images (2)

«Көкорай көлге қонған ҚОҢЫР ҚАЗБЫН…»

Естай Беркімбайұлы, қа-зіргіше айтсақ, Павлодар облысы Екібастұз қаласына қарасты Екібастұз ауылдық округінің Қаражар ауылында өмірге келген. Әйгілі ақынның туған жылы жайлы бертінге дейін бірізділік жоқ. Әйтсе де, ол 1868 жылы туған деуге негіз боларлық құжат бар. 1940 жылы Қазақстан Композиторлар Одағына мүше болуы үшін жазған өмірбаяны мен «Личный листогында» туған жылы – «1868 жыл» деп көрсетілген. Осы құжатқа сүйенгендіктен де биылғы жылы Естай ақынның 150 жылдық мерейтойы аталып өтуде. 

Толығырақ
Сұлтанмахмұт_Торайғыров

Ақын рухына тағзым

Өткен сенбіде Баянауыл ауданының Торайғыр ауылында ақын, ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жылдығы кең көлемде тойланды. Әсем табиғаттың аясында өткен мәдени-спорттық шаралар көптің көңілінен шықты. Әсіресе, салтанаты келіскен киіз үй-лер тойдың сәнін аша түсті. Облыстың қалалары мен аудандары, қала берді, Баянауыл ауданына қарасты ауылдар киіз үй тігіп, алтыбақан орнатыпты. Олардың қатарында «Шығыс» кенішінің ұжымы да бар. Екібастұздықтар киіз үйді ұлттық оюлармен безендіріп, меймандарға қонақжайлылық танытты. Киіз үйдің тартымдылығы сонша, той қонақтары кезек-кезек естелік суретке түсіп жатты.

Толығырақ
орнамент

Ұлағатты ұстаз

Кешқұрым мерейтой иесін құттықтап, сұхбаттасуға барғанымызда, үй іші ұстаздарға толы екен. «Бұл таңертеңнен жалғасып келе жатқан көрініс», дейді қонақ күткен туыстары. Еңбегің еленіп, қартайған шағыңда құрметке бөленгенге не жетсін! Қала әкімі Қайрат Нүкенов те құттықтау хатын жолдап, ізгі тілегін білдіріпті.

80 жастың ауылына қадам басқан Шұға Теміржанова көп жыл қаламыздағы Абай Құнанбаев атындағы №2 орта мектепте қызмет еткен. 1966 жылы қара шаңырақтағы еңбек жолын химия-биология пәнінің мұғалімі болып бастап, директорлыққа дейін көтеріледі. 

Толығырақ
фото

Арнайы мекемеге жаңа ғимарат керек

«Тәрбие тал бесіктен басталады», дейді халық даналығы. Яғни, бала тәрбиесін неғұрлым ерте қолға алу қажеттігін ескерткен. Бүгінде таңнан кешке дейін жұмыстан қолы босамайтын ата-ана бүлдіршінін балабақшаға сеніп тапсырады. Әр үйдің еркесін бағып-қағып, оларға жан-жақты тәлім-тәрбие беру көп еңбекті талап етеді. Оның үстіне, бұл әдеттегі емес, арнайы балабақша болса, мекемедегі тәрбиешілерге екі есе міндет жүктеледі. Осындай мекемелердің бірі – №13 балабақша.

Толығырақ
орнамент

Төртүйде екі үй салынуда

Екібастұз ауылдық округіне қарасты Төртүй ауылының тіршілігіне қан жүгіре бастаған сияқты. Бүгінде мұнда су құбыры тартылып, 2 пәтерлі екі үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Ауылға кіреберіс жол ретке келтірілуде. Қыстың қамын ойлаған шаруа қожалықтары мал азығын әзірлеуге мықтап кіріскен. 

Толығырақ
234

Партия ауқымды шараларды атқаруда

Бүгінде партияның алдына қойылған міндеттердің бірі – жаңа саяси технологияларды белсенді пайдалану. Елде кадрлық резервпен мақсатты жұмыстарды жүйелеу. «Жас Отан» жастар қанатының жұмысын жандандырып, партиялық білім беру ісін жетілдіру. Сондай-ақ, халықтың өмір сапасын жақсартып, әл-ауқатын арттыруға бағытталған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасының» іске асырылуына бақылау жасау. «Нұр Отан» партиясы» Екібастұз қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нияз Макраевпен арадағы әңгіме осы төңіректе өрбіді.

Толығырақ