орнамент

Қорған соғу қорған бола ала ма?

Қазір қит етсе қорған соғып, төңіректі тас қамалға айналдыратын болдық. Биіктігі аттылы кісідей дуал көбейді. Қоршаған ортамен үйлесіп тұр ма, шаһардың шырайын бұзды ма, бұл жағына бас қатырып жатқан ешкім жоқ. Осылайша, жұрт тамашалап жүрген талай көрікті орын адам көзінен жасырылды. Бітеу дуалдың не үшін қажеттігін түсінбеймін. Жұрттан оқшауланып, томаға-тұйықталып алатын заман туды, әйтеуір, — деді автобустағы жігіт ағасы сөзін астарлай сөйлеп. 

Толығырақ

Кент тұрғындары көбеюде

«Оңтүстіктен – солтүстікке» бағдарламасы Солнечный кентінде жалғасын тапты. Жуырда кент әкімі Маржан Алшымбаева Оңтүстік Қазақстан облысына іссапарға шығып, жергілікті тұрғындар арасында бағдарламаның тиімділігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізуге қатысқан еді. Сол сапарда арыстық Асқарбек есімді азамат  Павлодар өңіріне көшуге тілек білдірген екен. Асқарбек Мұхаммедов – Арыстың Сырдария ауылының тумасы. Жақында жұбайымен, үш баласымен Солнечный кентіне көш…

Толығырақ

«Жаңа заман Әзірбайжан поэзиясының антологиясы» жарық көрді

Астанада үшінші мәрте өткен Еуразия халықаралық кітап көрмесінде «Фолиант» баспасының ұйымдастыруымен «Жаңа заман Әзірбайжан поэзиясының антологиясы» атты кітаптың тұсауы кесілді.

25 сәуірде өткен тұсау-кесер рәсіміне Әзірбайжан елінен келген Дүниежүзілік Жас Түркі Жазушылар одағы Мәслихат кеңесінің төрағасы Әкбер Ғошалы, ақын Ильгар Түркоглы және Иылмаз Окуглы қатысты.

Толығырақ