20160813100639 (1)

Қос алтын қоржынға түсті

Күн өткен сайын Олимпиада ойындарының дуы қызып тұр. Алтынмен апталып, күміспен күптелген спортшылар өз елінің абыро-йын аспандатып жатыр. Қазақ спортының да қоржыны бос емес. Алғашқы алтын медальға ауыр атлет Ниджат Рахимов ие болып, ел мерейін үстем етті. Ол 77 келіге дейінгі салмақта қос сайыс нәтижесінде 379 келі көтерді. Әсіресе, серпе көтеруде қытай атлетін шаң қаптырып,…

Толығырақ

Білім гранттары тағайындалды

Үстіміздегі жылы елімізде жоғары білім алуға 31 702 грант бөлінген болатын. Соның ішінде педагогика мамандықтарына – 5000, гуманитарлық ғылым-дарға – 700, жаратылыстану ғылымдарына 1470 орын бөлінген екен. Екібастұз қаласында ҰБТ тапсырған түлектер де білім гранттары иегерлерінің тізімі шығатын күнді асыға күткен. Бұл күн де жетіп, тегін оқу мәртебесіне ие болғандар қуанышымен бөлісуде. Сонымен, Екібастұз қаласында…

Толығырақ
IMG_5575

Тұрғызған зәулім сарай, еңселі үй

«Құрылыс – ел экономикасының локомотиві» деп бағалаған болатын Елбасымыз еліміздегі құрылысшылар еңбегін. Құрылыс — қазіргі таңда қарқынды дамып жатқан сала. Оның айқын дәлелі – еліміздегі ірі инвестициялық жобалардың қолға алынып, зәулім ғимараттар мен көпқабатты үйлер санының көбейіп жатқандығы. Бас қаламыз – Астананы айтпағанда, өзіміздің Екібастұз өңірінде жыл сайын әдемі ғимараттар бой көтеріп, қаншама көпқабатты үйлер…

Толығырақ

Әдеп туралы айтсақ…

Өткен аптада «Нұр Отан» партиясы Екібастұз филиалында «Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қызметін жүзеге асырудағы қызметтік этика мен жоғары моральдық-адамгершілік атмосфера» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті. Отырыс тізгінін қолына ал-ған ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Павлодар   облысы бойынша департа-менті басшысының орынбасары — Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Тыныштық Жүсіпов соңғы уа-қытта еліміздің заңнамалары-на енгізілген…

Толығырақ
ФОТО  РЫМБЕК = 87774587888 (62)

Халық аснамбль атағын алды

«Атамұра» ұлттық мәдениет орталығы – ұлттық өнердің насихатшысы. Екібастұз өңіріндегі ауылдарды қысы-жазы аралап, қазақтың қара домбырасымен халық әндерін танытып жүрген орталық өнерпаздары ел алғысын арқалап келеді. Орталықтың құтты шаңырағынан әр кезеңде «Шалқыма», «Мұрагер», «Қамажай», «Гүлдерай» сынды көркемөнерпаздар ансамблі, «Жігер», «Арна», «Қыран», т.б. қыз-жігіттер тобы түлеп ұшты. 2013 жылы мәдени орталық өзінің 20 жылдық мерейто-йын тойлаған…

Толығырақ
БК

Тұңғыш төсбелгі

«Богатырь» кенішінің №1 трактор-бульдозер учаскесінің  механигі Жандос Ибашев Шахтер күні қарсаңында ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісіне ұсынылды. Адал еңбектің бұлайша еленгеніне не жетсін! Жандос Ибашев 1970 жылы 3 желтоқсанда Баянауыл ауданы Торайғыр ауылында дүниеге келген. 1977-1987 жылдары С.Торайғыров атын-дағы мектепте білім алды. 1988 жылы  Баянауылдағы  ауылшаруашылық кәсіптік-техникалық училищесінде оқып  жүріп,  Петропавл индустриалдық-педагогикалық техникумына жолдама алады.…

Толығырақ
БК

Темір тұлпарды тізгіндеген

Қылышбек Боранбаев 1974 жылы Баянауыл ауданының Құндыкөл ауылында туған. Қарапайым отбасында ержетіп, Әлкей Марғұлан атындағы орта мектептен түлеп ұшты. 1992-1994 жылдары Алматы қаласында әскери борышын өтеді. Қылышбектің еңбек жолы өзінің туып-өскен Құндыкөл ауылында механизатор болудан  басталды. Комбайнмен жер жыртып, егін егумен айналысқан еңбекқор жігіт  Кеңес Одағы құлдыраған соң мал өсірумен айналысты. 2005 жылдың желтоқсан айында…

Толығырақ
IMG-20160620-WA0004

Табысты жылдар жылнамасы

Біздің спорт мектебінің тарихы тереңде жатыр. Павлодар облыстық партия комитетінің келісімімен 1961 жылдың қазан айында Екібастұз қалалық атқару комитетінің шешімі негізінде қалалық оқу бөлімі жанынан №1 балалар мен жасөспірімдер спорты мектебі құрылды. Ал 1971 жылы биліктің ұйғаруымен спорттың ойын түрлері мектепте біріктірілді де, Харьков денешынықтыру институты түлегі Анатолий Евгеньевич Герасименко директорлыққа тағайындалды. Мұнда балалар баскетбол,…

Толығырақ
IMG-20160817-WA0001

Сом білекті, от жүректі

«Жасыбай» спорт кешені. Қазақ күресінен аймақтық турнир. 100 келі салмақ дәрежесіндегі ақтық белдесу. Бозкілемге екібастұздық Әділет Нұрпейісов пен семейлік Шалқар Жоламанов шақырылды. Қос палуан да ұлттық күрестің хас шеберлері. Екеуінің де атақ-абыройы бір басына жетерлік. Белдесу біразға созылды. Әйтсе де Әділет қапысын тауып, сәтті әдіс жасағанында, Шалқар кілемге жауырынымен түсті. Жерлес палуанның жеңісіне сүйсінген екібастұздық…

Толығырақ
DSC_5626

Жасыбайда жаттығып жатыр

Тамыз  айының басында №2 балалар мен жасөспірімдер спорты мектебінің директорлығына тағайындалған Әділет Нұрпейісов бірер күн бұрын редакцияға телефон шалды. — Біздің балалар Жасыбай жағасында оқу-жаттығу жиынында еді. Сол жаққа барып қайтуға қалай қарайсыз? — деп бұйымтайын айтты. Келісілген күні сапарға шықтық. Жол үстінде біраз әңгіме тиегі ағытылды. — Спорт мектебінде 755 бала бар. Олар спорттың…

Толығырақ