
«Нұр Отан» партиясының жергілікті бөлімшесінде өткен жиында «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауының іріктеу кезеңдерінің корытындысы жарияланды. Қаламыздың «Өмір» шығармашылық оңалту орталығы аталмыш байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды.
«Нұр Отан» партиясының қалалық бөлімшесі төраға-сының орынбасары Н.Макраев төрағалық еткен жиынға байқау комиссиясы мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар өкіл-дері қатысты. Қалалық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы Ү.Айтпаева байқаудың мақсаты мен шарттарына тоқталды.
«Нұр Отан» партиясы мен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұйымдастыруымен өткізіліп отырған «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» респуб-ликалық байқауында қоғамдық бірлестіктер және басқа да коммерциялық емес ұйымдар бақ сынауда. Байқау өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларға көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған бастамашыл әлеуметтік жобаларды қолдау мақсатында қолға алынған.
Екібастұздық «Өмір» шығармашылық оңалту орталығы «Табысқа жету қадамдары: қызығушылықтан сүйікті іске қарай» атты жобасымен байқаудың өңірлік, аймақ-тық іріктеу кезеңдерінен сүрінбей өткен. Мүгедектігі бар адамдардың хоббиін сүйікті істеріне айналдыру үшін олардың шығармашылық әлеуетін дамыту, мүгедектер-дің шығармашылық әлеуетін ескере отырып, жұмысқа орналасуларына ықпалдасу, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың жаңа жұмысқа бейім-делуіне көмектесу, қоғамға пайдалы болулары үшін олардың тілектерін қолдау және өмірлік мәселелерін дербес шешуге үйрету жобаның негізгі мақсаты болып табылады. Жиында «Табысқа жету қадамдары: қызығушылықтан сүйікті іске қарай» жобасы туралы бейнеролик назарға ұсынылды.
«Нұр Отан» партиясының ЕҚБ төрағасының орынбасары Н.Макраев байқаудың іріктеу кезеңдерінің жеңімпазы С.Ка-чураны жеңісімен құттықтап, алғыс хатпен, гүлшоғымен марапаттады.
Жоба авторы, «Өмір» шығар-машылық оңалту орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Светлана Качура өз кезегінде: «Бұл жеңіс алдағы жеңістердің бастамасы ғана, осы жобадан кейін де қаламызды жаңа қызықты жобаларыммен қуантамын», — деп сендірді.