орнамент

Үйренгім келеді …

«Үміт» балалар үйінде көптен күткен «Үйренгім келеді!» атты ас әзірлеуге әлеуметтік бейім-делу орталығының салтанатты ашылуы өтті. Орталықты ашудағы мақсат — әлеуметтік-мәдени құндылық-тарды қалыптастыру, балаларды өз бетінше тамақ әзірлеуге дағдыландыру, яғни, үй шаруашылығымен айналысуға бейім-деу, үнемшілдікке үйрету.

Толығырақ
орнамент

ҰЛҒА ӘКЕ КЕРЕК

Ұл балаға әке керек. Әрдайым, ешбір сылтау-себепке қарамастан. Қазіргі заманда көп адам басқаша ойлайтынын білемін. Дәстүрлі отбасылық құндылықтар дағдарысты бастан кешіп жатыр. Жалғызілікті аналар саны күрт артты. Ұлдарын бір өздері ғана өсіріп, тәрбиелеп жатыр. Шыны керек, көбі тамаша тәрбиелейтіні де рас. Қазір әкенің рөліне, азаматтың әдебіне, тәрбиесіне қатысты көп дүние өзгеріп жатыр. Кей дүние ескіріп те кеткен шығар.

Толығырақ

«Қол ұстасып, тұңғиық түнге батар ма едік…»

Осы жолдарды  марқұм Күлшат құрбым орыс тіліндегі отбасы туралы өлеңінде жазған екен. Ол «Үй, бала-шаға, күйбең тірліктен бір сәт арылып, оңаша шығып кетіп,  қол ұстасып, тұңғиық түнге батар ма едік..» дегенде, әрбір әйелге тән әлсіздікті білдіргісі келді ме екен?!

Толығырақ
орнамент

Арманның үміт отын жағайық!

3 жасар Арман – анасы Рыстының мойнына бұршақ салып құдайдан тілеп алған баласы.  Ұзақ күткен перзенті болғандықтан ба, ұлы десе шығарда жаны бөлек. «Қайтқан малға қасқыр өш» дегендей, Рысты алдында тағдырдың қатал сыны күтіп тұрғанын білмеп еді. Былтырғы күз оның өміріне қатал сын әкелді. Қайынапасы Гүлнәрдің үйіне кіш-кентай Арманын жетелеп қонаққа барған еді.

Толығырақ
орнамент

Құрметке лайық қызмет

Жыл басынан бері құтқарушы пультіне тұрғындардан 730 шақырту түскен. Оның ішінде 426-сы өрт сөндірушілер үлесіне тиіпті. Трасса бойындағы медициналық санитарлық пунктте 4 факті тіркелсе, шұғыл жасақ 300 шақыртуға шығыпты. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, 1995 жылы 19 қазанда, Төтенше жағдайлар қызметі құрылды. Қазақстан Респуб-ликасы Президентінің ұй-ғаруымен бұл дата ресми түрде «Құтқарушылар күні» деп белгіленді.

Толығырақ
IRE_1427

Темір тұлпарлар текетіресі

Көлігімен түрлі дрифт жасап, жоғары жылдамдықты жаны сүйетін екібастұздықтар аз емес. Өткен жексенбіде қаламызда автожарыс ұйымдастырылып, жиналғандар тамаша кештің куәсі болды. Жарыста Астана, Павлодар, Ақсудан келген қонақтармен қатар, екібастұздық әуесқой спортшылар бақ сынады. Артқы жетекті көліктер сайысына 13 адам қатысса, алдыңғы жетекті көліктер бәсекесінде 9 адам өнер көрсетті.

Толығырақ