DSC_0203

№1 бұйрық: Жүз жасаңыз!

15 маусым күні Екібастұз өңі-ріндегі ұзақ жасаушылардың бірі, Ұлы Отан соғысының ардагері, Шідерті кентінде тұратын Мария Смирнова 95 жасқа толды.

Соғыс және еңбек ардагерін Екібастұз қаласының әкімі Қайрат Нүкенов арнайы барып құттықтады. 

Толығырақ
DSC_0254

Облыс әкімі марапаттады

«Өнер» ҚМО-да өткен Екібастұз қаласы күніне арналған салтанатты шараға облыс әкімі Б.Бақауов, «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалының бірінші орынбасары И.Теренченко арнайы келді. Екібастұз қаласының дамуы мен өркендеуі туралы айтқан облыс әкімі қаламызды көркейту-ге бағытталған жобаларды атап өтті. Содан соң өңірдің өркендеуі үшін еңбек еткен екібастұздықтарға мерекелік марапаттар ұсынды.

Толығырақ
DSC_0064

«Шығыс-2» алабынан 54 күнде бір миллион тонна көмір өндірілді! Кеншілер бұл тартуды Екібастұз қаласының туған күніне орайластырды

Евразиялық топ (ERG) құрамына кіретін «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» акционерлік қоғамының «Шығыс» кенішіне қарасты жаңа «Шығыс-2» алабының екінші кезегі биыл 21 сәуірде іске қосылған болатын.  Бұл жобаға инвестициялық бағдарлама шеңберінде 9,3 млрд. теңге бөлінді. Жаңа алапты аршуға және дайындауға заманауи құрал-жабдықтармен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін технологиялар әзірленді. Көмірді тасымалдау үшін жалпы ұзындығы 1610 метрге жететін 4 жаңа конвейер салынып, бұрыннан бар тағы бір таспа ұзартылды.

Толығырақ
DSC_0161

Рекордтар қаласы

Екібастұз шаһары «Рекордтар қаласы» мәртебесін тағы бір дәлелдеді. «Шахтер» стадионында сап түзеген 5500 екібастұздық әлемдегі ең бұқаралық флешмоб ұйымдастырып, Мәскеуден арнайы келген жер шарының рекордтарын тіркеу жөніндегі Ресей комитетінің төрешісі Валерий Терешко: «Тіркелді!» — деген сүйінші хабарды жеткізді. 

Толығырақ
35400612_569008070146915_248098682774224896_n

Асқақтай бер, Астана!

Республикалық желілік кес-теге сәйкес, «Замандас» ардагерлер клубында «Әлем таныған Астана» фотокөрмесі ұйымдастырылды. Елорданың 20 жылдық мерейтойына орай өткізілген көрмеде екібастұздық фото өнері шеберлерінің жұмыстары ұсынылды.

Толығырақ
орнамент

Тариф өзгеріссіз қалды

Тарифке қатысты мәсе-ле ешкімді бей-жай қал-дырмайтыны белгілі.  «Экибас-тузэнерго» ЖШС-нің электр энергиясын бөлшек саудада өткізу қызметіне арналған  босату бағасының жобасын қарау жөніндегі» көпшілік тыңдауы да жұртшылық қызығушылығын туғызды. Көп-шілік тыңдауына ҚР Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Павел Баданин қатысты. 

Толығырақ
35329206_2037728902965729_3623408168102526976_n

Жаңа зал ашылды

Сүйікті қаламыздың туған күніне жасалған тарту-таралғыдан балалар да құралақан қалмады. Нақтырақ айтқанда, жас палуандар ерекше шаттыққа бөленді. Осыдан бірер ай бұрын қала қазынасынан бөлінген қа-ражатқа №19 шағын ауданда қазақ күресі залы қайта жарақталып жатқанын жазған едік. Енді, міне, 15 маусым күні сол күрес залы пайдалануға берілді. 

Толығырақ
1

Ақ жол саған, жас түлек!

16 маусым күні «Қазақстан» кинотеат-ры алаңында мектеп бітіруші түлектер кеші өтті. Салтанатты шараға қала әкімі Қайрат Нүкенов қатысып, биылғы жыл түлектерін өмірдегі тариxи сәттерімен құттықтап, ізгі лебізін білдірді. Айта кетерлігі,  биыл 753 түлек алтын ұя – мектебімен қоштасты. Олардың 38-і «Алтын белгі» тағынды. Ал 9 түлекке «Ерекше үлгідегі аттестат» табыс етілді.

Толығырақ
ФОТО РЫМБЕК ЕГIНБАЙУЛЫ (5)

Ақ серке топқа тасталды

Ұлттық ат спортын дәріптеуде Екібастұз өңірі облысымызда алдыңғы саптан көрініп жүр.  Аударыспақ пен теңге ілуде біздің жігіттер жүлделі орындарды құр жібермейді, көкпаршылар есімдері аймаққа танымал. Шеберлік әрине жарыстарда шыңдалады. Сондай маңызды жарыстардың бірі – Екібастұз қаласы күніне орай ұйымдастырылатын дода. Дәстүрлі дода биыл жаз 15-16 маусым күндері өтіп, жанкүйер қауымды рахатқа бөледі. 

Толығырақ
Screenshot_20180619-113741

Қазақтың жан дүниесін көрсетті

Дәстүрлі сайыс биыл «Шахтер» саябағы ішіндегі амфитеатрда өтіп, ұйымдастырушыларға да, қатысушыларға да ыңғайлы болды. Сайыскер жігіттер де мықты екен, әрқайсысы өз намысын, туған ауылының намысын жан-тәнімен қорғай білді. Сахна төріне сән-салтанатымен көтерілген он жігіт әуелі әдеттегідей өздерін жиналған қауымға таныстырды. Әрине, сайыскерлердің бәрі дайындықпен келген, дегенмен Тай ауылы жігіті Олжас Кәкімжановтың, қарасорлық Берік Тункиновтың сөзі жатық шықты.

Толығырақ