20160711_090251

Көріктендіруге атсалысады

Балалардың еңбек мау­сымы жалғасуда. Абай көшесінің бойында №2 мектептің оқушылары жұмыстарын бастағалы жатыр екен. Бүгін екінші маусымның алғашқы күні болғандықтан, бала­лар бригадирдің жұмыс алаңын көрсетуін тосып отыр. Жетекшілері Дар­хан Боранбайұлының қарамағында 10 бала бар. — Еңбек жасағына ең алды­мен аз қамтылған не толық емес отбасылардың балалары алынып отыр. Бірінші маусым- да жұмыс істеп, келесісіне қатысуға…

Толығырақ

Тазалық мәселесі талқыланды

«Нұр Отан» партиясы қалалық филиалында «Қоршаған ортаны қорғау» қоғамдық бірлестігі жастармен кездесті. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы тақырыбына арналған кездесуде өскелең ұрпақты табиғатты аялай білуге тәрбиелеу мәселесі қозғалды. Қоғамдық бірлестік төрағасы Анато­лий Дворак жиналғандарға бірлестік туралы әңгімеледі. Қаламыздағы «Қоршаған ортаны қорғау» қоғамдық бірлестігі 2008 жылы құрылды. Бірлестікті құруға бір кездері Екібастұз кеніштерінде еңбек еткен Е.Әубәкіров, М.Сыздықов,…

Толығырақ
DSC_1197

Күлімсі иіс тұншықтырып тұр

Жұрт жанайқайын жеткізерде журналистерді іздейді. Редакцияға қоңырау шалған Мейірбек Боранбайұлы: «Біздің көше тұрғындарын күлімсі иіс тұншықтырып тұр. Оған кінәлітері өңдеу кәсіпорны. Келіп талап-тілегімізді тыңдап қайтсаңыздар», — деп өтінді. Келісілген уақытта қаланың күн батыс жағындағы Авто­база көшесіне бардық. Тұрғындарды шулатып отырған әлгі «ЛидерМех» тері өңдеу кәсіпорны осы көшеге іргелес орналасқан екен. Күн тымық болса да, кәсіпорын…

Толығырақ
20160711_105245

«Отбасы деген биікті бағындырдым», -дейді құлакөлдік Ғалия Әбелдинова

Табиғаты әсем Баянауылдың қызы Ғалия сүйіктісі Төлегеннің босағасын аттағанда, небәрі он жеті-ақ жаста болатын. Құдай қосқан қосағы бір әулеттің жалғызы еді. Енесі, ауыл үйге қадірлі Бекежан ананың Төлеген десе шығарда жаны бөлекті. Он саусағынан өнер тамған, еті тірі Бекежан ана сәмбі талдай нәзік келінін бірден бауырына тартты.  Ана сүтімен дарыған өнерін жас келінге ерінбей-жалықпай үйретті.…

Толығырақ

Өмірі – үлгі, сөзі – ғибрат

«Дүние шыр айналған бір дөңгелек, Бар ма екен бас-аяғын білген зерек? Дүниеге келмек, кет пек бізге парыз- Береді мән-жайынан кімдер дерек?  – деп Омар Хайям дүниенің болжаусыз екенін меңзеп кеткен екен. Екібастұз қаласының құрметті азаматтарының қатарында 50 жылдық ұстаздық еңбегімен ерекшеленіп, шәкірттері-нің сүйіспеншілігіне, әріптестерінің мақтаны-шына, туыс-бауырла-рының көзайымына, ба-лаларының ардағына айналған Қазақстан Республикасының  Еңбек сіңірген мұғалімі,…

Толығырақ

Сенімен әлі де кездесемін, Қара теңіз!

Жолға алып шыққан көк сөмкемнің ауыр болғанына қарамастан танымайтын адамға оны тапсырғым келмеді. — Рахмет, өзім апара аламын. Әуре болмаңыз, — дедім де, құдды қаланы бес саусағымдай білетін адамдай аяғымды нық басып кете бардым… Сочи мені осындай қонақжайлылығымен қарсы алды. Бірақ, мен оны дәл сол сәтте «бөтенсіндім». Күдікпен қарадым. Қайткенмен бөтен қала, бөтен мемлекет. Тілдері…

Толығырақ

Сақ болмасаң – су да жау!

11 шілде күні Байет ауылында 30 жасар азамат суға батып кетті. Май ауданынан туысының үйіне қонаққа келген ол  тыйым салынған жерде суға шомылған. -Байетке жақын жерде Қаныш Сәтбаев атындағы канал өтеді. Ер адам мас күйінде суға түскен, — дейді Төтенше жағдай-лар басқармасының бас маманы М.Хамитова. Маманның айтуынша, биыл жыл басынан бері Екібастұз өңірінде 3 адам…

Толығырақ

Терезеден құлап, қайтыс болды

Жаз басталысымен аптап ыстық жан шыдатпай, көпқабатты тұрғын үйдегі пәтер иелері терезелерін айқара ашады. Кішкентай балалар үшін қауіпті кезең де осы. Терезе желдеткішіндегі москиттік торды итеріп, құлап кету оқиғалары соңғы жылдары көп кездесуде. Шіліңгір шілденің он екісі күні орын алған осындай оқиға қайғылы аяқталды. Таңғы сегіз жарым шамасында ішкі істер басқармасының кезекші бөліміне шұғыл хабар…

Толығырақ

Бөтеннің мүлкіне қол сұққан

Шідерті кентіндегі полиция бөлімшесінің қызметкерлері «Алтын-Кран-Секьюрити» ЖШС-і күзетшісін ұстап, Екібастұз ішкі істер бөліміне жеткізген. Күзетшіге «Бозшакөл кен-байыту комбинаты аумағынан кісі мүлкін ұрлауды ұйымдастырған», деген айып тағылып отыр. Кен-байыту комбинаты аумағынан шығып келе жатқан «Газель» автокөлігін «Глобус» күзет фирмасының күзетшілері тоқтатқан. Көлікті тексергенде 5 метрлік 10 мыс кабель табылған. Оқиға болған жерге полиция шақырылып, жағдайды анықтады.…

Толығырақ
IMG-20160711-WA0009

Алғыс арқалаған «Атамұра»

«Атамұра» мәдениет орталығы ауылдармен ғана емес, Шідерті кентіндегі түзету мекемесімен де көп жылдан бері тығыз байланыста. Ата-мұралықтар әр мерекеде жаңа концерттік бағдарламаларын ұсынып, аяғын шалыс басып, жазасын өтеп жүрген жандарға сәл де болса қуаныш сыйлауға тырысады. Астана күні қарсаңында түзету мекемесіне «Алаштың бақ ордасы – Астанам» атты көшпелі концерттік бағдарламамен барды. Патриоттық тақырыптағы жаңа әндер…

Толығырақ