Ағашты шауып, жарықты шектемек…

Мәшһүр Жүсіп көшесі бойындағы «Лето» дәмханасының жанында шағын көшебақ бар. Оған таяу орналасқан №№83, 85, 87, 89 үйлердің тұрғындары талай жыл маңайдағы ағаштарды баптап-күтіп, шаһардың тазалығын сақтауға үлес қосып келеді. Жақында «аталған аумақтағы ағаштар шабылып, орнына той салоны салынады» деген ақпарат тұрғындарды дүр сілкіндірді.

Толығырақ

Бәрі мердігерге байланысты

 «Нұрлы жол» бағдарламасы қолға алынғалы жұрт заманауи тас жолдың толықтай салынып бітуін тағатсыздана күтіп жүр. Жаз шыға үміт  үдей түседі. Десек те, кейбір мердігердің сылбыр қимылы көңілді су сепкендей басады. Тап осы мәселе билік партиясын да алаңдатып жүр екен, 27 шілде күні құрамына «Нұр Отан» партиясы Екібастұз бөлімшесі төрағасының бірінші орынбасары Светлана Гладышева, партиялық бақылау комиссиясы төрағасы Ерболат Қоңырбаев, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшесі Сергей Лепехин, партиялық бақылау және мониторинг тобы жетекшісі Серік Сәдуақасов пен журналистер кірген жұмыс тобы Шідерті кенті бағытында сапарға шықтық.

Толығырақ