DSC_3883

Жұпыны жәрмеңке

Газетіміздің №34 (1442) санында «Шахтер» саябағында оқушылардың керек-жарағын сататын жәрмеңке өтетіні хабарланған болатын. Жәрмеңке деген аты дардай болғанымен, шара тым жұпыны өтті. «Шахтер» саябағы әкім-шілігі саябақтың ат шаптырым аумағында орын құрып қалғандай, жәрмеңке өткізуге амфитеатрдың арғы жағындағы кіреберіс орынды бөліпті. Саябақтың адам көп жиналатын тұсын сұраған ұйымдастырушылардың өті-нішіне «Жәрмеңкенің осында болатыны хабарланып қойды» деген жауап берілген. Әйтсе де жәрмеңкеге келген жұрт шамалы болды. Кейбіреулер жәрмеңкені аттракциондардың, ескі сахнаның маңынан іздеп жүрді.

Толығырақ

Кремний зауыты: Көпшілік тыңдау өтті

Қоғамдық сана оянып келеді. Жұрт бұрынғыдай бас шұлғи бермей, өз тағдырына қатысты мәселелерге сергек қарайтын болды. 24 тамызда «Өнер» қалалық мәдениет орталығында өткен көпшілік тыңдауында залда ине шаншар орынның болмауы, талқылау кезінде халықтың белсенділік танытуы – соның көрінісі. Ал қаралған мәселе  «Техникалық кремний өндіру зауыты, теміржол тұйығы және электр беру желісі құрылысының қоршаған ортаға әсері» туралы еді.

Толығырақ
33

Сәулелі субұрқақ

Қаламыздың демалыс орындары шаһар көркін еселейтін тағы бір тамаша нысанмен толықты. «Өнер» мәдениет орталығының алдында жаңа заманауи субұрқақ іске қосылды. Бұрынғы субұрқақтардан ерекшелігі, оның музыкалы, жарық сәулелі болуында. Шахтер күніне орай ашылған фонтан Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовқа таныстырылды. 

Толығырақ
Айбын

Ат жалында өскен ер

Жалынды да жігерлі жас Айбын Уахитов — аттың жалында өскен жігіт. Ұлттық ат спорты ойыындарына құмар ол бозбала шағынан көкпарға түсіп, аударыспаққа қатысып, ағалары Отанай, Қуат пен Мұрат, әкесі Талғаттың жолын қуып, соларға ұқсап бағуды мақсат тұтты. Талапты жігіт үзбей жаттығып, шеберлікке жетіп, енді жемісін теріп жүр.

21-27 тамыз аралығында Петропавл қаласында аударыспақтан жастар арасында Қазақстан Республикасы чемпионаты болып өтті. Байрақты бәсекеге Павлодар обылысының құрама командасы да қатысты. Чемпионатқа еліміздің 9 ай-мағынан 200-дей спортшы жиналыпты. 70 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Айбын Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары аударыспақшыларымен сайысқа түсіп, қола медаль еншіледі.

Толығырақ

Электр энергиясын ұрлау: қосылу, анықтау, қайта есептеу

Көптеген азаматтар үшін «тегін» электр энергиясын қолдану үйреншікті жағдай болып табылады. Кейбіреуі оны өзі қосып алса, басқалары ойын көнбіс электрик арқылы жүзеге асырады. Шындығы сол, энергия ағыны есептеу құралдарын айналып өтіп, пәтерлерге, үйлерге, тіпті ұйымдарға заңсыз жеткізіледі.
Электр энергиясын ұрлаудың бірнеше тәсілі бар. Оларды жүзеге асыру ерекшеліктерін нақты түсінгенде электр энергиясын ұрлағандарды табу оңайға түспек.

Толығырақ
А 2

Ақбалық хазірет асы

Құнанбай қажының баласы хакім Абай: «Адамға екі нәрсе тірек тегі, Бірі — тіл, бірі — діні жүректегі» демеп пе еді. Өз заманында Құнанбай қажымен, Абаймен  сырлас, дәмдес болған Ақбалық хазірет Сарыарқада ел-жұртқа ислам дінін уағыздап, мұсылмандыққа ұйытқан екен. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында осы жаз Май ауданы Саты ауылдық округі аумағындағы Қарадырда  хазірет кесенесі көтеріліпті. 26 тамыз күні сол жерде ас беріліп, марқұмның рухына дұға бағышталды.

Толығырақ
шахтер күні

Қосым ізбасарларына құрмет

Кентанушы Қосым Пішенбаев өңірімізде алғаш көмір кенін 1886 жылы анықтаған еді. Содан бері қара алтынын сапырған кенді аймақта бірнеше кеншілер ұрпағы алмас-ты. Еліміздің ірі отын-энергетикалық кешеніне айналған қаламыздың өсіп-өркендеуіне зор үлес қосып келе жатқан кеншілердің құрметіне «Өнер» қалалық мәдениет орталығында Шахтер күніне арналған «Даңқы биік кеншілер» атты салтанатты жиын өтті.

Толығырақ