орнамент

Үйірменің түр-түрі бар

Қосымша білім беру мекемелеріндегі бірыңғай ашық есік күні – балаларының бос уақытын тиімді ұйымдастыруды көздеген ата-аналар үшін таптырмас мүмкіндік. Өткен сенбіде ұйымдастырылған ашық есік күні шарасында қаламызда балдырғандардың бейімділігін дамытып, қабілетін шыңдауға бағытталған үйірмелер мен спорт секцияларының алуандығы назар аудартты. 

Толығырақ
20180906_132424

Латын әліпбиіне көшу — заман талабы

6 қыркүйекте тілдер айлығы шеңберінде №6 лицей-мектебінде қазақ тілінен «Латын әліпбиіне көшу — заман талабы» атты үйірме жұмысын бастады. Бұл үйірме мұғалімдерге арналған. Мектеп директоры Қазтай Нұркенов латын әліпбиіне көшудің тарихи маңызына тоқталды. Қалалық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы, ақын Жұмағали Қоғабай мектеп оқушыларының латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшетінін айта келіп, латын қаріптерінің жазылу үлгілерімен таныстырды.

Толығырақ
DSC_7539

«Цеснабанктен» қолдау күтеді

«Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні» акциясы аясында «Нұр Отан» партиясы Екібастұз филиалында кәсіпкерлікті дамыту бөлімі, «Атамекен» ұлттық палатасының жергілікті бөлімшесі өкілдері мен кәсіпкерлердің қатысуымен шағын және орта бизнесті дамыту мәселесі кеңінен талқыланды.

Толығырақ
Дорога в школу

Балаларға көмек

Баланы мектепке дайындауға жәрдемдесу – Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ қызметкерлерінің игі дәстүрі. Компания жетім балаларға, сондай-ақ, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына материалдық көмек көрсетумен келеді. 

Толығырақ
орнамент

«Тілдер достығы – халықтар достығы»

Өткен жылы Үкіметтің «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, 5 қыркүйек   Қазақстан халқы тілдері күні болып белгіленген болатын. Бұл күн – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деп ұрпағына ұлағатты сөз қалдырған халқымыздың асыл перзенттерінің бірі Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.

Толығырақ
DSC_7488

Майнингтік орталықта

ҚР Премьер-Министрі жұмыс сапары барысында қаламыздағы жаңа кәсіпорын – қазақстандық майнингтік компанияға да ат басын бұрды. «БНКА Энерджи» ЖШС-нің техникалық директоры Ж.Әлдебергенов майнингтік жәшіктер мен басқару бекетіндегі электрлік есептеуіштердің жұмысымен таныстырып, дата-орталықтың мүмкіндіктерін атап көрсетіп, кәсіпорынның қолға алынған жұмыстары мен көздеген мақсаттары туралы әңгімеледі.

Толығырақ
DSC_5427

Шеберлік шыңдау турнирі

Қаламызда классикалық шахматтан Павлодар облысы әкімі кубогының V кезеңі басталды. Турнирде еліміздің әр аймағынан, Тәжікстан мен Ресейден келген 60-тан аса шахматшы бақ сынауда. Жарыстың ашылу салтанатына қала әкімі Нұржан Әшімбетов пен облыстық шахмат федерациясының президенті Александр Бабенко қатысып, шахматшыларға сәттілік тіледі.

Толығырақ
DSC_7411

Білім беру сапасы сөз болды

Екібастұздықтар үшін өткен аптаның айрықша оқиғасы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың жұмыс сапарымен қаламызға келуі болды. Осы сапары барысында Үкімет басшысы №36 лицей-мектебін аралап, робот техникасы және шахмат кабинеттерін көрді. ІТ-кабинетінде мұғалім Б.Белгібаева «Өз болашағыңды бағдарла» пилоттық жобасы жайлы айтып берсе, оқушы А.Амангелді интерактивті тақтада өзі әзірлеген ағылшын тіліндегі анимациялық жобамен таныстырды.

Толығырақ
орнамент

Біздің сүйікті тәрбиеші

Қызметіне адал кәсіп иелері қашан да зор құрметке бөленеді. №23 «Балауса» мектепке дейінгі гимназиясының  тәрбиешісі Динара Байтуғанова – осындай жандардың қатарынан. Мұны газетіміздің хат қоржынына түскен бірнеше хаттың мазмұнынан-ақ аңғардық. Енді осы хаттарға кезек берейік. Лаура Каримова, ата-ана: «Біздің отбасымызда үш ұл өсіп келе жатыр. Үлкен ұлым Абылай 2011 жылы туған, №23 балабақшаның түлегі.

Толығырақ