орнамент

Қатал, әділ әрі мейірімді

Менің атым — Айдар, мен парасатты әйел, мейірімді әже – Жеңіс Шанаққызы Мейірманның немересімін. Әжем туралы сыр ақтарсам, сарқылмас бұлақ сияқты, себебі оның менің тәрбием мен тұлға ретінде дамуыма, өміріме тигізген ықпалы орасан. Сол үшін әжеме өмір бойы қарыздармын.

Толығырақ
Изображение 069

Еңбегімен елеулі Ерболат

«Жүйрікте  де  жүйрік бар, Қазанаты бір бөлек. Жігітте де жігіт бар, Азаматы бір бөлек». Өмірде қарапайым қалпымен-ақ қадірлі адамдар бар. Олар өздерін көрсетуге ұмтылмайды, бірақ адамдық қасиетімен төңірегіне төредей көрінеді.  Кісілігімен көпті сүйсіндіріп жүрген сондай азаматтардың бірі -  «Богатырь Көмір» ЖШС «Богатырь» жүк тиеу-көлік  басқармасының бас технологы Ерболат  Қайриденұлы  Қоңырбаев. Ерболат Баянауыл ауданы Жаңажол  ауылында…

Толығырақ

Қыдыр ата өмір сыйлады!

Өткен жылдың желтоқсанында  Павлодар қаласындағы «Веснет» диагнос-тикалық орталығы жерлесіміз Айгүл Әкішеваның бауырында 4 бірдей жара (киста) пайда болғанын анықтады. Әрқайсысының ұзындығы  — 6 см. Айгүл көп ұзатпай еліміздегі бас гастроэнтеролог, профессор  Роза Бектаеваның қарамағында 2 ай емделеді. Биыл сәуірдің аяғында Роза Рахымқызы Айгүлге: «Бауырыңдағы жара қауіпті. Асқынып кетуі мүмкін. 19 нау-рызда бауырыңа ота жасаймыз», —…

Толығырақ

Біздің инспектор

Соңғы 10 жылда Абай атындағы №28 жалпы орта білім беретін мектеп құқық бұзу-шылықсыз мектеп қатарында келеді. Мектебімізде «қиын бала» есебінде тіркелген оқушы жоқ. Мұндай нәтижеге жетуімізге мектептің тәрбие жұмысына үлес қосып жүрген ювеналды полиция тобы мүшелерінің де үлесі зор деп білеміз.  Полиция капитаны А.Малдаханова мен Д.Қалықова ерлер атқаратын қиын да қауіпті істі абыроймен атқарып жүр.…

Толығырақ
орнамент

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Құлакөл ауылында Әшім қожа мешітінің салынғанына 7 жыл толды. Ораза қарсаңында ауыл тұрғындары, әкімдік ұжымы, үй шаруашылығындағы әйелдер, жастар мешіт үйін сылап, ішін жайнатып жіберді. Мешіт қоршаулары да сырланып, алаң асфальтталды. Бұл мақсатта қолданылған бояу, цемент, басқа да материалдар ауыл тұрғындарының қайырымдылық есебінде жинаған ақшасына және мешіт садақасына алынды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген емес…

Толығырақ

Ерболат пен Еламан

Абай атамыз «Ақындық – Алланың адамға берген сыйы» деген екен. Яғни, бұл бойыңа бала жасыңнан, анаңның сүтімен бірге даритын қасиет деген сөз. Бірақ, өкінішке қарай, өлең деген қазір зейнеткерлер мен еріккендердің ермегіне айналып барады. Бұл – мәртебелі поэ-зияны ашықтан-ашық қорлау деген сөз. Бірақ біздің қоғам оған қарап жатқан жоқ.

Толығырақ
орнамент

Мешітте қосымша зал ашылады

Мұсылмандардың үлкен мейрамдары – Ораза және Құрбан айт күндері мешітімізде  халық көп жиналады. Намазхандар жамағат болып намаз оқығанда мешіттің ішіне сыймағандықтан, кіреберісте, дәлізде, тіпті сыртта тұруға мәжбүр болады.

Толығырақ
орнамент

Үйге жылу берілді

2011 жылғы мамыр айында бізге «Штоппель РС» фирмасы үйге жылу тартуды рәсімдеу үшін жинауға қажетті бір папка құжат тізімін берді. Ахматов, Ақмола, Дөнентаев көшелеріндегі 9 үйдің иелері сол құжаттарды жинап, жаңа құбырлар сатып алдық. «Екібастұз жылу желілері» «ПТС» АҚ-ынан сызбалар алып, сол сызба бойынша ұзындығы 800 метрлік екі қатар жылу құбырын жер үстімен тартатын болдық.

Толығырақ
SAM_0065

Норвегияда кәсіптік білім — тегін

24 қараша күні Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен-техникалық колледжіне Норвегияның Қазақстандағы елшісі Оле Йохансом Бернойдың басқаруымен норвегиялық делегация келді. Қонақтар колледждің мұражайында оқу орнының тарихымен танысып, «Әлеуметтік серіктестіктің білікті кадрлар даярлаудағы мүмкіндіктері» тақырыбында өткен дөңгелек үстелге қатысты.

Толығырақ