орнамент

Біздің мақсатымыз – мүгедектерді қоғамдық өмірге бейімдеу


Еліміздің стратегиялық мақсаты – құқықтық, демократиялық, азаматтық қоғам орнатып, дамыту. Тек мемлекеттік органдардың жұмысымен бұл мақсатқа жету қиын. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ҮЕҰ-дардың қызметін жоғары бағалап, үнемі қолдап отырады.

Толығырақ
орнамент

«Әр нәрсені жаңаша пайымдау керек»

Амангелді Елтін 1949 жылдың 10 мамырында Павлодар облысы  Куйбышев  (Ақтоғай) ауданындағы  Харьков  ауылында  туған. 1970 жылы Павлодар  педагогикалық  институтын тәмамдады.  Мамандығы – математик. Еңбек  жолын  Коминтерн  орта мектебінің  математика  мұғалімі  болып  бастады.

Толығырақ

Адасқан сананы оң жолға салу оңай емес

Бүгінде Қазақстанда 3600-ден аса діни бірлестік тіркелген. Діни бағытта 70-тен аса бұқаралық ақпарат құралдары басылады. Сондай-ақ, интернет-ресурстар мен діни телеарналар да бар. Діни бірлестіктер ел аумағында қызмет атқаратын 18 конфессияға қарайды. Аталған діни субъектілердің екі жарым мыңнан астамы ислам бірлестіктері, 300-дейі православие дінін ұстанатындардікі. Бірлі-жарым мармондықтардың, муниттардың, кришнаиттар мен католиктердің де үлесі бар. Қазіргі кезде…

Толығырақ

Астана баруға неге құштармыз?

Астана бас қала болғалы сол шаһарда тұруды армандамайтындар кемде-кем. Көшуге мүмкіндігі болмаса да, арман қаланы көріп қайтуға ұмтылатындар көп. Өйткені, Астана келбеті – ұлт келбеті. Астана – Отанымыздың жүрегі. Астана – біздің үмітіміздің символы, өз күшімізге деген сеніміміздің, болашақтың символына айналды. Астана – Қазақстан халқының орындалған үміті мен арманының көрінісі. Бағлан Әлішеров, түлек: Менің болашағым…

Толығырақ
DSC_0431

Салафиттер сөзіне илану – жат ағымға бой алдыру

«Алтау араз болса, ауыздағы кетеді» деп, ата-бабаларымыз татулықты ұрпағына өсиет еткен. Қазақ елі тәуелсіздік алған ширек ғасыр ішінде де басты құндылық — бірлігіміз нығая түсті. Әйтсе де, соңғы жылдары ел ішіндегі діни хал-ахуал алаңдаушылық туғызып жүргені белгілі. Ақтөбеде діни экстремистер жасаған қанды қылмыс қауіптің бекер еместігін көрсетті. Әрине, дәстүрлі дінге ұйыған жұрттың мысқалдай жазығы жоқ,…

Толығырақ
IMG_2325

Бұралқы ит көрсеңіз, Асхатқа хабарласыңыз!

23-шағынаудан тұрғыны Сүйкен Байшин ақсақал біздің редакцияға бұралқы иттер мәселесін алға тарта келді. «Балаларымыз көшеге шығудан қалды. Топтасып жүрген бұралқы иттер балаларды қауып, жа­зым ете ме деген үрейден арыла алар емеспіз. Бұралқы ит-мысықтар неге ауланбайды? Бұған кім жауап береді?» — деп назаланды.

Толығырақ
орнамент

Халық қалаулысы түсінік берді

Қазақстанның бірнеше аймағына үкіметтің ауыл шаруашылығы жерлерін аукцион арқылы сату және шетел-діктерге жалға беру мерзімін ұзарту мәселесін түсіндіру үшін жұмыс тобы шықты. Осы мақсатта Достық үйінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Айқын Қоңыров үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен жүздесіп, Жер кодексіне енгізілген өзгерістерге түсінік берді. Сонымен бірге, «Мәңгілік ел» жобасы туралы әңгімелеп берді.

Толығырақ
орнамент

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КОНЦЕРТІНЕ АТАҚТЫ ӘНШІЛЕР КЕЛМЕДІ

Біз газетіміздің өткен сандарының бірінде (№14 /1316. 2016 ж. 7 сәуір) екібастұздық волонтер Владимир Кондрашовтың қоғамдық пошта арқылы ауыр сырқатқа шалдыққан бүлдіршіндерге көмек қолын созуды сұрағанын, алғашқылардың бірі болып мәскеулік «Лейся песня» және «Красные маки» вокалды-аспаптар топтарының және павлодарлық әнші Серік Мусалимовтың үн қосқанын, 19-20 сәуірде «Өнер» ҚМО-да қайырымдылық концерттерді өткізуге шешім қабылдағанын жазған едік.

Толығырақ
DSC_6914

Қазақ тіліне қарсы күрес 30-шы жылдардан басталды

Қаламыздағы тарихи-өлкетану мұражайының ғылыми қызметкері Марат Өтеубаевтың есімі Кереку өңіріне ғана емес, елімізге жақсы мәлім. Ол Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетінің тарих факультетін бітірген. Тарих ғылымдарының кандидаты. Ресей Жаратылыстану академиясының профессоры. 200-ден аса ғылыми мақаланың авторы.

Толығырақ
орнамент

Белсіздік – ұрпақ тамырына шабылған балта

Ұрпақ сүю адам өміріндегі ең үлкен бақыт десек, артық айтқандық болмас. Ал бала сүйе алмауға не кедергі? Шаңырақ көтергеніне көп болса да бір шикіөкпеге зар болып жүргендер қаншама? Мұндайда бар кінәні әйеліне артып, өз денсаулығында кінәрат бар-ау дегенді қаперіне де алмайтын еркектер жоқ емес. Олар уролог-дәрігерге көрінуді ар санайды.

Толығырақ