20180830_125754

Мерекелік ән-шашу

Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Құлакөл және Құдайкөл ауылдарының өнерпаздары қаламыздың 22-шағын ауданы тұрғындарының назарына мерекелік концерт ұсынды.
Шараны «Ассалаумағалейкум» әнімен ашқан Адинай Исабекова көрермендерге «Мереке», «Атамекен» әндерін тарту етті. Құлакөл ауылдық клубының меңгерушісі Гүлнәр Қадырқызы «Екібастұз» әнін шарықтатып, «Старый клен» әнімен аға буынның көңілін жадыратты. Құдайкөл ауылдық клубының меңгерушісі Сәуле Бердіғалым, Тілекберген Закария «Ұлы Дала», «Бұлқынды жүрек» әндерін тарту етсе, Құдайкөл ауылының кішкентай тұрғыны Аяулым Сүйеніш «Қасиетті домбыра», «Туған ел» әндерін шырқады.

Толығырақ
орнамент

Жас маман тапшы

Қазір мал дәрігерлерінің басым бөлігі — егде тартқан адамдар, яғни, кеңес дәуірі кезінде білім алғандар. Жыл сайын Павлодар ауданындағы ауыл шаруашылығы мамандарын даярлайтын Красноармейка аграрлық колледжінен талай түлек түлеп ұшқанымен, көбінің ауылға барып еңбек еткісі жоқ. Бұлай жалғаса берсе, мал егетін адам таппай қалуымыз әбден мүмкін. Бұл мәселе қалалық әкімдікте жиі көтерілгенімен, өзгеріс шамалы. Қалалық ветеринария бөлімінің басшысы Қонақбай Тұрымтаевтың мәліметінше, бүгінде өңірімізге 4 ветеринар маман қажет. Ресми статистикаға сенсек, жыл сайын елімізде 500-600 жас ветеринар қолына диплом алса, соның 15-20 пайызы ғана ауылға жол тартады екен.

Толығырақ
Сұлтанмахмұт_Торайғыров

Ақын рухына тағзым

Өткен сенбіде Баянауыл ауданының Торайғыр ауылында ақын, ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жылдығы кең көлемде тойланды. Әсем табиғаттың аясында өткен мәдени-спорттық шаралар көптің көңілінен шықты. Әсіресе, салтанаты келіскен киіз үй-лер тойдың сәнін аша түсті. Облыстың қалалары мен аудандары, қала берді, Баянауыл ауданына қарасты ауылдар киіз үй тігіп, алтыбақан орнатыпты. Олардың қатарында «Шығыс» кенішінің ұжымы да бар. Екібастұздықтар киіз үйді ұлттық оюлармен безендіріп, меймандарға қонақжайлылық танытты. Киіз үйдің тартымдылығы сонша, той қонақтары кезек-кезек естелік суретке түсіп жатты.

Толығырақ
орнамент

Төртүйде екі үй салынуда

Екібастұз ауылдық округіне қарасты Төртүй ауылының тіршілігіне қан жүгіре бастаған сияқты. Бүгінде мұнда су құбыры тартылып, 2 пәтерлі екі үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Ауылға кіреберіс жол ретке келтірілуде. Қыстың қамын ойлаған шаруа қожалықтары мал азығын әзірлеуге мықтап кіріскен. 

Толығырақ
DSC_0122

Суармалы алқап – сапалы өнім кепілі

Өңірімізде мемлекеттік бағдарламалардың шеңберінде кәсібін дөңгелеткендер аз емес. Солардың бірі – Құдайкөл ауылында орналасқан «Рамазанов» шаруа қожалығының директоры Ерболат Әбдуәлиев. Суармалы алқапта картоп өсіруді қолға алған кәсіпкердің аяқалысы жаман емес.

Толығырақ
Айбар Касеналин

Жұрт білмейтін Ақбидайық

Қазақтың салқар даласында төбе де, төбешік те көп. Маңайындағы елдің көзі үйренгендіктен болар, елей бермейді. Бірақ әр төбенің ішіне бүккен сыры бар екені анық. Ондағы тұнған тарих көмбесін дала шарлап, бабалардың ізін қуған археологтар аршып алып, қалың жұртқа әйгілеп жатады. Құлакөл ауылы сыртындағы Ақбидайық шатқалы — көне дәуір ізі тасқа таңбаланған жер. Таяуда осы шатқалда «Жұмбақ жер» экспедициясы болып қайтты.

Толығырақ
DSC_0498

Мемлекеттік қолдау маңызды

Екібастұз өңірінде өркен жайып келе жатқан шаруашылықтардың бірі – «Анар» фермерлік шаруашылығы. Іскер азамат Серік Тельманұлы Сәдуақасов басшылық ететін қожалықта мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы қатар дамуда. Қарамағындағы жұмысшылар тұрмысына қолайлы жағдай туғызуды көздеген басшы С.Сәдуақасов шаруашылығында жаңа тұрғын үйлер тұрғызуды қолға алған. Алғашқы құрылыс нысанының іргетасы құйылып, қабырғасы қалана бастағанына көп уақыт бола қоймағанымен, құрылыс қарқынды. Кәсіпкер жылына бір баспанадан салып, жұмысшыларға арнап бес тұрғын үй тұрғызбақ.

Толығырақ
егін1-300×160

Бесқауғалық диқандар

Өңірдегі егін шаруашылығын сөз етер болсақ, ауызға алдымен бесқауғалық диқандар ілігеді. Әрине, бекер емес. Мұндағы «Болат» және «Тілек» шаруа қожалықтары сүйікті кәсібінен ешқашан қол үзген емес. Жер еміп өскен Темірәлі Чебентаев пен Рамазан Бейсембековті іздеген адам қазір  егіс басынан табады.

Толығырақ
DSC_0331

Мектеп келбеті

Біздің өңірдегі білім ошақтары келбеті уақыт тынысына сай. Оқу-тәрбие үдерісі сапасын арттыруға септігін тигізетін заманауи құрал-жабдықтар жеткілікті, мектептің ішкі-сыртқы көркі де көз тартады, еңбек етуге жағдай жасалған. Шиқылдақ ауылындағы Комсомол орта мектебінде де биыл көп өзгеріс бар. Ендігі сөз сол жайында. Қыс ішінде болған дауыл мектеп шатырын ұшырып әкеткенімен, арты қайырлы болды.

Толығырақ
DSC_0466

Құбыр тарту қарқынды

Биыл жаз өңірдегі алты елді мекенге ауыз су құбыры тартылатынынан жұрт құлағдар. Бозшакөл станциясы халқы енді Қаныш Сәтбаев атындағы канал суын ішетін болады.

Ауыз су құбыры торабының жалпы қашықтығы 11,292 километрді құрайды.

Толығырақ