DSC_0403

Саябақтағы салтанат

Демалыс күндері саябақ көңілді екібастұздықтардың күлкісімен көмкерілді. «Шахтер» саябағында дәстүрлі «Сенің жаңа қырың» атты сhallenge өткізілді.

Амфитеатр алдында  қала кәсіпорындарының жұ-мыскерлері, студент жастар, әлем чемпионатының, Азия және Әлем кубок-тарының жеңімпаздары, жаттықтырушылар, спорт шеберлері жаттығу жасады.

Толығырақ
орнамент

Қызмет сапасы жақсаруда

Әкімдікте С.Рамазановтың төрағалық етуімен қалалық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Онда 2017 жылдың мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторинг қорытындысы жарияланды. Отырыста қала әкімі мемлекеттік қызмет мониторингі және ақпараттық технология-лар бөлімінің бас маманы Т.Даирова жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қыз-мет көрсету жұмыстары жөнінде ақпарат берді.

Толығырақ
Гайнуллин

Райс Гайнулин: «Басты міндет – қаланы көркейтіп, талантты жастарды қолдау!»

Біздің қалада «Екібастұздың болашағы үшін» қоғамдық бірлестігі 2003 жылдың 18 наурызында құрылды. Бүгінде бірлестікте 9000-нан астам адам бар және олардың қатары күн санап артып келеді. Бірлестіктің қазіргі төрағасы Райс Гайнулин осы қызметке 2007 жылы кіріскен. Мұнда ресми түрде екі-ақ адам еңбек етеді: Райс Гайнулин және бухгалтер.

Толығырақ
орнамент

Ономастикалық жұмыс тобы құрылды

Қаламызда ономастикалық жұмыс тобы құрылып, қала әкімінің орынбасары Наталья Нефедова осы топтың төрайымы болып бекітілді.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айжан Жұмабаеваның айтуынша, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ортақ тарихи сананы қалыптастыру мақсатында «Тарихи тұлғалар», «Тарихи жер-су атаулары» және «Дәстүрлі атаулар» тізімдерін бекітіпті. 

Толығырақ
images

ХV Еуразиялық медиа форум: журналистика үздіксіз даму үстінде

Жаһандану дәуірінде өз қазанында қайнай берген елдің көп дүниеден ұтылатыны анық. Мұндайда бағытбағдарды айқындау үшін  шетелдік танымал сарапшылардың қатысуымен мазмұнды сұхбат жүргізетін өзара пікірсайыс алаңы аса  қажет. Осы мақсатты айқын түсінген Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты Дариға Назарбаеваның бастамасымен 2003 жылдан бері елімізде Орталық Азиядағы тәуелсіз алаң аталған Еуразиялық медиа форум өткізіліп келеді.Биыл он бесінші рет өткізіліп отырған «Эволюцияның 15 жылы: құбылмалы дүние және бізге өзгеріс әкелген әлем» деген тақырыптағы форумға еліміздің түкпір-түкпірінен танымал саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, беделді халықаралық ұйымдардың, зерттеу орталықтарының басшылары, тілшілер қатысты.

Толығырақ
орнамент

«Эссе жазып берші!»

Қолымызға қалам ұстаған соң ба, осындай өтінішпен хабарласатындар көп. Көпшілігі – мұғалімдер қауымы.

Жұмыста газеттің кезекті нөміріне мақала жазып отыр едім, ұялы телефоныма қоңырау түсті. Қарасам, білім саласында қызмет істейтін танысым. Тұтқаны көтеріп ем, амандық-саулықтан соң бірден бұйымтайына көшті: «Маған таңертеңге дейін «Білім саласындағы жаңашылдық» деген тақырыпта А4-форматындағы қағазға екі бетке эссе жазып бере қойшы», — деді қиылып. Негізгі мамандығым журналист болғандықтан, мен үшін мұғалімдік – бейтаныс сала.

Толығырақ
орнамент

Кәсіподақ күнін атап өтті

Қазақстан кәсіподақтары күні қарсаңында «ЕЭК» АҚ «Шығыс» кеніші қызметкерлері ведомстволық наградалармен марапатталды. Көмір кәсіпорны кәсіподақ комитетінің төрағасы Василий Давиденко №2 өндіру учаскесінің тау-кен мастері Алексей Байкинге және технологиялық көлік колоннасының жүргізушісі Руслан Анарбаевқа ІІІ дәрежелі «Шахтер даңқы» белгісін тақты. Бульдозерлі трактор учаскесінің бульдозер машинисі Владимир Садовой мен «ВМЭ» әзірлеу стационарлық бекетінің «ВМЭ» әзірлеу машинисі Жаслан Жимайлов ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» құрметті белгісіне ие болды.

Толығырақ
орнамент

Астана өнерпаздары — Екібастұзда

М.Глинка атындағы музыка мектебінде «Дегдар» гуманитарлық қоры корпо-рациясының «Времен связую-щая нить» қайырымдылық концерті өтті. Жобаның көр-кемдік жетекшісі – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Ұлттық өнер университетінің профессоры, пианист Тимур Орманшиев. Екібастұз сахнасында өнер көрсетуге, сондай-ақ, халықаралық байқаулар лау-реаттары – виолончельші Мұрат Нарбеков, скрипкашы Динара Базарбаева-Сахаман, «Астана Опера» балетінің солисі Медет Шотабаев келді. Көркемдік жетекші Тимур Орманшиев Медет Шотабаевтың жуырда «Италия жұлдызы» орденіне ие болғанын қуана хабарлады.

Толығырақ
орнамент

Жаңғыру жазудан басталады

Қала әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен орталық кітапханада «Жаңғыру жазудан басталады» тақырыбында семинар өтті. Семинарға түрлі кәсіпорындар мен мекемелерде еңбек етіп жүрген тіл мамандары мен аудармашылар қатысты.

Басқосуға қазыналы қария – ғалым Бектемір Кәрім қатысып, латын қарпі туралы ой-пікірін білдірді. «Жазу тарихын оқып-білемін дегендеріңіз болса, «Отарқа» газетінде жарияланған Назымгүл Нұр-таеваның «Қазақ халқының жазу өнері туралы» мақаласын тауып алыңыздар», — деп бастады сөзін Бектемір Кәрімұлы.

Толығырақ