OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Қала тазалығы баршамызға ортақ

15 қазан күні жалпықалалық сенбілік жарияланып, таңертеңнен тазалық шаралары басталып кетті. Әдеттегідей кәсіпорын, мекеме жұмыскерлері өздеріне тапсырылған аумақтарда санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді. Қаланың коммуналдық қызметтері жоспар бойынша көріктендіру шараларын атқарды. Студенттер мен оқушылар, ардагерлер де сенбілікке белсене кірісті. Жер-жерде тазалық жұмыстарымен қатар көшет отырғызу, көріктендіру жұмыстары да жүргізілді.

Толығырақ
OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Асылдың сынығы ардақталды

Ақкөл ауылдық округінің Зеленая роща ауылында әйгілі әнші-сазгер Естай Беркімбаевтың немересі Зекен  әже тұрып жатыр.  Ақ жаулықты әже 15 қазан күні 87 жасқа толды.

Қазыналы қарияны туған күнімен құттықтау үшін қала әкімдігінен басшылар арнайы келіп, ауыл клубында  салтанатты рәсім өткізілді. Сахна төріне жайғасқан Зекен әжеге қала әкімінің орынбасары Ерлан Мырзабеков облыс әкімі Болат Бақауовтың құттықтау хаты мен ақшалай сыйлығын табыс етіп, иығына қазақ дәстүрімен шапан жапты.

Толығырақ
izobrazhenie-041

Бейнесі көңілден өшпейді

 

«… Досымыздың бірі жоғары математикадан емтиханды тапсыра алмай, әбден тауы шағылып, университетті тастап, БАМ құрылысына кетпекші болды. Мұны естіген Мәкең: «Бірге дайындалайық, сынақтан сүрінбей өтіп-ақ кетесің. Қартайған әке-шешеңнің жалғыз ұлы емессің бе? Үміт артып отырған ата-анаңның сағын сындырма, ақылға көш», — деп, әлгі досымызды жаңсақ әрекеттен бас тартқызды.

Толығырақ
img-20161004-wa0008

«Кәусардың» өнердегі өрнегі

«Кәусар» десе, қала мен ауылдың арасын жалғап, Екібастұз өңірінің мәдени шараларының сәніне айналған ақ жаулықты апалар келеді көз алдыңызға. Наурыз, қымызмұрындық секілді ұлттық мерекелерде ауылдан артынып-тартына жететін ансамбль мүшелері ата салтымен алдыңызға ас ұсынады. Түрлі байқаулар мен сайыстарға атсалысып, ел назарында жүреді. Осылайша, әр ауылды жеке аралап, білгені мен өмірден түйгенін жас ұрпақ санасына сіңіріп, тәрбиелік мәні бар түрлі шараның басы-қасынан табылып жүрген «Кәусар» әжелер ансамблінің құрылғанына биыл сегіз жыл толды.

Толығырақ
img_7410-1

Қайырымды жандардың қамқорлығында — 24 бала!

Ерлі-зайыпты Герман және Екатерина Яценколардың 11 баланы бауырына басып, тәрбиелеп отырғанын біз бұдан бес жыл бұрын газетімізде жазған едік. Кейін мейірімді жандар тағы да он үш баланы қамқорлығына алды. Бүгінде балалардың ішінде біреуі ғана патронаттық тәрбиеде.Екатерина Александровна қайсыбіріне өз тегін берсе, өзгелерін заңды түрде рәсімдеп, қамқоршылық тәрбиеге алды.

Толығырақ
img-20161015-wa0001

Озық технологиялар тиімді пайдаланылуда

Еліміздің инновациялық дамуы бағытындағы серпінді жобалардың ішінде аса салмақтысын «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ (Еуразиялық Топ құрамына кіреді) өз мойнына алғанын  аймақ жұртшылығы жақсы біледі. Осы бағыттағы айтулы жобалардың бірі – циклді-ағынды аршу кешені Екібастұз қаласындағы отыз жылдан астам тарихы бар «Шығыс» кенішінде жүзеге асырылғанын да мақтанышпен атап өткеніміз жөн.

Толығырақ
sbornaya-komanda-g-ekibastuz

Шоқтығы биік болды

Павлодарда тоғызқұмалақтан облыс чемпионаты өтті. Бозбалалар мен қыздар жас ерекшелігіне қарай үш топқа бөлініп, сайысқа түсті. Жарыс швейцар жүйесімен өткізіліп,  9 тур ойналды. Чемпионатта екібастұздық тоғызқұмалақшылар тәп-тәуір өнер көрсетті. Ойынның классикалық түрінде 18 жасқа дейінгі топта Ақан Файзулла жеңімпаз атанды.

Толығырақ
vvvv

Форумнан шабытпен оралды

Қазіргі заманда Абайша айтсақ, «талаптың мініп тұлпа-рын, тас қияға өрлеген» жас-тар көп. Қазақ елі Тәуелсіздік алған ширек ғасыр ішінде өсіп-жетілген бұл буын еркін, тау қопарардай қайратты. Ғылым мен өндірісте, өнер мен спортта биік белестерді бағындырып жүрген асқақ арманды елжанды жастар таяуда облыс орталығындағы Естай атындағы мәдениет сарайында бас қосты.

Толығырақ
img-20161004-wa0014

Чек талап ет! Патриот бол!

Жастар бастамаларын дамыту орталығы азаматтық белсенділікті күшейту және салықтық мәдениет пен патриотизмді арттыру мақсатын көздеген «Чек талап ет! Патриот бол» акциясын қорытындылады.

Акцияның мақсаты – тұтынушылардың құқығын қорғау, кәсіпкерлерді адал бәсекелестікке ынталандыру, қызмет көрсету сапасын арттыру, жергілікті бюджетке салық түсімін ұлғайту.

Толығырақ
орнамент

Болжамның шикі тұстары бар

Экономика қуатты болса, әлеуметтік-тұрмыстық хал-ахуалдың да жақсаратыны белгілі. Осы орайда алдағы уақытта екібастұздықтарды не күтіп тұр? Кезекті аппарат мәжілісінде «2017-2021 жылдары Екібастұз қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамының жобасы» туралы экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі басшысының міндетін атқарушы Г.Қаламбаева ақпарат берді.

Толығырақ