Қожалар ислам дінін уағыздаған

Исабек ишан   Алыстан кесенесі көз тартады, Сағымға оранып ап мұнартады. Қожалар мәңгі жатқан Қылдыкөлде Боз жусан, қоңыр қурай сыр айтады. Алланың сынағы деп дүние жалған, Бұл маңда Исабек ишан ізі қалған. Ислам дінін уағыздап, тыным таппай, Адамды жын-сайтаннан аластаған. Түрменің дұға оқып, құлпын ашқан, Ақыл-ой, кісілігі жұрттан асқан. Нұр дидарлы жүзінде уайым жоқ, Намазын…

Толығырақ

Мерейтойға арнау

Тумаса да жарқылдап жасын өлең, Құймаса да шелектеп тасып өлең. Отыз жылдық тойында кентіміздің Жыр тұлпарды додаға қосып көрем. Қала тектес кентімнің шырайы ашық, Нар жігітпен сұлу қыз қолтықтасып. Бағында ұлы Абайдың отыр, әне, Орыс, қазақ қарттарым жарқылдасып. Татулықтың көтерген туын биік, Жас өскінім, сендерге басымды иіп. Айға барып қонғандай қуантады, Жүргендігі өзге ұлтпен қосып…

Толығырақ
11204938_946634678712070_8220909934249760431_n

Ақын және мүсінші

(Мүсінші Баян Қайнышеваға) Әуелеп  Сарыарқаның самала әні,  Ертіске жұлдыз   нұры жауады әлі! Аллаға шексіз мадақ, Топырақтан Жаратқан Адам ата,  Хауа ананы!!!   Баянға үш жұртынан –  үш қайнардан Бақ  дарып, Ұлы  өнерді  ұстай алған. Гипстің түп атасы  топырақ қой, Ырқымен мүсіншінің бюстке айналған!..   Таба алмай тас төбемде  ғарыш тыным, Дәл мендей өз-өзімен қауышты кім!…

Толығырақ
орнамент

Соғыс тұтқыны қалай легионер атанды?

Алматыда Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық мемлекеттік университетінің журналистика факультетінің дипломын алған күні достарым: «Сен екі бірдей университетті тәмамдадың. Біріншісі – мемлекеттік, екіншісі – Хамза Абдулиннің университеті»,- деп құттықтаған еді. Содан бері ширек ғасырдай уақыт өтіпті. Ол уақытта журналистика факультеті Қазақстанда біреу ғана болды: Алматыдағы Киров атындағы ұлттық мемлекеттік университетінде.

Толығырақ
орнамент

Жол күнделігі

Жол. Адам өмірінде сан мың шақырым жол жүреді. Жолға шығудың  себебі де әр түрлі.  Қыдыру, іссапар, торқалы той, топырақты өлім. Біріне буынып-түйініп жайланып, енді біріне шұғыл жиналып аттанасың. Орайына қарай не жеңіл көлікке, әйтпесе ұшақ не пойызға мінесің. Сапарлас серіктерің де әрқилы. Ашық, жайдары, томаға-тұйық. Әйтсе де, дана ата-бабамыз тауып айтқан, «жылқы кісініскенше, адам сөйлескенше». Мұндайда, әсіресе, пойыз ыңғайлы-ақ. Жолаушы көп, жол ұзақ. «Қалауын тапсаң қар жанар» демекші, жата-жастана келе әңгіменің тиегі ағытылады. Бұл жолы да солай болды.

Толығырақ
орнамент

Сталиннің алдында намаз оқыған

Жыр алыбы – Жамбылдың атасы Ыстыбай атағы алысқа кеткен, ел басқарған адам болыпты. Өз әкесі Жапа да үйір-үйір жылқы, отар-отар қой айдаған дәулетті адам болса керек. Халық кейін Жабай деп атап кеткен оны Кеңес өкіметі сол кездің саясатына сәйкес кедей, жұпыны тұрмысты адам ретінде көрсетіп келген.

Толығырақ
орнамент

Сөйлемдер «сөйлейді»

Пошташы әйел «Тіл тұғыры», «Алқап» және «Киелі мекен»  басылымдарын үстелдің үстіне тастай салды да, шығып кетті. Мүйізі қарағайдай үш бірдей республикалық басылымнан үш сөйлем баяу бас көтеріп, бір-біріне қарап сөз бастады.

Толығырақ
орнамент

Тың деректерімен таңғалдырды

Журналист Рауза Мұсабайдың «Отарқа» газетінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы №50 санында жарияланған «Көмбелі көкірек немесе абайтану турасындағы толғаныс» деген мақаласын оқыдым. Менің одан алған әсерім керемет. Өзімді қазақ тарихының беймәлім тұңғиығына сүңгіп кеткендей сезіндім. Әрине, Кеңес өкіметі тұсында өз тарихымызды оқытпады және онымен қоймай «Қазақтың тарихы бұрын болмаған, тек қана Октябрь революциясынан кейін ғана басталды»,– деп ұғындырды. Соның салдарынан тарихымызды жетік білмей, шала түсінік қалыптасты. Енді тәуелсіздікке қол жеткізген соң қалам ұстай білетін, көкірегі ояу жас буын өз тарихымызға қайта үңіліп, қазақтың кім болғанын жазып, бұқара халыққа таныту үстінде. Рауза Молдайыпқызының көлемді әрі маңызды мақаласы қалың оқырман көңілінен шыққаны анық.  Әрине, әңгімені айтқан қаламгер Бекен Исабаев болғанымен, оны жүйелі түрде бізге жеткізу — журналист шеберлігі.

«Абай інісі Оспан өлген соң әмеңгерлік жолмен оның әйелі Еркежанды алған. Сонда екі жыл Әйгерімнің отауын ашпапты. Оны елдің бәрі біледі. Сол кезде Әйгерім бір қыз туыпты»,–деп келтіреді. Міне, қызық. Бір кезде Абай бір көргенде құлап түсіп, өлердей ғашық болған Шүкімәннің осындай болғанына таң қалдым. Мұхтар Әуезов өзінің романында Абай досы Ербол екеуі ауылға қайтып келе жатқанда сол Шүкіман туралы «бұл не деген көрікті сұлу қыз, нағыз керім екен, енді оның атын Әйгерім қояйық» деп жазғанын білуші едік. Өнегелі атанған сол Әйгерімнің опасыздығын, Абайды жерге қаратқанын бірінші рет оқып білдік.

Тың деректің тағы бірі — Біржан мен Сараның айтысына қатысты болып отыр. Бұл айтысты оқымаған және олардың сөздерін мадақтап, көкірегіне құймаған адам қазақ елінде жоқтың қасы. Ал Біржан мен Сараның айтыспағаны және екеуінің атынан Әріп деген ақынның сол айтыс өлеңді жазғаны өте таңқаларлық іс емес пе?

«Абайды орыс өлтірді. Сабады. Оразбай секілді есігінен қарай алмайтындар үйін тінтті. Біржанды жындандырып, Ақанды мәңгіртіп жіберді. Соның бәрі орыстың қолымен жасалды», – делінген. Бұл да бұрын-соңды естімеген тың дерек. Мұхтар Әуезовтің  сол заманның ағысына байланысты нағыз шындықты жазып көрсете алмағаны бәрімізге аян.

Толығырақ