DSC_5417

Шеберлер анықталды

Шахмат – сабыр мен шыдамды, қырағылықты қажет ететін интеллектуалдық ойын. Сонау VІ ғасырда пайда
болғанына қарамастан шахматтан алғашқы әлем чемпионаты 1886 жылы ғана өтіпті. Ал спорт түрі деп 1999 жылы мойындалған.

Толығырақ
IRE_1990

Қажыбек мұғалім атындағы мектеп

Ескі мектеп қасынан салынған жаңа білім ордасы ауыл көркіне ажар қосып тұр. Ел жақтан қуанышты хабар естілісімен, туған топырақ, ұшқан ұяға әр тараптан құстай ұшып жеткен кәрі-жас ауылдастарымен қауышып, мәре-сәре. Теңіздей толқып, дариядай шалқыған көңіл, көл-көсір ыстық ықылас. Бір мезет Екібастұз қаласының әкімі, елге еңбегі сіңген азаматтар балалардың көмегімен мектеп ауласына жас көшеттерді отырғызып, су құйды. 

Толығырақ
орнамент

Жол жабындысы сапасыз

Екібастұз бен Майқайың кенті арасындағы күре жолда көлігінен бұрын өміріне алаңдайтындар көп. Шұрық-шұрық жол жылда тегістелгенімен, нәтижесі шамалы. Ой-шұңқырдан көз ашпаған темір тұлпар иелері әкімдіктегілерді жазғырса, ондағылар мердігерлерді кінәлап отыр. Қос елді мекеннің арасы — 45 шақырым. Былтыр 9 шақырымын «Гидропром» серіктестігі тегіс- тесе, 8 шақырым жолды жөндеуді «Статус Люкс» ЖШС өз мойнына алыпты. «Гидропром» серіктестігінің директоры Исламбек Құлтұмановтың айтуынша,…

Толығырақ
DSC_0830

Мұғалімдер бөлмесін тарту етті

Қала әкімі Нұржан Әшімбетов Екібастұз ауылдық округіне қарасты Тай ауылына іссапармен шығып, ауыл тұрғындарымен кездесті. Қала басшысы бастаған топ ең алдымен Солтан қожа атындағы ауыл мешітіне бас сұғып, дұға оқытты. Мешітті қалалық мәслихат депутаты Серік Сәдуақасов салдырған екен. Енді ауыл жұртына ыңғайлы болу үшін
мешітке заманауи жылыту құрылғысын орнатпақшы.

Толығырақ
орнамент

Үш үй қалды

Қалалық тұрғын үй инспекциясы ұсынған мәліметтерге сәйкес, 17 қазанға дейін ша-һардағы 664 көпқабатты тұрғын үйдің тек 3-і жылу қабылдауға дайын емес.
Шешембеков көшесі, 15 «А» мекенжайында орналасқан тұрғын үйдің жылу жүйесі күрделі жөндеуден өткізілуде. Мұндай жұмыстар Ломоносов көшесі, 15-үйде де жүргізілуде. Мәншүк Мәметова көшесі, 67 тұрғын үйдегі 3-4-подъездердің жылуға қосылуға мүмкіндігі жоқ.

Толығырақ
орнамент

Ағаш отырғызды

Қаламызды көріктендіру мақсатында ұйымдастырылған айлық шеңберінде сенбіліктер өткізіліп қана қоймай, ағаш отырғызуға да көп көңіл бөлініп отыр. Өткен сенбіде теміржол сапаржайы алдындағы көше-бақта 28 сібір шыршасы және 26 ырғай мен жалқын бұталары, шамамен 90 метр бұталы қоршау отырғызылды.

Толығырақ
DSC_0698

Шаруа шаш-етектен

Қала әкімі Нұржан Әшімбетов шаһарды абаттандыру жұмыстарын назарда ұстап отыр. Аз уақыттың ішінде қала көшелерін екі-үш мәрте аралап шыққан шаһар басшысының көріктендіру шараларына көңілі толмады. Шеткі аудандарды былай қойғанда, орталық көшелердің өзінде олқылық аз емес. Мәселен, Әуезов көшесі бойында арамшөп қаулап өсіпті. Ағаш кесу жұмыстарын да естен шығармаған жөн.

Толығырақ
орнамент

Үздік полицейге пәтер берілсе…

Қала әкімдігінде тағы да тазалық және айыппұлдар өндіру мәселесіне қатысты жиын өтті. Жиын тізгінін ұстаған шаһар басшысы Нұржан Әшімбетов осымен үшінші басқосудың бір ғана тақырыпқа арналып отырғанын айтты. Бұл жолы әңгіме баспа беттерінде айыппұлдар қарызына қатысты жарық көрген материалдар жөнінде басталып, көліктерге арналған айып тұрағы жайына ойысты.

Толығырақ
орнамент

«Гена, біз сенімен біргеміз!»

«Жүгіруге дайындал! Назар аудар! Баста!» пәрмені және мәре сызығына дейінгі 2,5 мың метрлік жол.
Екібастұздың мыңнан аса тұрғыны үшін жексенбілік таң осылай айшықталды. Қалада ұйымдастырушылар-дың жоспары бойынша республикамыздың барлық аумағын қамтуға тиісті спорттық марафон басталды.

Толығырақ
орнамент

Екібастұз футболының ертеңі

Футболдан еліміздің бірінші лигасында бақ сынап жүрген жергілікті «Екібастұз» командасы таяу жылдары жоғары топқа шығуды мақсат етпейтін сияқты. Себебі соңғы үш жылда клубтың қарызы 80 миллион теңгеге жуықтапты. «Шықпа, жаным, шықпа» деп отырған екібастұздық команданы қаржылық қиындықтан  құтқарудың жолы қайсы?

Толығырақ