Ешқашан кеш емес

Қыс. Кешқұрым аяқ астынан жарық жалп етті. Үй ішін қараңғылық басып абдырадық та қалдық. Май шамның жарығымен телефон анықтамалығын тауып, шұғыл апаттық қызметке хабарластық. Обалы нешік, көп күттірмей есік қоңырауы шырылдады. Екі жігіт келіп тұр. Ілесіп ортақ алаңшаға шықтым. Электр қалқанын ашқан соң, екі жігіттің бірі: «Сым тұйықталып, жарық өшкен, қазір қайта жалғаймын», — деді.…

Толығырақ

Саябақтағы ару

- Айналайын, сен сәл бөгел-ші,-деді жасы алпысқа таяп қалған ұстазы Александра Евгеньевна Арданаға қарап. Дәптерін сөмкесіне енді сала берген Ардана сәл аңтарылып қалды. Қыз баланың әлденеге алаңдап жүргенін байқаған оқытушы оны әңгімеге тартты. Психологиядан сабақ беретін Александра апайдың  қырағы көзі ештеңені қалт жібермейді. «Александр Евгеньевна адам-ның ойын көзінен ұғады. Әрі дөп басады. Арғы атасында бақсылық…

Толығырақ

АРМАНДА КЕТКЕН АҒА ЕДІ…

Сонау тоқсаныныншы жылдары Ертіс-Кереку өңірінде ұлттық жәдігеріміз боп саналатын ақындар айтысы қайта жаңғырып жатқанда жарқ етіп сахнаға шығып, ел мерейіне бөленген өнерпаздардың бірі марқұм Қыдырбай Бекахметов болатын. Ауыл шаруашылығының әр саласында еңбек еткен Қыдырбай — табиғи дарынның арқасында осы төңіректе айтыс өнерінің қайта дамуына өз үлесін қосқан адам. Кейін дәм айдап, көршілес Ерейментау ауданының Қойтас ауылына көшіп барып, шаруашылықта еңбек ете жүріп, домбырасын қолынан тастамай, ол жақта да халықтың сүйіспеншілігіне бөленіп еді.  Бірнеше мәрте аудандық, облыстық ақындар айтысының жеңімпазы болды. Бірнеше мәрте республикалық айтыстарға арнайы шақырылып, абыроймен оралғаны есімізде. Бүгінде айтыс өнері барынша жасарып, басқа бір деңгейге көтерілді. Қазіргі жастар бір кездері Қыдырбай секілді адамдардың осы өнердің бастауында болғанын да біле бермейді. Жылдар жылжыған сайын, өмірден ертеректеу озған абзал азаматтың есімі де ұмытылып барады. Қыдырбай Бекахметұлының туғанына биылғы мамырда 70 жыл болды. Ақынның аруағы риза болсын деп, бір топ өлеңдерін назаларыңызға ұсынғанды жөн көрдім.

Сайлау Байбосын

Толығырақ

«Өнердің жаққан шырағын…»

Қазақтың маңдайына біткен біртуар әнші, ақыны Естай Беркімбайұлының туғанына — 140 жыл. Қаламыздағы №5  мектепте дүлдүл Естайдың ұлылығын ұлықтауға арналған «Өнердің жаққан шырағын» атты әдеби-сазды әдемі кеш өтті. Салтанатты жиынға қаламыздың ұлағатты ұстаздары мен оқушылары қатысты.

Толығырақ

Астанам – әнім

Биікке самғай қырандайын көсілдің, Мерейін елдің көркіңмен сұлу өсірдің. Бүкіл әлем аударды саған назарын, Ғажайып қалам, жағасындағы Есілдің. Қол жетпес биік жер жұмағы, асқағым, Заман тыныш, нұрлы да ашық аспаның. Көрікті болып көркейе бергей күн санап, Өзің боп шырқар ән менен жырым – дастаным. Жер жәннатын Сарыарқадай тұрақ қып, Көкке самғай ел мерейін мұрат қып.…

Толығырақ

Тәуелсіздік

Тәуелсіз елім бар,

Кең байтақ жерім бар.

Қанаты талмаған

Қыраны самғаған.

Көктегі байрағым –

Өрлігім, айбарым.

Татулық жасасын,

Бұзылмай қаймағың.

Ажар Мүсілімова,

ЕКИнЕУ студенті

Отан

Отаным – бақыт ордасы   Отан   Отан – менің жүрегім, Жарқыраймын, күлемін. Әрбір адам Отанын Сүю керек – білемін. Мадақтаймын, мақтанам, От құшағы – бақ маған. Отанымның төрінде Шын көңілден шаттанам. Отан – Ана, Отан – дос, Жастық шақта жүрме бос. Гүлдендіріп сен оны, Көркейтуге үлес қос! Көгінде қыран самғаған, Қырында еңбек қайнаған Отанымды…

Толығырақ

«Тсс-с! Кәмиссиә келе-е-е- жатыр»

«Кәміссиә келе жатыр» дегенді естігенде, Пістегүлде дегбір қалмады. Әр папканы түгендеп, ұйқы-күлкіден қалды. Үйде қағаз жазатыны аздай, енді оқушылардың 45 минутын да «ұрлауға» көшті. Сабақ арасында жеке қағаздарын толтыру оның күнделікті әдетіне айналды. Қайбір  баға қуған балалар мұғалім сабақ сұрап үлгермесе, реніштерін білдіріп, үзілісте сабақ сұрауын талап ететін болды. Аз ғана үзілісте тынықпағандықтан ба, Пістегүлдің де жүйкесі сыр берді. Бірді-екілі баланың ата-анасына ескерту жасап көріп еді, шапылдап бетінен алды: «Сіз қағаз толтырғанша, балаларға білім бермейсіз бе? Үлгермесеңіз, ол  өз шаруаңыз! Дұрыс көңіл бөлмесеңіз, Гороноға шағымданамыз».

Толығырақ