орнамент

Жаңа оқу жылы несімен ерекшеленеді?

2018-2019 оқу жылында қай сыныптар жаңартылған білім мазмұны бойынша оқытылады? 2018-2019 оқу жылында 1, 2, 3, 5, 6, 7, 8-сыныптар жаңартылған білім мазмұнына көшеді. 4, 9, 10-11-сыныптар қай оқу бағдарламасымен оқытылады? 4, 9, 10-11-сыныптар 2013 жылы бекітілген оқу бағдарламасымен оқитын болады.

Толығырақ
Сергей тренер

Мерейлі сәт

Еңбегінің бағалануы адамға қуаныш сыйлап, күш-жігерін еселей түседі. Қаламыздағы №9 мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі әрі №3 балалар мен жасөспірімдер спорты мектебінің волейболдан жаттықтырушы-оқытушысы Сергей Мұқанов Астана сапарынан ерекше көңіл-күймен оралды. Сергей Аманжолұлы «Экология, инженерия және педагогика» қоғамдық қоры төрағасы Талғат Төремұратов-тың қолынан Алғыс хат алып, Дінмұхамед Қонаев атындағы орден және «Астанаға – 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды. 

Толығырақ
орнамент

Қол ұшын берулеріңізді сұраймыз!

Сіздерден 2015 жылдың 8 қазанында туған қызымыз Омарбек Дария Нұрланқызына материалдық көмек көрсетуді сұраймыз. Қымбат ота жасалмаса, қызымыздың есту қабілетінен айырылып қалу қаупі бар. Туғаннан Дарияны оң жақ микротия және құлақ қуысының атрезиясы мазалайды. Осыған байланысты оның есту қабілеті бұзылған. Дарияның сыртқы құлағы жоқ. Оның құлақ қуысы болуы тиіс жерінде сүйек орналасқан. Құлақ сүйегі дұрыс дамымаған және жартылай жоқ. Дария сүйек арқылы ішкі құлақтағы сұйықтыққа діріл беретін, сүйектен өтетін есту аппараттарының көмегімен ғана ести алады. Бала өскен сайын бас сүйегі қатайып, дыбысты баяу өткізетіндіктен, есту аппараттарының көмегі болмай қалады. Яғни, ота жасалмаса, таскереңдік пайда болады. Ол қазір 30 пайыз ести алады, екінші құлағы сау, 100 пайызға естиді. Дарияның есту қабілетін сақтап қалу үшін АҚШ-та қымбат тұратын ота жасату қажет.

Толығырақ
орнамент

Құрметті екібастұздықтар!

Сіздерді Екібастұз қаласының барлық қосымша білім беру мекемелері мен спорт мектептерінде өтетін Бірыңғай ашық есік күніне шақырамыз. Бұл күні сіздер үйірмелердің жұмысымен танысып, балаларыңызды қалаған секцияға жаза аласыздар. 

Толығырақ
орнамент

Еуразиялық экономикалық одақтың «Аттракциондар қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті күшіне енеді

Еуразиялық экономикалық одақтың (EЭО) техникалық регламенті қолданылуы кезінде адамдарға «RV-1, RV-2 немесе RV-3 әлеуетті биомеханикалық тәуекел дәрежесін тудыруы ықтимал жылжымалы және стационарлық аттракциондарға қойылатын қауіпсіздік талаптарын белгілейді.

Толығырақ
Батырлар_жыры.TIF

Дархан даланың данагөйі

ХVІІІ-ХІХ ғасырларда жасап өткен дала данагөйлерінің бірі – Қанжығалы Бапан би Тұраналыұлы. «Тегінде бар – теріс кетпес» дегендей, Бөгенбай батырдың бел немересі болып табылатын Бапан би өз заманында ағайын арасының даушарынан асып, ақылмандығымен Алашқа танылған тұлға. Оған дәлел – «Бапан айтыпты» деп, бүгінге жеткен әңгімелер.

Толығырақ
-XMw6t7hkZScBo1zzTTmIavR1j03V8jT

Хазіреттің кереметтері

Жуырда жұмыс бабымен Шарбақтыға жол түсіп, көрнекі жерлерін аралаған болатынбыз. Сол жолы Арбиген ауылы ма-ңындағы Ғабдул Уахит хазіреттің кесенесіне қызмет етушілермен, келіп дұға жасаушылармен кездестік. Хазі-реттің кереметтері туралы көп әңгіме айтылды. Ғабдул Уахит хазірет туралы ел-жұрттың айтқанда-рын оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік. Ғабдул Уахит хазірет 1853 жылы туған. Діни сауаты мол, кісі емдейтін қасиеті болған. 1926 жылы дүниеден өтті. Хазіреттің қасиетін білетін жұрт кесене басына түнеуге келеді. Әулиенің кесенесі бүгінге дейін кісіден арылған емес.

Толығырақ
20180830_125754

Мерекелік ән-шашу

Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Құлакөл және Құдайкөл ауылдарының өнерпаздары қаламыздың 22-шағын ауданы тұрғындарының назарына мерекелік концерт ұсынды.
Шараны «Ассалаумағалейкум» әнімен ашқан Адинай Исабекова көрермендерге «Мереке», «Атамекен» әндерін тарту етті. Құлакөл ауылдық клубының меңгерушісі Гүлнәр Қадырқызы «Екібастұз» әнін шарықтатып, «Старый клен» әнімен аға буынның көңілін жадыратты. Құдайкөл ауылдық клубының меңгерушісі Сәуле Бердіғалым, Тілекберген Закария «Ұлы Дала», «Бұлқынды жүрек» әндерін тарту етсе, Құдайкөл ауылының кішкентай тұрғыны Аяулым Сүйеніш «Қасиетті домбыра», «Туған ел» әндерін шырқады.

Толығырақ
орнамент

Жас маман тапшы

Қазір мал дәрігерлерінің басым бөлігі — егде тартқан адамдар, яғни, кеңес дәуірі кезінде білім алғандар. Жыл сайын Павлодар ауданындағы ауыл шаруашылығы мамандарын даярлайтын Красноармейка аграрлық колледжінен талай түлек түлеп ұшқанымен, көбінің ауылға барып еңбек еткісі жоқ. Бұлай жалғаса берсе, мал егетін адам таппай қалуымыз әбден мүмкін. Бұл мәселе қалалық әкімдікте жиі көтерілгенімен, өзгеріс шамалы. Қалалық ветеринария бөлімінің басшысы Қонақбай Тұрымтаевтың мәліметінше, бүгінде өңірімізге 4 ветеринар маман қажет. Ресми статистикаға сенсек, жыл сайын елімізде 500-600 жас ветеринар қолына диплом алса, соның 15-20 пайызы ғана ауылға жол тартады екен.

Толығырақ
IMG-20180903-WA0005

Жаңа залдағы салтанат

1 қыркүйекте Зеленая роща ауылының Шідерті негізгі білім беретін мектебіндегі Білім күніне арналған мерекелік шара жаңа спорт залында өтті. Заман талабына сай спорт залы – «Табыс» шаруа қожалығының басшысы Манат Қажыбекұлы Алғамбаровтың туып-өскен ауылына жасаған сыйы. Бұл – бұрын-соңды спорт залы болмаған мектептің оқушылары үшін ерекше қуаныш. Ауыл халқының кәсіпкер Манат Қажыбекұлына деген алғысы зор.

Толығырақ