Терек мамығы

Бұл мақаланы өрт қауіпсіздігінің ережесіне немқұрайды қарайтын адамдарға арнаймыз. Осы мәселеге тағы да ой салып қарайықшы. Міне, оқушылардың көптен күткен жазғы демалысы да келіп жетті. Оған қоса ауаға терек мамығы да ұшатын кез туды.

Толығырақ

СУҒА ШОМЫЛУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

Су қоймаларында адамдар балық аулап, суға түсіп дем алады, өкінішке орай ол жерлерде жыл сайын суға кететіндер де аз емес. Әсіресе, жақын жерде орналасқан Қ.Сәтпаев атындағы канал қызықтырады, ол жерде шомылуға тыйым салынған, өйткені ол ауыз суға арналған нысан. Канал бойынша су насосты агрегаттарға беріледі, агрегаттардың жұмысы кезінде су астында қатты ағым пайда болып, адамды…

Толығырақ

ЖІГІТТІҢ СЫРБАЗЫ ЕДІ…

Кешқұрым. Шідерті өзені бойындағы сыңсыған тал мен құрақты сүзіп жоғары өрлеген екі жігіт көңілді еді.  Жайшылықта бас қосыла бермейді.  Бүгін — күзгі аңшылық маусымы ашылған күн.  Қалыптасқан дәстүрге  берік Сәкең қаладан ауылдағы досы Ерекеңе жетуге асыққан. «Асыл адам айнымас» деген емес пе, екеуі бір-біріне құшақ жая ұмтылып, арқа-жарқа болды да қалды. Сәкең — Сағынтай Базыловтың  туып-өскен ауылынан Екібастұзға қоныс аударғанына біраз жыл болған, «Екібастұзкоммунсервис» кәсіпорнында бас инженер. Ерекең — Ержан Сағынтаев, Ақкөл ауылының әкімі. Екеуінің достығы сонау бір жылы 9-класта оқып жүргенде басталған, қазір жастары алпысқа тақап қалса да, араларынан қыл өтіп көрген емес. Жазда өзен-көл жағалап құс атса, қыста қоян мен түлкі қағып, аңшылық құмардан шығады. Туған жердің көрікті табиғатына жақын болу, дала кезіп ой кешу, әзіл-қалжыңы аралас әңгіме өрбітіп бой сергіту – мұның бәрі қос азаматтың мінез-құлқын жымдастырып, дүние танымы мен ұстанымын біріктіруші еді…

Толығырақ

Ерлік ұмытылмайды

Менің атам Ғафу Кәрімов 1939  жылы әскер қатарына алынып, 7 жыл майданда болған. Соғыстан аман-есен оралғаннан кейін жүргізуші болып, балаларды мектепке тасымалдап, адал еңбек еткен.

Соғыс және еңбек ардагері болған атамды мақтан етемін. Одан қалған орден, медальдар – мен үшін ерлік шежіресі.

Алтынбек Жақсылық, №2 мектептің 6-сынып оқушысы

Атамның жеңісі – менің жеңісім

9 мамырда 68-рет Жеңіс тойын тойлаймыз. Қанды қырғынды көзімен көрген қариялар да арамызда азайып барады. Ұлы Жеңіс халқымызға оңайлықпен келген жоқ. Ел басына күн туған шақта ата-әжелеріміз қайыспас қара нардай қайсарлық көрсеткен. Бүгінгі ұрпақтың бейбіт өмір сүріп жатқаны -солардың арқасы. Сондықтан біз соғыс сарбаздарын әрқашан құрмет тұтамыз. Осындай айтулы күні мен атам туралы естеліктермен бөліскім келеді.

Толығырақ

БЕЛГІСІЗ СОЛДАТ

Менің әжем соғыста хабарсыз кеткен тұңғышы жайлы арманын о дүниеге ала кетті. «Мінезі момын еді, әскерге кетерінде бір жәшік кітабы қалып еді», — деп жиі-жиі ауызға алғанын естігенде, көкірегі сағыныштан қарс айырылған кейуананың жан дүниесіне үңілген кім бар дейсіз.

Толығырақ

ЕРЛІК ШЕЖІРЕСІ – ҰРПАҚҚА ҰЛАҒАТ

Кешегі сұрапыл жылдарды басынан кешіріп, қан майданды көзімен көрген ардагерлер қатары жыл сайын сиреп келеді. Шежіре кеуде қарттардың сөздері -тарих. Бейбіт күннің қадірін олардан артық білетін жан жоқ шығар, сірә. Қазына-қариялардың айтқандары кітап бетінде ғана емес, жүректерде де жаттаулы. Ерлік шежіресі ұрпаққа ұлағат болған майдангерлердің хас батырлығына тағзым етуден танбақ емеспіз. Солардың бірі – Талғат Бапайұлы Ахметов.

Толығырақ

АТАМДЫ МАҚТАН ЕТЕМІН

Менің атам  Зейнолла Сүлеев 1925 жылы дүниеге келген. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда, ол он алты жаста екен. Атам 1942 жылғы желтоқсанда Қызыл Армия қатарына алынып, әскери қызметін он жетінші Армияның бірінші атқыштар құрамындағы №136 бөлімде бастайды.

Толығырақ

ӘКЕЛЕР ДАҢҚЫ ЖОЛЫМЕН

Инновациялық Еуразия университетінің Екібастұз колледжі «Кітапхана ісі» бөлімінің студенттеріне колледж оқытушысы, кітапханашы Ж.Б.Медеуова тарихи сабақ өткізді. Әңгіме арқауына еліміздің өткен тарихында өшпес із қалдырған Ұлы Жеңіс тақырыбы өзек болды. Бүгінде соғыс ардагерлерінің қатары сиреді. Біз оларды көрмесек те, ерлігін үлгі тұтамыз.

Толығырақ

СТАЛИНГРАДТЫ ҚОРҒАҒАН МАЙДАНГЕР

1937 жыл. Алматы қаласындағы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті химия факультетінің ІІ курсында оқып жүрген Сүлеймен Жоламановты қалалық әскери комиссариат шақыртады. Жас жігіттің құрыштай шыңдалған тұлғасына көз жүгіртіп өткен әскери комиссар оған Ресейдің Иркутск қаласындағы авиациялық — техникалық училищеге оқуға баратынын жеткізеді.

Толығырақ