1.06

Мерекелік тосынсый

1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай жергілікті билік қаламыздағы патронатты отбасылардың біріне мерекелік тосынсый жасады.

Қала әкімінің орынбасары Наталья Нефёдова мен «Екібастұз» балалар қоғамдық қорының төрайымы, қалалық мәслихат депутаты Т.Шмидт, қалалық білім бөлімінің басшысы Ж.Ибраев көпбалалы отбасын мерекемен құттық-тап, ноутбук пен тәтті сыйлықтар сыйлады.

Толығырақ
20180604_145925

Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы

1992 жылдың 4 маусымы — еліміздің тарихында алтын әріптермен жазылған елеулі күндердің бірі. Бұл күні еліміздің егемендігін айқындайтын Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері бекітілді. Бүгінде шекарасы шегенделіп, төрт құбыласы теңелген тәуелсіз еліміз Елтаңбасымен еңселі, Туымен тұғырлы, Әнұранымен айбатты!

Толығырақ
орнамент

Сағындырған жаз келді

 «Шахтер» саябағында Халықаралық балалар күніне арналған шаралар легі басталды. Амфитеатр сахнасында мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің шеруі өтті.

Біркелкі киінген шеруге қатысушылар білім мекемесінің белгісін жоғары көтеріп, алаңға кезекпен шықты.

Толығырақ
DSC_0103

Дарындылар – ел болашағы

Қалалық әкімдікте дарынды балаларды марапаттау салтанаты өтті. Салтанатқа облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадалардың жүл-дегерлері шақырылды.

2017-2018 оқу жылында 52 оқушы облыстық олимпиада жүлдегері атанған. 5 оқушы республикалық олимпиадаға қатысса, 2 оқушы халықаралық білім сайысынан орын алған.

Қала әкімі Қайрат Нүкенов жиналғандарды рәміздер күнімен құттықтап, қазақстандықтар үшін Ту мен Елтаңбаның маңызын атап өтті. Әрі қарай дарынды оқушыларға сөз берді. Балалар өз жоспарларын бөлісті.

Толығырақ
P1300905

Павлодарда этноауыл ашылды

Павлодар қаласындағы Гагарин саябағында облысқа қарасты аудандар мен қалалар 28 этноауыл құрды. Әр аудан екі киіз үйден тіккен.

Осы күні ертемен саябаққа жан бітті десе болады. Әр киіз үйдің жанында орамал тағып, ас  қамымен жүрген қыз-келіншектер. Балалар мен жастар  алтыбақанда тербетілсе, бір қауым ел киіз үйдің жанындағы томағасы алынбаған бүркітті тамашалап тұр. Қайсыбір киіз үйлерден шыққан әсем ән қозы көш жерден естіледі.

Толығырақ
IMG-20180601-WA0060

Банктен — базарлық

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Қазақстан халық банкі» АҚ-ның Екібастұз бөлім-шесі қалалық аурухананың балалар бөлімшесінде емделіп жатқан бүл-діршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлады. Балалар банк қызметкерлері ұйымдастырған қызықты бағдарламаны тамашалады. Олар мерекеге арнайы шақырылған аниматорлармен түрлі ойындарға қатысып, мәз-мейрам болды.

Толығырақ
Медаль

Жаңа алаңдағы Жарыс

Теңбіл допқа құмар балалар үшін тағы бір тамаша тарту жасалды. 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай жасанды жабындылы үлкен футбол алаңы алғашқы жарысты қабылдады. Былтыр облыстық бюджет қаражатына салынған стадионның көркі көз тойдырады, төсенішінің сапасы жақсы екені байқалып тұр.

Толығырақ
участники Молодежного слета от АО ЕЭК

Табысты дебют

Еуразиялық Топтың барлық бөлімшелерінен екі жүз жас жұмысшы І ERG жастар слетінің қатысушысы болды. Шара үш күн бойы Баянауылдағы «Факел» демалыс аймағында өтті. Слетке Астана, Рудный, Ақтөбе, Павлодар, Лисаковск, Қарағанды, Хромтау, Ақсу және Екібастұз жастары келді.

Толығырақ
11932

Бір тармағы биыл бітеді

Бағытымыз – Шідерті кенті. Тас жолдың бойы жыпырлаған техника: экскаваторлар жер қазып, бульдозерлер қопсыған топырақты тегістеп, жүк көліктері қиыршық тас тасып жүр. Жол құрылысына қамтылған адамдардың тынымсыз еңбегіне қарап-ақ, әзірге үзік-үзік бетон жолдың күзге дейін тұтасып кетеріне шүбә келтірмейсің.

Толығырақ
орнамент

Төрт өнерпаз топ жарды

Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» деген. Осыған орай, ұлттық кодты сақтай отырып ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейтуді көздеген «QAZAQSTAN» РТРК, «ЕRTIS» телеарналары өткен жылы атадан балаға мирас болған ұлт өнерін болашақ ұрпаққа насихаттау үшін халықаралық «Мен Қазақпын» мега жобасын қолға алды.

Толығырақ