орнамент

Талап баршаға бірдей

3 қазан күні қала әкімі қаланы көріктендіруге қатысты тағы бір жиын өткізді. Жиында, ең алдымен, тазалық айлығы аясында өткізілген екі сенбіліктің нәтижесі қорытындыланды. Нақтылай айтқанда, қала басшысы Нұржан Әшімбетов бұған дейін тындырылған жұмысқа ризаемес.

Толығырақ
DSC_9162

Қара шаңырақтың құты

Аңсаған атамекені – Қазақ еліне табаны тигелі жиырма сегіз жыл болыпты. Сол жылдар ішінде әуелгіде өздерін жатсынбай қарсы алып, бауырына басқан тұрғылықты жұртпен тонның ішкі бауындай араласып-құраласып, әбден сіңісіп кетті. Моңғолияның Қобда аймағында туған қызыл қарын жас балалар атажұртта жетіліп, қатарға қосылды. Бүгінгі күні түрлі салада кәсіп қылып, ырыздығын тауып жүр.

Толығырақ
42271829_2235653806506570_4397404409198280704_n

Әлі немқұрайдылық басым

15 қыркүйек пен 15 қазан аралығында өңірімізде тазалық айлығы жарияланғаны белгілі. Әр сенбіде «қаруын» асынған тұрғындар шаһар шырайын арттыруға атсалысуда. Алайда алақандай жерді сыпыруға ерінетіндер де аз емес. Өткен аптада қала әкімі Нұржан Әшімбетов көшелерді аралап, тазалық жұмыстарының барысымен танысты. Бірден айту керек, әр жерде сыпыртқы ұстаған екі-үш адам болмаса, жарыса еңбектеніп жатқан ұжымды көре алмадық.

Толығырақ
орнамент

Еуразиялық экономикалық одақтың «Аттракциондар қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті күшіне енеді

Еуразиялық экономикалық одақтың (EЭО) техникалық регламенті қолданылуы кезінде адамдарға «RV-1, RV-2 немесе RV-3 әлеуетті биомеханикалық тәуекел дәрежесін тудыруы ықтимал жылжымалы және стационарлық аттракциондарға қойылатын қауіпсіздік талаптарын белгілейді.

Толығырақ

Электр энергиясын ұрлау: қосылу, анықтау, қайта есептеу

Көптеген азаматтар үшін «тегін» электр энергиясын қолдану үйреншікті жағдай болып табылады. Кейбіреуі оны өзі қосып алса, басқалары ойын көнбіс электрик арқылы жүзеге асырады. Шындығы сол, энергия ағыны есептеу құралдарын айналып өтіп, пәтерлерге, үйлерге, тіпті ұйымдарға заңсыз жеткізіледі.
Электр энергиясын ұрлаудың бірнеше тәсілі бар. Оларды жүзеге асыру ерекшеліктерін нақты түсінгенде электр энергиясын ұрлағандарды табу оңайға түспек.

Толығырақ
Likiyskaya-grobnitsa-v-skale

Жұмбақ қақпаның ар жағы…

Түркияның Фетхие қаласы – жартастарының қойнына небір жұмбақ сыр, тарихи жәдігерді бүккен шаһар. Мұнда жолы түскен адамның ең алдымен түріктің қызыл туы желбіреген биік-биік жартастағы жұмбақ қақпаға көзі түсер еді. Ол — жай қақпа емес, кезінде жартастардан ойып салынған молалар. Алыстан менмұндалаған алып қақпа да тас қашау өнерінің таңғажайып үлгісі.

Толығырақ
қолжазба

Екібастұзда да лагерь болған…

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінде екібастұздықтар «Шахтер» саябағына жиналды. Нәубет жылдар құрбандарына арналған ескерткіштің алдында ашылған азалы митингте мәслихат хатшысы Болат Құспеков, қалалық  мешіттің наиб имамы Қайролла Әбілдәбек ел үшін жан қиған Алаш азаматтары туралы айтты. Проиерей Игорь Попов қуғын-сүргін жылдары босқан жұртқа пана болған қазақ халқына алғыс білдірді. Музей қызметкері Жадыра Наурызбае-ва ақтаңдақ жылдар тарихынан сөз қозғады. Бір минут үнсіздіктен соң  жиналған жұрт ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Толығырақ
IMG_6832-2

АУЫЗАШАР БЕРДІ

«Алланың өзі де рас, сөзі де рас» дейді Абай хакім. Алланың сөзі — Құран-Кәрімнің Бақара сүресінде: «Рамазан – адамдарға тура жолды нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтынатын дәлел ретінде Құран түсіріле бастаған ай» делінген. Жүрегіне иман ұялатқан мұсылман қауым Рамазан айы туғанда бес парызының бірі – ораза ұстап, ауыз бекітеді. Ал ауыз бекіткен адамдарға ауызашар берудің сауабы мол. 

Толығырақ
big-fethiye

Фетхие: поэзия мерекесі БАТЫР ҚАЛАҒА БАРҒАНДА

Биылғы жыл менің есімде Түркия сапарымен қалмақ. Түркияның Фетхие қаласында өтетін дәстүрлі халықаралық өнер фестиваліне шақырту келген соң, Астана — Анталия бағытына ұшаққа билет алдым. Ұшу кестесіне сәйкес, 9 мамырда таңнан кешке дейін Мәскеу қаласын аралау мүмкіндігі туды. «Батыр қала – Мәскеуге қош келдіңіздер!» деген борт қызметкерінің дауысын ести сала, қалаға жетуге асықтым. Арманым –…

Толығырақ
орнамент

Еңбегін елге арнаған

Ауыл шаруашылығы саласының ардагері Ораз Балташев – облымыздың төл құрдасы. Павлодар облысының ауыл шаруашылығын дамытуға зор үлес қосқан Ораз Құлыбекұлы – «Құрмет белгісі» ордені, «Еңбек ардагері» медалі, көптеген құрмет грамоталары мен төсбелгілерінің иегері. 19 мамырда сексеннің сеңгіріне шыққан ақсақалды қала әкімі Қ.Нүкеновтің атынан ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Абай Хакимов пен қалалық мәслихат депутаты Серік Сәдуақасов құттықтап, гүл шоғы мен сыйлығын ұсынғанда бойын қуаныш кернепті. Еңбек ардагері Ораз Құлыбекұлы көп жылғы адал еңбегінің еленгеніне көңілі марқайып, жүрегі елжірегенін жасырмады.

Толығырақ