%d2%93aliya

Әкесінің зиратын іздеп тапты

ІІ Дүниежүзілік соғыстың зұлматы аяқталғалы 70 жыл уақыт өтсе де, жүрекке түскен жара жазылар емес. Сұрапыл соғыс басталысымен қан майданға аттанып, туған елінен жырақта ажал құшып, жат жерде жерленген азаматтар қаншама.

Толығырақ
OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Конференция делегаттары сайланды

«Қайнар» ББК-де қала әкімі Қайрат Нүкеновтің қатысуымен «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының ХХІ есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Конференцияға мемлекеттік мекемелер мен қала түзуші кәсіпорындардың, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Жұлдыз Тәйкебаева қатысты.

Толығырақ
boui1ow1tay-1

Жерлестеріміз – жеңімпаз

«Бала дауысы» І Ұлттық балалар ән байқауы мамыр айынан бастау алып, қараша айына дейін жалғасты. Байқаудың мақсаты – еліміздің түкпір-түкпіріндегі талантты балалардың әншілік деңгейін анықтау.

Бұл жоба Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қорының  ұйымдастыруымен жүзеге асырылып, ондағы 20 адамнан құралған шығармашылық топ еліміздің әр өңірін аралап, кіл мықтыларды таңдады.

Толығырақ
OLYMPUS DIGITAL CAMERA

«Жеңімпаз жауынгер»

15 қараша күні Сарықамыс ауылында елеулі оқиға болды. Ауыл орталығындағы саябақта «Жеңімпаз жауынгер» ескерткішінің ашылу рәсімі өткізілді. Салтанатты рәсімге жергілікті тұрғындар жиналды. Қала әкімінің орынбасары Мәриям Мәлікова жиналған қауым алдында сөз сөйлеп, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтар мен жеңімпаз жауынгерлердің ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын, есімдері ел жадында сақталатынын айтты.

Толығырақ
15027564_216533502117378_3054475618025994435_n

Мерейтоймен құттықтады

Ұлы Отан соғысының ардагері Закирзян Шағиахметов 15 қарашада 90 жасқа толды. Ардагерді құттықтауға қала әкімі Қайрат Нүкенов, «Нұр Отан» партиясы ЕБ, «Жас Отан» жастар қанаты өкілдері келді. Қонақтарды отбасымен қарсы алған ақсақалға денсаулық пен ұзақ өмір тілеген қала әкімі гүл шоғын ұсынды.

Толығырақ
olnechnyj

Тыңдаушысын тапқан ұжым

«Ақ ниет» әжелер ансамблінің Солнечный кенті халқы үшін орны бөлек екен. Сахна төріне шығып, ән айтқан жиырма жыл ішінде ақ жаулықты әжелер өз тыңдаушысын тауып, талғамын қалыптастырғаны мерейтойлық ән кеші барысында бірден байқалды. «Мақпал» мәдениет үйінің кең залын лық толтырған көрермен өнерпаз әжелерге ыстық ықыласын білдіріп, қызу қолдау көрсетіп отырды.

Толығырақ
орнамент

Біздің де ұсынысымыз бар

Әйгілі әнші-сазгер Естай Беркімбевтың қазіргі Екібастұз ауылдық округіне қарайтын Қаражар ауылының тумасы екенін жұрттың бәрі біледі. Сол  ауылда тұрғылықты халық белгітас орнатқан. Өлеңті өзені, тоғыз көлдің бойында, Ақкөл, Зеленая роща ауылдарында Естайдың ізі қалған, ұрпақтары осы өңірде тұрып жатыр. Естай әншінің аты «Қорлан» әнімен шығып, бүкіл қазақ жеріне тараған.

Толығырақ
орнамент

Комсомольский шолақ көшесін берсек…

Қалалық мәслихат 18 қа-рашада көше аттарын өзгерту-ге байланысты қоғамдық тың-дау өткізбекші. Мәслихаттың газетке жариялаған хабарламасынан қаладағы Открытый шолақ көшесіне Түсіпхан Қасымжановтың аты ұсынылып жатқанын білдім.

Толығырақ