орнамент

Зейнетақы өсті ме?

Редакцияға келген бірінші хатта былай делінген:
«ІІ топтағы мүгедекпін. Қазан айында әдеттегі алатын жәрдемақымның артқанын байқадым. Жәрдемақы мөлшері өсті ме? Енді үнемі осылай бола ма?». Екінші хатты зейнеткер әжей жазыпты: «Қарттар күніне зейнеткерлерге ақша беріпті деп естідім. Менің зейнетақым сол қалпы. Бұл қалай болғаны? Біреуіне беріп, біреуіне бермей қойғаны несі?!». 

Толығырақ
орнамент

Арманның үміт отын жағайық!

3 жасар Арман – анасы Рыстының мойнына бұршақ салып құдайдан тілеп алған баласы.  Ұзақ күткен перзенті болғандықтан ба, ұлы десе шығарда жаны бөлек. «Қайтқан малға қасқыр өш» дегендей, Рысты алдында тағдырдың қатал сыны күтіп тұрғанын білмеп еді. Былтырғы күз оның өміріне қатал сын әкелді. Қайынапасы Гүлнәрдің үйіне кіш-кентай Арманын жетелеп қонаққа барған еді.

Толығырақ
орнамент

Қол ұшын берулеріңізді сұраймыз!

Сіздерден 2015 жылдың 8 қазанында туған қызымыз Омарбек Дария Нұрланқызына материалдық көмек көрсетуді сұраймыз. Қымбат ота жасалмаса, қызымыздың есту қабілетінен айырылып қалу қаупі бар. Туғаннан Дарияны оң жақ микротия және құлақ қуысының атрезиясы мазалайды. Осыған байланысты оның есту қабілеті бұзылған. Дарияның сыртқы құлағы жоқ. Оның құлақ қуысы болуы тиіс жерінде сүйек орналасқан. Құлақ сүйегі дұрыс дамымаған және жартылай жоқ. Дария сүйек арқылы ішкі құлақтағы сұйықтыққа діріл беретін, сүйектен өтетін есту аппараттарының көмегімен ғана ести алады. Бала өскен сайын бас сүйегі қатайып, дыбысты баяу өткізетіндіктен, есту аппараттарының көмегі болмай қалады. Яғни, ота жасалмаса, таскереңдік пайда болады. Ол қазір 30 пайыз ести алады, екінші құлағы сау, 100 пайызға естиді. Дарияның есту қабілетін сақтап қалу үшін АҚШ-та қымбат тұратын ота жасату қажет.

Толығырақ