға, көңілде мол арман

17 маусым күні екібастұздық түлектер үшін атаулы күн болды. Ұлттық бірыңғай тестілеу сынақтарын тапсырған өрендер енді жаңа өмірге жолдама алмақшы.   Орталық алаңға жиналған жұртшылықтың адында қала әкімі Қайрат Теміршотұлы сөз сөйлеп, бүгінгі күн түлектердің жылдар бойғы маңдай терінің нәтижесі, алған білімінің көрсеткіші екенін жеткізді. Ұстаздардың да еңбегі зор екенін атап өтті. Айтпақшы, биыл Екібастұз…

Толығырақ
DSC_9746

Комбинат жұмысы қарқынды

Дерек Бозшакөл тау-кен жобасы 2010 жылдан бастап жүзеге асырылуда. Бұл – Қазақстанның мыс индустриясын ұзaқ мерзімді дaмытуғa aрналған республикалық көлемдегі ірі жоба. Жоба құны екі миллиардтан аса долларға бағаланған. Кеніштің пайдалану мерзімі – 40 жыл. Жыл сайын кеніште 120 мың тонна катодты эквиваленттегі сараланған мыс алынады. Екінші жартыжылдықтан бастап әдеттегіден 20 мың тоннаға артық, яғни,…

Толығырақ
IMG_6512 (1)

Қайғы бәрімізге ортақ

5 маусымда Ақтөбе қаласындағы лаңкестік шабуылдан зардап шеккендерге қолдау көрсетуге арналған жалпыұлттық акцияға қатысуға шақырған үндеуге «Богатырь Көмір» ЖШС-нің ұжымы алғашқылардың бірі болып үн қатып, 9 маусымда кеніш жұмыскерлері қылмыстық оқиғаның құрбандарына көмек көрсету мақсатында қалалық қан тапсыру орталығына барды. Өзің танымайтын адамның өмірін сақтап қалу – нағыз кісіліктің белгісі және мұндай адамдарға қай дәуірде…

Толығырақ
Нұрдаулет не удалять

Жас аккордеоншы

Музыка мектебіне әжесі Рымтай Қалиева қолынан жетектеп апарғанында, немересі Нұрдәулеттен зор үміт күтті. Айтпақшы, тұңғыш немересі өнер жағалайды деген ойы жоқ еді. Бір жолы құрбысы … «Музыка мектебінде Қытайдан келген мықты аккордеоншы бар көрінеді» деп, қызығушылығын оятты. Содан соң №21 мектептің 5-сыныбында оқып жүрген Нұрдәулетті сол шебер музыканттың тәліміне тапсыруды жөн көрді. Немересі ұстазы Қадылбек…

Толығырақ
DSC_4785

Тұлпарлар дала төсін дүбірлетті

«Бәйге болады» десе, елең ететін қазақтың Екібастұз ипподромында ат жарыс болмай кеткелі көңілі жүдеп жүрген еді. Осы олқылықтың орны толтырылып, биылғы Қала күні мерекесінде атқұмар жұртқа тамаша тарту жасалды.  Адам қолы тиіп, сырт кейпі ажарлана түскен атшабарға бұл жолы қарақұрым халық жиналды. Қала әкімі Қайрат Нүкенов екібастұздықтар мен қонақтарды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірген соң,…

Толығырақ
DSC_9499

Біздің елдің жігіттері-жігіттердің төресі»

Бұл жолы дәстүрлі «Жігіт сұлтаны» байқауын тамашалауға бір қауым жұрт жиналуы -  сайыскерлердің жігерін жани түсті. «Өнер» қалалық мәдениет үйі жанында орнатылған сәнді сахна төріне шара жүргізушілері Алмагүл Жүгінісова және  Қанат Бейсеновтің  шақыруымен сегіз жігіт көтерілді. Туып-өскен ауылының мерейін үстем етуге құлшынған  бесқауғалықтар Ерлан Серіков пен Марлан Адамқұлов, ақкөлдіктер Наурызбай Мауытханов, Мейірман Өмірбаев, Зеленая рощадан…

Толығырақ