«Жалақы қарыздарынан құтылдық», — дейді зауыт басшылығы

«2 қыркүйек күні «Қазақстан вагон жасау компаниясы» ЖШС-і өз жұмысшылары алдындағы жалақы қарыздарынан толықтай құтылды. Жұмысшыларға төленген қарыздың жалпы мөлшері 130 миллион теңге шамасында». Аталмыш кәсіпорында өт-кен баспасөз мәслихатында «ҚВЖК» бас директоры Сүйіндік Қуандықов журналистер қауымына осылай деп мә-лімдеді. Кәсіпорын жұмысшыларының ары қарайғы тағдыры қалай болмақ? Зауыттың жоспарлары қандай? Осы және басқа да мәселелер туралы,…

Толығырақ

Арзанға сатты – халыққа жақты

Қазір нарықта тауар құны шырқырап, халықтың үні шырылдап тұрған уақыттың уысында өмір сүріп жатырмыз, мұны төмен бағалы тауар сатылатын жерлерде тізілген кезектерден де байқауға болады. Осындай нөпір кезек қаламыздағы жаңа сауда орны — «Халықтық» базарында өткен ауылшаруашылық жәрмеңкесінде болды. Осыдан бір ай бұрын қанттың бағасы 390 теңгеге дейін барғаны естеріңізде болса, бұл жәрмеңкеде 250 теңгеден…

Толығырақ

Бірінші сынып — жетеу

1 қыркүйек күні – мектептер-дің ауласы ақ жейде киген оқушылардың шаттық үніне бөленді. Білім ордасы табал-дырығын алғаш аттаған балауса бүлдіршіндер қолдарына бір шоқ гүлдерін алып, мектепке асыққан. Жуырда ғана ашылған №36 лицей-мектебінің ұжымы да өз оқушыларын құшақтарын айқара ашып қарсы алды. Алғашқы қоңырау салтанатында мектеп ұжымы мен ата-аналарды білім бөлімі басшысының орынбасары М.Әлиева құттықтады. Салтанатты…

Толығырақ
dsc_9012

Ауылға бет бұрған Родоманов

Тірек ауылдар санатына енген Шиқылдақта, жалпы, мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Бұған Нижний база елді мекеніндегі «Родоманов» және «Номад» шаруа қожалықтарында болғанымызда көзіміз жете түсті. Шідерті өзені бойындағы «Родоманов» шаруа қожалығы құрылғалы тоғыз жыл болыпты. Осы жылдар ішінде мұнда шелектеп тер төгілгені қожалық иесінің әңгімесінен анық аңғарылды. — Бұрын мал өсірген адам емеспін. «Майкөбен» кенішінің…

Толығырақ
dsc_9286

Жаңа үлгідегі «Жарсор»

Шиқылдақ ауылынан шығып, Жарсорға бет алдық. Жолсерік болып келе жатқан ауыл әкімдігінің бас маманы Сәкен Базарбаев: «Мал шаруашылығын жүргізудің заманауи үлгісін көресіздер», — деп, «Жарсор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мақтауын жеткізумен болды. Айтса айтқандай, тамсанса тамсанғандай екен. Айдыны жарқыраған Жарсор көлінің бауырындағы жаңа қоныс келбеті кісі қызығарлық. Ақ кірпіштен қаланған, шатыры ақ қаңылтыр бес-алты үй, монша,…

Толығырақ

Тазалықсыз ауыл – ауру ошағы

Қалалық мәслихат тұрақты комиссияларының таяуда өткен отырысында бруцеллез туралы сөз болған еді. Отырыста депутат Манат Алғамбаров: — Жыл сайын бруцеллезге шалдыққан мал етке тапсырылып, алдын алу шараларына қаншама қаржы бөлініп жатса да, қыруар малдың қайтадан осы ауруды жұқтырғанын естиміз. Неге бұлай? Бәлкім, дезинфекциялау шаралары дұрыс қолға алынбай отырған болар? – деген сұрақ қойды. Ал ветеринария…

Толығырақ

Мерейтойға арнау

Тумаса да жарқылдап жасын өлең, Құймаса да шелектеп тасып өлең. Отыз жылдық тойында кентіміздің Жыр тұлпарды додаға қосып көрем. Қала тектес кентімнің шырайы ашық, Нар жігітпен сұлу қыз қолтықтасып. Бағында ұлы Абайдың отыр, әне, Орыс, қазақ қарттарым жарқылдасып. Татулықтың көтерген туын биік, Жас өскінім, сендерге басымды иіп. Айға барып қонғандай қуантады, Жүргендігі өзге ұлтпен қосып…

Толығырақ
dsc_8719

Алғашқы қоңырау соғылды

Жаңа оқу жылын асыға күткен мың сан оқушы білім ошағымен  қайта қауышты. Солнечный кентіндегі Абай атындағы №28 қазақ мектебі табалдырығын 405 оқушы аттады. Алғашқы қоңырау салтанатына сапқа тізілген балалар арасында, әсіресе, жүзінен шаттық лебі ескен 42 балдырған ерекше сезімде. Мектепке «тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққалы» тұрған олар осы күннен бастап оқушы атанды. Мектеп ауласына…

Толығырақ

Көше атауларына көңіл бөлсек…

Қазақ елі тәуелсіздік алғаннан бері көп іс тындырылып келеді. Еліміздегі 5 облыс пен 13 қаланың, 54 аудан атауының қазақшалануы осының куәсі болса керек. Одан бергіде алаштың ардақты ұл-қыздарын ұлықтап, көшелерге солардың есімдерін бере бастағанбыз. Бұл үрдіс біраздан бері үзіліп қалды. Екібастұз қаласына келсек, егемендіктің таңы атқалы отызға жуық көше аты өзгертілді. Десе де, аты мен…

Толығырақ
ganeevy

«Шығыс» кеншілері – Ұлттық байқау қатысушылары

Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ «Шығыс» кеніші қызметкерлері – Ганеевтер әулеті Павлодар облысы атынан Астана қаласында өтетін республикалық «Мерейлі отбасы» байқауына қатысады. 2016 жылдың маусым айында Ганеевтер әулеті «Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының аймақтық кезеңінің қатысушылары атанды және республикалық додаға Павлодар облысының атынан қатысу құқына ие болды. – 26 отбасының ішінен Ганеевтер отбасы…

Толығырақ