орнамент

Ит махаббат

Қалалық саябақта ерсілі-қарсылы өтіп жатқан жастар. Кішкентай қанденін көтеріп алған бойжеткен орындыққа жайғасып еді, қасына алабай итті жетектеген жас жігіт келіп тізе бүкті.

Екі ит бір-бірін көргеннен ырылдасып жатыр.

Толығырақ
10бет,

«Қазақ даласы маған қымбат…»

Тарам-тарам жыртылған жер сияқты Қазақстан тарихында өшпес ізі қалған кезең – тың және тыңайған жерді игеру болды. 1954 жылдан бастап бүкіл Кеңес Одағының халқы жұмылдырылған тың игеру Қазақстанның экономикалық жағдайын көтеріп, ауылшаруашылығын қарыштатып дамытты.

Толығырақ

ҚҰТҚАРУШЫ ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ

Біреуге көмектесу — кісіліктің белгісі. Ал әр күн сайын жақсылық жасау — құтқарушының қызметі. Өз өміріне қауіп төнсе де, басын бәйгеге тігіп, барын салатын қарапайым жандардың ержүректігіне риза боласыз. Олардың сағат сайын атқаратын істерінің маңыздылығы мен мәнділігі өз алдына.

Толығырақ

Дәрігерлер әбігер болды

Жаңа жыл қызығы мен шыжығы қатар жүретін мереке. Әсіресе қарбаласы көп жаңа жыл түнінде кейбір тұрғындар қарапайым сақтықты ұмытқан сияқты. Соның салдарынан бірқатар қалалықтар әртүрлі дәрежеде жазатайым дене жарақатын алып ауруханаға түсіпті. Желтоқсанның 31-і күні жедел жәрдем станциясына 129 шақырту түскен. Ал 1 қаңтарда шақырту көлемі екі еседей ұлғайған. Бұл күні тұрғындар дәрігерді 221 рет…

Толығырақ

Дулат ұстаздың белесі

Атығай орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дулат Жүністайұлы Тыныбековтың суреті Екібастұз қаласы әкімдігінің жанындағы Құрмет тақтасында тұр. Дулат мұғалім ондай құрметке әбден лайық. Неге десеңіз, оның шәкірттері биік белестерден көрінуде. Оқушысы Ақмаржан Тілеген қашықтықтан өткізілген республикалық пәндер олимпиадасында күміс жүлдегер атанды. Тағы бір оқушысы Мейрамбек Тілеген қалалық Абай оқулары сайысында ақынның 90…

Толығырақ

«Армансыз адам — қанатсыз құспен тең»

Сенбі Сатыпалдыұлы Кенжебаев — «Строй Бизнес-Екибастуз» ЖШС-нің директоры. Сенбі Сатыпалдыұлы 1964 жылдың 14 наурызында Ертіс ауданында дүниеге келген. Кәсіпкерліктің жілігін шағып, майын ішкен өз ісінің майталманы. Бастапқыда қолға алған кәсібі өрге баспай, банкротқа ұшырағанда да тауы шағылған жоқ. Қайта қиындыққа мойымай, қайрала түсті. Жігерлі жан жасымады, «Барлығын қайта бастаймын!» деп шешті. 2002 жылы «Строй Бизнес-Екибастуз»…

Толығырақ

МҰЗ ҮСТІНДЕ АБАЙ БОЛЫҢЫЗ

Қыста қала маңындағы суқоймаларға шыққанда қауіпсіздік шараларын сақтау қажет екендігін тиісті орындар үнемі ескертіп жүр. Әйтсе де тұрғындар бұған құлақ аса бермейді. Кәнігі балықшылардың өзі кейде мұздың ойылып кету қаупін қаперінен шығарып алады. Мұз айдынына шыққанда сақтық шараларын ұмыту қайғылы жағдайға соқтыруы ықтимал.

Толығырақ
DSCN2844

Адамгершілікті ту еткендер

Ұзақ жылдарғы еңбегі еленіп, мәслихаттың алғыс хатын алғандардың бірі -  Алтынсара Қайыркенова. Алтынсара апа зейнетке шыққанға дейінгі 10 жылын мұқтаж жандарға әлеуметтік қызмет көрсетумен өткізген екен. Ауыл тоз-тоз болып, халық жаппай жұмыссыздыққа ұшыраған тоқсанын-шы жылдары қалаға көшіп келіп, осы істі өзіне қол етіпті.

Толығырақ