DSC_0032

Сауықтыру бассейні ашылды

Дәрігерлерден «Дүниеге жаңа келген сәбиді суға жиі түсіру керек. Шағын бассейн де пайдалы» деген кеңесті жиі естиміз. Астана, Алматы және Павлодар секілді үлкен қалаларда сәбилердің денсаулығына пайдасы зор бассейндер әлдеқашан ашылған.

Біздің қаламызда мұндай бассейн Мәшһүр Жүсіп көшесі, 87-үйде (бұрынғы «Алнұр» салоны) іске қосылды. Игі шараның бастамашысы — №1 емханада 20 жылдай балалар дәрігері қызметін атқарған Шынар Бейсембина.

Толығырақ
111111111

Ең бастысы – ұқыптылық

«ЕЭК» АҚ-ның 18 инженерлік-техникалық жұмысшысы «КамАЗ» қоғамдық акционерлік қоғамында өндірістегі ұқыптылық құралдарын тәжірибеге енгізу» атты оқыту тағылымдамасынан өтті. Оқыту Набережные Челны қаласындағы «Озық технологиялар мен бизнестің аймақтық институты» қосымша кәсіби білім беру жекеменшік оқыту орталығы базасында өтті.  

Толығырақ
орнамент

Жарқын болашаққа бастайды

Қала әкімдігінің үлкен залында «Адал жол» акциясы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес марафонының ресми ашылуы болды. Шараға қала әкімінің орынбасары Н.Нефедова, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Т.Жүсіпов қатысты. 

Толығырақ
Likiyskaya-grobnitsa-v-skale

Жұмбақ қақпаның ар жағы…

Түркияның Фетхие қаласы – жартастарының қойнына небір жұмбақ сыр, тарихи жәдігерді бүккен шаһар. Мұнда жолы түскен адамның ең алдымен түріктің қызыл туы желбіреген биік-биік жартастағы жұмбақ қақпаға көзі түсер еді. Ол — жай қақпа емес, кезінде жартастардан ойып салынған молалар. Алыстан менмұндалаған алып қақпа да тас қашау өнерінің таңғажайып үлгісі.

Толығырақ
2

Ұлттық құндылықтарды жаңғыртты

Осы күннің екінші жартысында астаналық айтулы аспаз Ахлиддин Төлегенов ұмытылып бара жатқан қазақ ұлттық тағамдары: жаубүйрек, сірне, бұжы, өрме төсті әзірлеудің шеберлік сағатын өткізді.

Өзінің айтуынша, тағамның бұл түрлерін ескінің көзі – әжелер жақсы біледі. Арнайы мамандар ұлттық тағамдарды жетік меңгерген әжелерден үйреніп, қайта жаңғыртып, елге ұсынса керек. 

Толығырақ
DSC_0081

Дизайнер Дананың сәукелесі

Осы күннің екінші жартысында астаналық айтулы аспаз Ахлиддин Төлегенов ұмытылып бара жатқан қазақ ұлттық тағамдары: жаубүйрек, сірне, бұжы, өрме төсті әзірлеудің шеберлік сағатын өткізді.

Өзінің айтуынша, тағамның бұл түрлерін ескінің көзі – әжелер жақсы біледі. Арнайы мамандар ұлттық тағамдарды жетік меңгерген әжелерден үйреніп, қайта жаңғыртып, елге ұсынса керек.

Толығырақ
полиция

Майталмандар марапатталды

23 маусымда екібастұздықтар қос кәсіби мерекені салтанатты түрде атап өтті. Бұл күні қоғамдық тәртіпті тынбай күзететін полиция қызметкерлері мен халық игілігіне еңбек ететін мемлекеттік қызметшілерге ерекше құрмет көрсетілді. Қаламыздың орталық алаңында ұйымдастырыл-ған мерекелік шараға қала әкімі Қ.Нүкенов қатысып, тәртіп сақшылары мен мемлекеттік қызметшілерді төл мерекелерімен құттықтады. 

Толығырақ