IRE_1059

Астанадан — ән шашу

Соңғы уақытта «Өнер» мәдениет сарайының сахнасында елімізге танымал өнерпаздар өнер көрсетіп жүр. Күйбең тіршіліктен бір сәт арылуды ұмытпаған екібастұздықтар концертке баруды әдетке айналдырған. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен Астананың 20 жылдығына орай еліміздің 5 шағын қаласында концерт ұйымдастыру жос-парланыпты.

Толығырақ
орнамент

Зейнетақы өсті ме?

Редакцияға келген бірінші хатта былай делінген:
«ІІ топтағы мүгедекпін. Қазан айында әдеттегі алатын жәрдемақымның артқанын байқадым. Жәрдемақы мөлшері өсті ме? Енді үнемі осылай бола ма?». Екінші хатты зейнеткер әжей жазыпты: «Қарттар күніне зейнеткерлерге ақша беріпті деп естідім. Менің зейнетақым сол қалпы. Бұл қалай болғаны? Біреуіне беріп, біреуіне бермей қойғаны несі?!». 

Толығырақ
IRE_1298

1000 көшет егіледі

Қаланы көріктендіру айлығы аясында сенбі күні ағаш отырғызылды. Қала әкімі бастаған ардагерлер, депутаттар, студент жастар теміржол вокзалы алдындағы аллеяға жүз шырша көшетін отырғызды. - Жыл соңына дейін әр түр-лі 600 көшет отырғызыла-ды, — дейді «Флора» шаруа қожалығының төрағасы Алексей Горбунов. — Осылайша, жыл соңына дейін 1000-нан аса ағаш егілмек. 

Толығырақ
IRE_0921

Күміс алқа тағынды

Қала әкімдігінде көпбалалы аналарға құрмет көрсетілді. Шаһар басшысы Н.Әшімбетов алты баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеп отырған Әлия Сейілбекова мен Айгүл Белтаеваға күміс алқа белгілерін тапсырды. Көп баланың ортасында өскен Әлия Мұсабекқызы – бүгін-де үш ұл, үш қыз тәрбиелеп отырған бақытты ана. «Жастар әлеуметтік жағдайды ойлап, бір-екі баламен шектеліп қалмауы керек.

Толығырақ
орнамент

Ассамблея күніндегі басқосу

Елімізде Қазақстан халқы ассамблеясының алатын орны ерекше. Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты кезекті Жолдауын жүзеге асыруда да оның рөлі зор. Бұл туралы Қазақстан халқы ассамблеясы күніне арналған Қазақстан халқы ассамблеясының облыстық және қалалық активтерімен, этно-мәдени бірлестіктер төрағаларымен кездесуі барысында аталып өтті. Әкімдікте өткен кездесуде қала әкімі Н.Әшімбетов күрделі жөндеуден өткен…

Толығырақ
IMG_0226

Қос жолдама сарапқа салынды

Бірлік пен ынтымақты дә-ріптейтін ислам діні қазақ халқының дәстүріне құрметпен қарайды. Өйткені дін де, дәстүр де адамгершілік пен ізгіліктің қазығы. 14 қазан күні «Жасыбай» спорт кешенінде Екібастұз қалалық мұсылмандар мешітінің ұйымдастыруымен қазақ күресінен Қазақстан Республикасы бас мүфтиінің жүлдесі үшін облыстық іріктеу турнирі болып өтті.

Толығырақ
IRE_1205

Аида Қауменова – Екібастұзда

Отандық сән индустриясының жауһарларын өңір жұртына таныстыруды мақсат тұтқан Аида Қауменова Екі-бастұз қаласында өткен сән көрсетіліміне 15 көйлек алып келді. Дизайнердің этникалық стильді жаңғыртып, бұйымдарын ұлттық нақышпен әсемдеуді қалайтыны қолы тиген әрбір заттан көрініп тұр. Көркем де нәзік көйлектер, бұйымдарды әрлендіре түсе-тін аксессуарлар, әйелдің сұлулығын арттырып, сымбатын айқындайтын шығыс шапандары көрмеге келгендердің көңілінен шықты.

Толығырақ
орнамент

Мөлдір мұғалімнің жеңісі

Таяуда «Үштұғырлы тіл» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі білім бөлімімен бірлесіп «Көп тіл білу — өнер» сайысын ұйымдастырды. Сайысқа №26 гимназия-мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Мөлдір Оралхан қатысты.Байқау қатысушының өзін-өзі ағылшын тілінде таныстыруы, өнер көрсету, әдістемелік құралды қорғау, Абай өлеңдерін нақышына келтіріп үш тілде мәнерлеп оқу кезеңдерін қамтыды.

Толығырақ
орнамент

«Телтума – менің тағдырым»

«Неміс тілінің аудармашысы Рауза Мұсабаева қазақ, орыс, неміс ақындарының өзі сүйетін көптеген жырларын жатқа оқиды. Лессинг, Гёте, Шиллер, Гейне балладаларын және Моритц Хартман өлеңдерін немісше қылдай акцентсіз толғай айтқанда, бағзы қазақ халқына тән ерекшелік – эпостық жадының кереметтігіне бек сүйсінесің».

Айгүл Кемелбаева, жазушы, эссеист

Толығырақ
IRE_3649

Тәуелсіздік пен рухани жаңғыру – гимназия түпқазығы

Тарихқа терең бойласақ, елімізде қазақ қыздар гимназиясы Жетісу облысы Верный қаласында 1876 жылдың екінші жартысында құрылыпты. Содан тура 117 жылдан кейін, еліміз тәуелсіздік алған жылдары Қазақстанда екінші қыздар гимназиясы Екібастұз қаласында ашылған.

Толығырақ