орнамент

Тегін кеңес берді

Дүйсенбі күні Халыққа қызмет көрсету орталығында «Нұр Отан» партиясы Екібастұздағы бөлімшесінің ұйымдастыруымен «Заңгер кеңес береді» атты акция өтті. — Бұл акция дәстүрге айналып, жылына екі рет өткізіп жүрміз. Тұрғындармен кездесуде адвокаттар, нотариустар, әділет департаментінің өкілдері әкімшілік құқық бұзушылықтар, денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу, сот шешімін орындау, тұрғын үй, банкілік, қылмыстық, еңбек және азаматтық қатынастар, «Неке және…

Толығырақ

Кеншілер мен энергетиктер балалары демалуда

Евразиялық топ (ERG) құрамына енетін «Евразиялық энергетикалық корпорация» акционерлік қоғамы басшылығы мен кәсіподақ комитеті өз жұмыскерлерінің 500 баласын биыл жазғы демалыспен қамтуды межелеген. Бүгінгі күні 70 бала кәсіпорын профилакторийінде тынығу үстінде. Жазғы демалыс мезгілінде 21 күннен үш мәрте демалыс ұйымдастырылады. Сөйтіп, осы уақыт ішінде кәсіпорын жұмыскерлерінің 210 баласы демалып, сауығады. Сонымен бірге, Евразиялық энергетикалық корпорация…

Толығырақ

Табанды болсақ, тіл өрге басады

Қазақ елі тәуелсіздік алғанына биыл ширек ғасыр толғалы отыр. Тізбелеп айтсақ, осы жиырма бес жылдың жемісі де көп. Соның бірі – қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алып, ана тіліміздің өрісі кеңи түсті. Таяуда өткен қала әкімдігі отырысында «Қазақстан Республикасының тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасының Екібастұз қаласында орындалуы туралы» мәселе қаралып, мәдениет және тілдерді…

Толығырақ
DSC_0352

Журналистерді марапаттады

28 маусым — Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қала әкімдігінде салтанатты шара өтті. Қала әкімінің орынбасары Мәриям Адасбаева жергілікті журналистерге ізгі тілегін арнап: — Журналистер – қоғамның белсенді күші. Екібастұз өңірінің жетістіктері жергілікті журналистер арқылы бағаланады. Сондықтан екібастұздықтардың шынайы бейнесін қалыптастыруда журналистердің атқаратын рөлі зор, — деді. Сонымен бірге Мәриям Дәулетбекқызы Екібастұз қалалық телеарнасының бас…

Толығырақ
DSC_0386

Жастар жұмысқа кірісті

Сәрсенбіде студенттік жасақтың еңбек маусымы ашылды. Аталған шара «Достық үйінің» салтанат залында өткізіліп, онда қаланың жоғары және арнайы оқу орындарының студенттері жиналды. Биыл Екібастұз қаласының студенттерінен төрт топ жасақталды. Жасақ құрамындағы жастар саны 180-ге жуық. «Жасыл ел» жасақшылары Екібастұз өңірін көріктендіруге үлес қосатын болады. Құрылыс жасағының бір бөлігі  Жасыбайдағы «Қарлығаш» лагеріне аттанып, қызу жұмысқа кірісіп…

Толығырақ
DSC_9916

Жаңа өмірге жолдама

Бүгінде заман талабына сай мамандық беріп, кәсіби мамандарды даярлау – оқу орындары үшін өзекті мәселе. Өңірімізге қажетті мамандарды оқытып, кадр дайындауда Қ.Сәтбаев атындағы техникалық институт өзінің қомақты үлесін қосып жүр. Аталған оқу орнын биыл 341 түлекті бітіріп отыр. Жуырда жаңа өмірге жолдама алған түлектерге салтанатты түрде диплом табысталды. ЕИТИ-де қазіргі кезде 1029 студент білім алып…

Толығырақ

«Наркескен» байқауы қорытындыланды

Үстіміздегі жылдың наурыз айында «Отарқа» газетінің тұңғыш редакторы Аманкелді Қаңтарбаевты есте қалдыру мақсатында журналистер арасында дәстүрлі «Наркескен» байқауы жарияланған еді. Қазылар алқасы Журналистер күні қарсаңында байқаудың қорытындысын жариялады. Сайыскерлердің арасында Мұрат Аяғанның «Орындалған арман» мақаласы (немесе қазақ үшін химия да табыс көзіне айналды) «Тәуелсіздік жаршысы» аталымына, Бейбіт Бөженнің «Шүкір» мақаласы «Азаттық жаршысы» аталымына, Айдана Айтуғанның…

Толығырақ
DSCN3197

Суқоймада абай бол!

Екібастұз аумағында қалалықтардың тынығуына, шомылуға рұқсат етілген жерлер жоқтың қасы. Содан болар, күн ысып, шомылу маусымы басталғалы Солнечный кентіндегі жағажай демалушылардан босаған емес. Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары тұрғындарды қысы-жазы сақтандырудан танбайды. Өйтуге негіз де жоқ емес. Соңғы бес жылда өңірдегі суқоймаларда 17 адам суға кеткен. Соның ішінде, биыл осындай екі қайғылы жағдай орын алып отыр.…

Толығырақ
13533003_155986724812962_1941171119314004754_n

Еламан алғыс хат алды

Жыл сайын маусымның соңғы жексенбісінде — Жастар күні мерекесін атап өту елімізде дәстүрге айналып келеді. 26 маусымда «Шахтер» мәдени және демалыс саябағында халық қарасы көп болды. Жұртшылық алдында сөз алған қала әкімі Қайрат Нүкенов жастардың қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеялармен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне лайықты үлес қосып келе жатқанын атап өтті. Мерекелік кеште Екібастұз…

Толығырақ
IMG_3826

Мамандығына адал жандар

Қазақстан Президентінің Жарлығымен 23 маусым елімізде мемлекеттік қызметші күні болып белгіленді. Биыл үшінші рет тойланып отырған бұл мереке қаламызда полиция күнімен бірге аталып өтті. Екібастұз қаласында 246 мемлекеттік қызметші, 481 полиция қызметкері еңбек етеді. Қалалық балалар музыка мектебінде мереке иелері үшін арнайы салтанатты шара өткізілді. Мемлекеттік Ту кіргізіліп, Әнұран шырқалған соң қала әкімі Қ.Нүкенов құттықтау…

Толығырақ