DSC_0380

КӨПТЕН КҮТКЕН КҮН ЕДІ

Солнечный кентіндегі қазақ қауымы ерекше қуанышты. Биылғы көктем олар үшін жақсылық жаршысы болды. 27 наурыз күні көп жылдар бойы күткен жаңа қазақ мектебінің құрылысы басталды. 420 оқушыға лайықталған білім ордасы, сәтін салса, келер жылдың маусымында пайдалануға беріліп, балаларға есігін айқара ашады.

Толығырақ
МЕКТЕП

Мектебім – әнім, гүл-бағым

Биыл еліміздегі бірегей білім ордасы – қазақ қыздар гимназиясының ашылғанына- 25 жыл.

Ширек ғасырлық белесті бағындырып отырған аталмыш қыздар гимназиясы білім берумен ғана шектелмей, ұлттық рухтағы жастарды тәрбиелейді. «Ана ұлағаты» қоғамдық бірлестігі, «Атамұра» мәдениет орталығы директоры Нұрсұлу Төлеубаева және мұғалімдер мен оқушылар қатысқан шарада мектеп директоры Саламат Избастина гимназияның ұстанымына кеңірек тоқталды. 

Толығырақ
орнамент

Сахна үшін жаралған бала

№16 «Балдәурен» балабақшасының бүлдіршіні Жәлел Ибрагим – өнерге жақын бала. Тәрбиешісі Айжан Шайғазы оның қабілетін алғашқы күннен байқаған екен. Жәлелмен ерінбей-жалықпай жұмыс істеп, оның қабілетін шыңдауға кіріскен. Жан-тәніңмен атқарған жұмыс қашанда нәтижесін береді емес пе? «Әнді құр дауыстап айтып шығу аз. Оны бойыңнан өткізіп айту керек. Қазақстан туралы әнді шырқағанда, қазақтың кең даласын елестетуің керек»,…

Толығырақ
орнамент

Ауыл клубтары неге суық?

Екібастұз өңірінде бүгінгі күнге дейін 18380 адамның мәртебесі анықталмаған. Қала әкімдігінің кезекті отырысында мұның себебін жұмыспен қамту бөлімі басшысының орынбасары Үміт Айтбаева төмендегідей түсіндірді: кейбір адамдар жұмыс істейтін орнының атауын дұрыс көрсетпеген, қайсыбірі өзінің жұмыс істейтінін растайтын құжаттарды тапсырмай отыр. 

Толығырақ
DSC_0028

«1000 IT-сынып»

Әлемде ақпараттық технологиялар қарыштап дамып жатқан шақта еліміз де IT саласын дамытуға көп көңіл бөліп отыр. Елбасы Н.Назарбаевтың «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында «Нұр Отан» партиясы балаларға арналған тегін IT-сыныптар ашу және IT-мамандар даярлау ісін қолға алғаны белгілі. 

Толығырақ
IMG_9706

Жаппай қолдау көрсетті

«Тәні саудың – жаны сау» демекші, таңғы жаттығудың адам үшін пайдасы зор. 26 мамыр күні таңертең екібастұздықтар «Шахтер» саябағындағы амфитеатрға жан-жақтан ағылды. Елбасы үндеуінде айтылған «Челлендж «Сенің жаңа қырың!» акция-сын жаппай қолдаған мыңнан астам жасамыс пен жас қатар-қатар сап түзеп, №2 БЖСМ жаттықтырушылары жүргізген таңғы жаттығуға жұмылды. Жаттығу жасаушылар қатарынан қала әкімі Қайрат Нүкенов, мемлекеттік қызметшілер, әйгілі спортшылар Л. Симутина, Артем Чуйко, Бахтияр Смағұлов және т.б. табылды. 

Толығырақ
палуан

Бозкілемде — әйгілі палуандар

Біздің қалада түрлі деңгейдегі спорттық жарыстар жиі өткізіліп тұрады. Өткен аптада еркін күрестен ересектер арасында дәстүрлі «Огни Екибастуза» республикалық турнирі болып өтті. Жанкүйер қауым палуандардың бозкілем үстіндегі белдесулерін тамашалап, шеберлігіне тамсанды. Жарыстың ашылу рәсімінде қала әкімдігінің спорт және денешынықтыру бөлімінің басшысы Нұрлан Байбәкіров палуандарға сәттілік тілеп, спорттық акробаттар өнер көрсетті. Бір атап өтерлігі, бұл жолғы…

Толығырақ
орнамент

Туған ауылға – тарту

Жаңа мектеп құрылысына ауылдың үлкен-кішісі жанашырлықпен қарайтыны көрініп тұр. Ардагер ұстаз Қабдысәмет Зайырбаев, мектеп директоры Бауыржан Сәрсекеев және т.б. сол жерде жүр. Бұған таңдануға болмайды, Зеленая роща ауылы халқы әу бастан ынтымақ-бірлікке айрықша мән берген. Ал бірлігі мығым елге құт қонады. 

Толығырақ