DSC_0122

Суармалы алқап – сапалы өнім кепілі

Өңірімізде мемлекеттік бағдарламалардың шеңберінде кәсібін дөңгелеткендер аз емес. Солардың бірі – Құдайкөл ауылында орналасқан «Рамазанов» шаруа қожалығының директоры Ерболат Әбдуәлиев. Суармалы алқапта картоп өсіруді қолға алған кәсіпкердің аяқалысы жаман емес.

Толығырақ
IMG_0710

Тыңдаушысын тамсантқан Дәурен

Ұлттың рухани құндылығы саналатын ән өнерінің ұлт-тық үлгісін өз қалыбында жаңғыртып жүргендердің бірі – біздің жерлесіміз, екібастұздық азамат Дәурен Төлеубаев. Дәурен Серікұлының есіміне сырттай қанық болғанымызбен, өнерін Журналистер күніне арналған шарада тамаша-лаудың сәті туды. Алты қырдан естілетін тамаша даусымен тыңдаушысының көңіліне нұр құйып, құлақ құрышын қандырғанда, «Нағыз өнер осы екен ғой!» деп үлкен-кіші сүйсінді.

Толығырақ
орнамент

«Еңбек жасағы», алға!

Өңірімізде «Жасыл ел» еңбек жасағының жазғы маусымы салтанатты түрде ашылды. Биыл 300-ге жуық жас екібастұздық шаһарды абаттандыру шараларына белсенді атсалыспақ. Жастар бастамаларын дамыту орталығының директоры Марал Қаракесекованың айтуынша, еңбекқор қыз-жігіттер көгалдандыру жұмыстарынан бөлек, тіл үйрету курс-тарын ұйымдастырады.

Толығырақ
DSC_0104

Төгілтті әсем ән мен тәтті күйді

Ұлттық домбыра күніне арналған шаралар легі «Шахтер» мәдениет және демалыс саябағындағы амфитеатрда М.Глинка атындағы балалар музыка мектебінің күшімен ұйымдастырылған мерекелік концертпен қорытындыланды. Музыка мектебінің ұстаздары мен шәкірттері Ұлттық домбыра күніне елеулі үн қосып, халықтың рухын көтерді. 

Толығырақ
DSC_0109

Төл аспабымыз төрге озды

Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып жариялануы халқымыздың қазынасы – қара домбыраны төрге оздырып, ғасырлар қойнауынан бүгінгі күнге бояуы бұзылмай жеткен қоңыр күнді ұлттық аспабымыздың қадірін арттыра түсті. 1 шілдеде еліміздің түкпір-түкпірінде тоғыз перне, қос ішекті домбырада әсем әндер шырқалып, күмбірлеген күйлер төгілді. Қаламыздың «Шахтер» мәдениет және демалыс саябағындағы амфитеатрда өткен Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік шараға қала әкімі Қ.Нүкенов қатысып, жиналған жұртшылықты жаңа ұлттық мерекемен құттықтады. 

Толығырақ
_enfzrpnqvt

Ерекше әсермен оралды

Ардагер-кеншілер Астанадан – «Богатырь Көмір» ЖШС басшылығының қаржылай қолдауымен ұйымдастырған экскурсиядан ерекше әсерде оралды.

Өз ісіне мығым жүргізуші Мейрам Аханов жүргізген жайлы «Вольво» автобусымен көмір өндіруші кәсіпорынның бұрынғы 50 қызметкері «Богатырь Көмір» қоғамдық қорының атқарушы директоры Наталья Энгель мен Татьяна, Елена есімді астаналық екі жолсеріктің жол көрсетуімен мерейтойына соңғы даярлықтарын аяқтап қалған Астанаға мерекеалды тур өткізді. 

Толығырақ
484007

Велосипед жолы салынды

Павлодар облысы Астана күніне орай Қазақстанның бас қаласына 11 шақырым велосипед жолынсыйға тартты. Велосипед жолын Павлодар, Атырау, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола және Жамбыл облыстары тойға тарту еткен.Жол жағажай, Есіл өзенінің сол жағалауы мен   ЭКСПО кешені арқылы өтіп, Ильинка кентінің «Жасыл белдеуі» арқылы қалалық саябақтың шаңғы-роллер трассасы мен велосипед жолын қосып отыр. Жалпы 56 шақырымға созылған жолдың 11 шақырымын Павлодар облысы салды. Бұл Мәңгілік Ел-Тұран-Қонаев-Достық көшелерінің аумағы. Жақында жол Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа көрсетілді.

Толығырақ
орнамент

Спорт мектептері жөнделе ме?

Қалалық мәслихаттың тұ-рақты комиссиясы көшпелі мәжіліс құрды. Онда қаладағы спорттық инфрақұрылым жағдайы мен Екібастұз өңірі тұрғындарына арналған бұқа-ралық спортты дамыту мәселесі сөз болды. Халық қалаулылары ең алдымен №1 дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне бас сұқты. Кешеннің бүгінгі халі кісі аярлық күйде. Шатырынан су аққан үлкен залдың еденінің де сыры кетіп, тозығы жетіпті. Жауын суы екінші қабаттағы кабинеттердің төбесінен өтіп, кеңсе заттарын бүлдіре бастаған. Электр сымдарына су тиіп, өрт шығу қаупі жоқ емес.  Су тамады-ау деген жерлерге ыдыс қойып, лаждап отыр. Қыстағы жағдай бұдан да қиын.

Толығырақ
орнамент

Жөндеу ақысын кім төлейді?

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы үкімет тарапынан бекітілгенінен тұрғындар хабардар. Қаржыландырудың болмауына байланысты 2011-2020 жылдарға арналған бағдарлама қаламызда уақытша тоқтатылған болатын. Былтырдан бері аталған бағдарлама жанданып, тұрғын үйді жаңғырту қайта қолға алынды. Бағдарламаның атауы өзгерген. Қазір тұрғын үйлерді жаңғырту жұмысы өңірлерді дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.

Толығырақ
орнамент

Дау татуласумен шешіледі

Осы жылдың сәуір айынан бастап елімізде ҚР Жоғары Сот Төрағасының қаулысымен «Соттағы татуластыру рәсімдері» пилоттық жобасы іске қосылған болатын. Бұл бағыттағы жұмыстар Екібастұз өңірінде де сәтті жалғасын табуда.

Түсінікті болу үшін «Медиация» терминіне тоқталып өтсек. Медиация — үшінші, бейтарап, әділ, жанжал нәтижесіне мүдделі емес тараптың қатысуымен өтетін дауларды реттеудің баламалы жаңа түрі.

Толығырақ