DSC_5553

Зауытта қара жұмыс жоқ

Мектеп оқушылары қаламыздағы ірі кәсіпорындарға саяхатқа шыға бастады. Бұл бастаманы «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешені басшылығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асыруда. Алғашқылардың қатарында №4 мектептің 9 және 11-сынып оқушылары теміржол білігі мен дөңгелек жұбын шығаратын «R.W.S. Wheelset» зауытының жұмысымен танысты.

Толығырақ
Шахтер күні1

Мерекелік марапаттар иесін тапты

Кеншілердің ересен еңбегінің арқасында кешегі құлан жортқан құла түзде қара алтын игеріліп, ел игілігіне жаратылып отыр. Тұлпарлар тұяғының дүбірін роторлы экскаваторлардың гүрілі ауыстырғанына да алпыс жылдан асыпты. Осы уақыт аралығында өмірін көмір өндірісімен байланыстырып, жанкешті еңбекке арнаған кеншілер әулеті өсіп шықты.

Толығырақ
орнамент

Бюджет нақтыланды

11 қыркүйек күні Екібастұз қалалық мәслихатының кезекті ХХХІҮ сессиясы болып өтті. Онда биылғы қала бюджетіне өзгерістер енгізіліп, қайта нақтыланды. Атап айтқанда, құрылыс бөлімі бойынша 139,2 млн. теңге және ТҮКШ және АЖ бөлімі бойынша 541,2 млн. теңге үнемделген екен. Осы үнемделген қаржыны депутаттар мұқтаж салаларға бөлді. Мәселен, білім бөліміне — 48,5 млн. теңге, мәдениет және тілдерді…

Толығырақ
DSC_6450

Энергетика саласы: бүгіні мен болашағы

Өңірімізде Қазақстан Респуб-ликасы Парламенті Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік жөніндегі комитетінің көшпелі мәжілісі өтті. «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» ЖШС-не ат басын тіреген сенаторлар кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен танысып, мемлекеттің ресурстық потенциалын арттыру мақсатында энергетика саласын жаңғырту мен инновациялық даму жөнінде өткен дөңгелек үстелде бас қосты.

Толығырақ
c456dcee50aa303ccee08264b194fa621b3d895d

Үй бағасы арзандады

Биыл шілде айында 9-шағын ауданда сән-салтанаты келіскен үш бірдей бес қабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталған болатын. Баспанаға «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның салымшылары мен әкімдікте кезекте тұрғандар қоныстанады деп шешілді. Алайда осы уақытқа дейін 180 пәтерді алуға екі отбасы ғана өтініш білдіріпті. Себебі баға удай.

Толығырақ
орнамент

Павлодарлық дерби

Спортта бір өңірдің намысын қорғап жүрген командалардың өзара тартысын «дерби» деп атайды. Өткен сенбіде Павлодар қаласындағы орталық стадионда жергілікті «Ертіс» пен «Екібастұз» командасы жолдастық кездесу өткізді. Алаң иелері 3:1 есебімен айласын асырғанымен, екібастұздық жас футболшылар әдемі ойын өрнегін көрсетті. 

Толығырақ
орнамент

Қос тарап ымыраға келді

«Павлодарэнерго» АҚ мен «Горводоканал» кәсіпорны арасындағы дау-дамай  былтырдан бері өршіп тұрғаны белгілі. Текетіреске  қатар төселген жылу мен су құбырларын оқшаулау себеп болған еді. Мұндай ажыратудан қыстың аязында су құбырлары қатып қалуы ықтимал. Осы қауіп-қатердің алдын алу мақсатында 6 қыркүйек күні қала әкімдігінде қала әкімінің мұрындық болуымен екі кәсіпорын басшылары қатысқан үлкен жиын өткізілді.

Толығырақ
орнамент

Тәрбиешілер тапшы

Қаламыздағы балабақшалардың барлығында дерлік тәрбиешілер жетіспейді. «Өнер» мәдениет сарайында өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне бұл жолы тек балабақша меңгерушілері жоғын іздеп келіпті. №6 бөбектер бақшасының меңгерушісі Людмила Бугайдың айтуынша, тәжірибесі аз тәрбиешілерге 40 мың теңге жалақы тағайындалған. Тәжі-рибесі мол тәрбиешілердің жалақысы 80 мыңның үстінде.

Толығырақ
орнамент

«Әкеге қарап ұл өсер»

Өткен сенбіде қаламыздың барлық мектептерінде «ХХІ ғасырдағы қазақстандық ата-ана: Өз балаңа үлгі бол» тақырыбымен ата-аналар конференциясы өтті. Ата-аналарды алаңдатып отырған мәселелер аз емес. Оны шешудің жолы қайсы? Конференцияның көздегені де осы. Мектептегі дәстүрлі ата-аналар жиналысы көптеген мәселелерді шешуге көмектесетіні анық.

Толығырақ