вручение през

Естен кетпейтін сәттер

Қазақ Елінің жаңа тарихы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Елбасының көреген саясаты нәтижесінде Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстанның абырой-беделін әлемдік аренада асқақтатқан тарихи маңызды оқиғалар жүзеге асырылды. Осылайша, ұлт көшбасшысына айналған адаммен дидарласу, сөйлесу әркімнің пешенесіне жазылмаған. Ал «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ-ы «Шығыс» кенішінің механигі Рышат Әміренов Елбасымен бірнеше дүркін жүздескен азамат және ол…

Толығырақ
24058769_1757029811035641_8353699382389232291_n

Қызанақ өсіруге кірісті

Тұңғыш Президент күні қарсаңында «GreenhouseKZ» серіктестігі қызанақ өсіретін жылыжай кешенін іске қосты. Заманауи қондырғылармен жабдықталған жылыжайдың алғашқы өнімдері желтоқсан айының ортасында нарыққа жол тартпақ. Жылыжайдың ашылуына облыс әкімі Болат Бақауов қатысты. Өңірдің ауыл шаруа-шылығы саласының дамуын оң бағалаған аймақ басшысы «GreenhouseKZ» серіктестігі қызметкерлеріне алғысын жаудырды. — Елбасы өз сөзінде ауыл шаруашылығы саласы еліміздің экономикалық дамуына…

Толығырақ
DSC_0050

93 жасты бағындырды

Екібастұз өңірінде Ұлы Отан соғысы ардагерлері көп қалған жоқ. Содан болар, қала басшылығы олардың әр қуанышына ортақтасып, шаңырағына арнайы барып құттықтауды әдетке айналдырған. Жақында соғыс ардагері Александр Щетчиков 93 жасқа толды. Шаһар басшысы қарияны құттықтап, сый-сияпатын ұсынды. Ардагер тоқсан жастың ауылына аяқ басса да, әлі де тың екен. Құлағы сәл естімейді демесеңіз, үйіне келген қонағын…

Толығырақ
DSC_0439

«Орикадан» ауруханаға – 40 кереует

Қаламызда тәулік бойы үзбей жұмыс істейтін көпсалалы емдеу мекемелерінің бірі – қалалық аурухана. Мұхаметқайыр Андосов басқаратын бұл мекеменің  екі емдеу корпусы өткен жылы толық жөндеуден өтсе, биыл үшінші корпуста жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде неврологиялық аурулар, соның ішінде инсульт дертіне шалдығушылардың қатары күн өткен сайын артып келеді. Біздің медицина инсульт секілді қауіпті дерттерді бастапқы сатысында анықтауға…

Толығырақ
rukhani

Бірқатар көшенің атауы өзгереді

Тәуелсіздік алғанымызға ширек ғасыр толса да, біздің қалада Кеңестер Одағын дәріптейтін көше аттары көп. Шындығын айтсақ, жастарымыздың дені көше аттарын кімдердің иеленгенін біле бермейді. Кейбір атаулардың жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуде кедергі келтіретінін де айтып өткеніміз жөн. Уақыт талабына сай келмейтін көшелерді өзгерту – бүгінгі буынға парыз. 22 қараша күні  «Қайнар» ББК-де өткен көше атауларына қатысты өткен…

Толығырақ
rukhani

Қос күйші немесе Рух қалай оянады

«Маңғыстау – Астана» жолаушылар пойызы. Тамбурға шығып,  кері беттеп едім, есігі сәл ашық купе ішінен төгілген әдемі саз елең еткізді. Кілт тоқтап, тың тыңдаған адамдай құлақ түрдім. Төкпе күй екен. Құмартқаным сондай, купе есігін сырғытып, ішке үңілгенімде, бір-біріне қарсы отырған екі бозбала күйшіні көрдім. — Аға, тыңдағыңыз келсе, кіріңіз, — деп ілтипат танытты біреуі құйындаған…

Толығырақ
DSC_0361

Таңдаулы білім ордасы

Атақты кентанушы Қосым Пішенбаевтың есіміне ие болған Екібастұз тау-кен техникалық колледжіне биыл – 50 жыл! Жарты ғасырлық тарихы бар білім ордасы екібастұздық ірі кәсіпорындардың сұранысын қамтып, білікті мамандарды даярлауда. Жайлы орындықты аңсамай, өңірдің өнеркәсіп саласын дамытуды мақсат еткен болашақ қарапайым жұмыскерлер осында білім алуда. Көмірлі өлкенің кемел келешегі де осылар! Мерейлі мерейтойға орай білім ордасындағы…

Толығырақ
орнамент

Тұрғындар наразы

Пионерская және Тепличная көшелерінің тұрғындары «көшенің қақ ортасынан қазылған шұңқырлардан шаршадық» деп отыр. Белгілі болғандай, жылыту маусымына дейін мұнда жылу құбырларын ауыстыру көзделген. Алайда мердігер ұйым өкілдерінің салғырттығынан тиісті жұмыстар әлі аяқталмаған. Тұрғындардың өтінішінен кейін қалалық мәслихаттың құрылыс, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы мүшелері мен бұл іске жауапты мамандар аталған учас-келерге…

Толығырақ
орнамент

Мұғалім Қали туралы

Қолымызға баспадан биыл шыққан «Ұрпақтарға ғибрат» атты кітап тиді. Бұл кітап 1912 жылы Ақкөл ауылында дүниеге келіп, кейін Екібастұз орта мектебінде еңбек еткен ардақты ұстаз Ғали Мұхамедияұлы Мұхамедиев жайлы екен. Жаңа кітапты парақтай отырып, Ғали Мұхамедияұлының Екібастұз қаласының Құрметті азаматы Қайрат Смағұ-ловтың, «Зерде» мектебінің алғашқы директоры Нағима Қуанышеваның, саз-гер, академик, экономика ғылымдарының докторы Байболат Әубәкіровтің,…

Толығырақ
орнамент

Маргүлдің «Арманы»

Екібастұз өңірінде өнер саласын өркендетіп жүрген абзал жандар аз емес. Солардың бірі – Маргүл Ғұмарова. Оның есімі аталса, ойымызға «Арман» үлгілі вокалды-эстрадалық ұжымы оралатыны рас. Осыдан отыз жыл бұрын құрылған  топ талай халықаралық конкурстардың жүлдегері атанды. Өткен аптада «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешенінде «Арманның» 30 жылдық мерейтойы мен Маргүл Ғұмарованың зейнеткерлік жасты…

Толығырақ